Жалпы тарих және мұражай ісі

Кафедра меңгерушісі 
Отарбаева Гүлжан Кобеевна, 
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Мекен жайы: Шымкет қ., 160000, Т.Тәжібаев  көшесі  2, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, № 8 корпус, «Педагогика және мәдениет» факультеті, “Жалпы тарих және мұражай ісі” кафедрасы, 302 каб
Телефон: 8(7252)31-44-62

 

 

 

 

 

 

►Профессор-оқытушылар құрамы

Түзету әрекеттерінің жоспары

Кафедраның тарихы

Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы» Заңының 43  бабы  1  тармағы, 44  бабы  2 тармағы, Қазақстан  Республикасының  «Мемлекеттік  мүлік  туралы» Заңының  138  бабы  2  тармағы  және  оқу  орыны  Жарғысының  4  бөлімі  25  тармағы  талабын  басшылыққа  ала  отырып:«Педагогика  және  мәдениет»  факультеті  құрамындағы  «Жалпы тарих, археология және география»,  және «Кітапхана ісі»  кафедралары  негізінде  жаңа  атаумен  «Жалпы тарих және мұражай ісі»  кафедрасы  болып  қайта  құрылсын. 

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы:

Кафедрада 6 ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты, 3 профессор, 14 аға оқытушы, 7 магистр оқытушы қызмет атқарады. Кафедра оқытушылары университет, қала, облыс және республика көлемінде өткізілетін барлық тарихи-ғылыми іс- шараларға белсенді қатысады.

Кафедра келесі мамандықтан мамандар даярлайды:

Кафедра қызмет жасап келгеннен бастап оның сапалы құрамы мен материалды-техникалық базасы көтерілді. «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы қазіргі таңда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің Педагогика және мәдениет факультеті құрамындағы көп салалы мамандар даярлайтын кафедралардың бірі.   Кафедра 2001 жылы жұмыс атқарып келеді.6М020300 -  Тарихмамандығы бойынша магистратура ашылды, профессорлық-оқытушы құрамы сапалы дейгейде жаңартылды. Қазіргі таңда әдістемелік базасы жасалған.

Жаңа формация мұғалiмдерiнiң әзiрлеуi үшiн кафедралық пәндердiң сапалы сабақ беруi үшiн қажеттi қазiргi оқу-әдiстемелiк базасы жасалған. Кафедра оқытушыларымен типтiк бағдарламалар және оқу-әдістемелік кешендер дайындалған, оқу және оқу-әдiстемелiк оқу құралдары, әдiстемелiк нұсқаулар жаппай ЖОО-дың және республиканың орта бiлiм беретін мектептерiнiң тәжiрибесiне ендiріліп жарияланған.

 

 

5В011400- “Тарих” (педагогикалық)мамандығы

Академиялық дәрежесі- “Тарих” (педагогикалық)білім бакалавры

Біліктілігі: «Тарих пәнінің мұғалімі»

Мамандықтың сипаттамасы  Бітіруші мамандарбілім беру (педагогикалық) – орта және арнаулы мектептер, лицейлер, колледждер, гимназиялар және орта арнаулы оқу орындарында тарих оқытушысы;өндірістік басқарушылық - мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде (білім жетілдіру институттарында , баспаларда)  әкімшілік қызметке: оқу орындарында, (лаборант, кабинет  меңгерушісі) қызметте: кітапханада, мұражайда және мұрағаттарда қызметте;ғылыми зерттеу-гуманитарлық зерттеулер бағытындағы академиялық ғылыми-зерттеу институттары мен мекемелерінде кіші ғылыми қызметкерлер.

Оқу мерзімі–күндізгі бөлімде оқудың ұзақтығы-4 жыл.

Сырттай оқу бөлімінде орта арнайы білімі жоқ-5 жыл,

орта арнайы білімі базасы бар – 3 жыл,

жоғары білім базасы бар –2 жыл.

 

5В020300 – Тарих (гуманитарлық) мамандығы

Академиялық дәрежесі- “Тарих” (гуманитарлық)білім бакалавры

Біліктілігі: «Тарих пәнінің мұғалімі»

Мамандықтың сипаттамасы  Бітіруші мамандарбілім беру (педагогикалық) – жоғары оқу орындарында археологиядан, этнологиядан, алғашқы қоғам тарихынан, Қазақстанның көне және орта ғасырлық тарихынан оқытушы болу, орта мектепте, лицейде, колледжде, гимназия, тағы басқа арнаулы орта оқу орындарында мұғалім болу;өндірістік басқару – мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде басшылық қызметін атқару, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік басқару органдарында мәдениет, білім, ішкі саясат бойынша референт, кеңесші, сарапшы қызметін атқару. 

Оқу мерзімі–күндізгі бөлімде оқудың ұзақтығы-4 жыл.

Сырттай оқу бөлімінде орта арнайы білімі жоқ-5 жыл,

орта арнайы білімі базасы бар – 3 жыл,                   

жоғары білім базасы бар –2 жыл.

 

5В020800 –«Археология және этнология» мамандығы

Академиялық  дәрежесі- –«Археология және этнология» білім бакалавры

Біліктілігі: «Археолог, этнолог, археология және этнологияпәнінің мұғалімі»

Мамандықтың сипаттамасы:  Бітіруші мамандар білім беру (педагогикалық) – орта және арнаулы мектептер, лицейлер, колледждер, гимназиялар және  орта арнаулы оқу орындарында тарих оқытушысы;өндірістік басқарушылық - мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде (білім жетілдіру институттарында , баспаларда)  әкімшілік қызметте;

оқу орындарында, оның ішінде жоғары оқу орындарында (лаборант, кабинет меңгерушісі және тб.) қызметте; кітапханаларда, мұражайда және мұрағаттарда қызметте;ғылыми зерттеу гуманитарлық зерттеу бағытындағы академиялық ғылыми-зерттеу институттарымен мекемелерінде кіші ғылыми қызметкерлер.

Оқу мерзімі–күндізгі бөлімде оқудың ұзақтығы-4 жыл.

Сырттай оқу бөлімінде орта арнайы білімі жоқ-5 жыл,

орта арнайы білімі базасы бар – 3 жыл,

жоғары білім базасы бар –2 жыл.

 

5В041900- «Мұражайісі» мамандығы

Академиялық дәрежесі-«Мұражайісі» білім бакалавры

Біліктілігі: «Мұражайтанушы,Мұражай ісі пәнінің мұғалімі»

Мамандықтың сипаттамасы  Бітіруші мамандарбас қор сақтаушы; мұражай филиалының меңгерушісі;  құрылымдық бөлімше жетекшісі; реставрация шеберханасыныңмеңгерушісі;  мұражай директоры (мұражай-қорық, көркемдік көрмелер дирекциясы);қорларды сақтаушы;суретші-реставратор, суретші-дизайнер;экспозициялар мен көрмелер ұйымдастыру бойынша маман; экскурсия жүргізуші, мұражайлық білім беру және ғылыми-ағарту жұмысы бойынша әдіскер, мәдени мұра нысандарын зерттеу және көпшілікке таныстыру бойынша сараптамашы, құжаттамаларды есепке алу-сақтау бойынша маман; мұражай қорларын жабдықтау бойынша сараптамашы;мұражай заттары және мәдени мұра нысандарын сақталуын қамтамасыз ету бойынша маман; ғалым хатшы, мұражай электронды мәліметтер базасы редакторы;мәдениет және тарихи-мәдени мұра ескерткіштерді қорғау саласы бойынша жетекші маман, жалпы білім  беретін және арнайы мектеп, лицей, колледждер, гимназияларда мектеп мұражайы және өлкетану жұмыстарын ұйымдастырушы.

Оқу мерзімі–күндізгі бөлімде оқудың ұзақтығы-4 жыл.

Сырттай оқу бөлімінде орта арнайы білімі жоқ-5 жыл,

орта арнайы білімі базасы бар – 3 жыл,

жоғары білім базасы бар –2 жыл.

 

5В091000- «Кітапхана ісі” мамандығы

Академиялық дәрежесі-«Кітапханатану және библиография»білім бакалавры

Біліктілігі: «Кітапханашы,Кітапхана ісі пәнінің мұғалімі»

Мамандықтың сипаттамасы  Бітіруші мамандартүрлі кітапханаларда, ақпараттық орталықтарда, консалтингтік ақпараттық фирмаларда, жарнамалық агенттікте, архив және музейлерде,қызмет атқара            алады.Ғылыми-әдістемелік жұмыспенайналысу;ұйымдастыру-басқару;педагогикалық;ақпараттық;өндірістік-тәжірибелік;Соныменқатар, біліктіліг і жоғары жас мамандар колледждерде және жоғары оқу орындарында осы мамандықтар бойынша дәріс бере алады.

Оқу мерзімі–күндізгі бөлімде оқудың ұзақтығы-4 жыл.

Сырттай оқу бөлімінде орта арнайы білімі жоқ-5 жыл,

орта арнайы білімі базасы бар – 3 жыл,

жоғары білім базасы бар –2 жыл.

 

5В011600 - «География» (бакалавриат) мамандығы

Академиялық дәрежесі-« География »білім бакалавры

Біліктілігі: «География пәнінің мұғалімі»

Мамандықтың сипаттамасы  Бітіруші мамандарбiлiм беру (педагогикалық) – орта  мектептер, лицейлер, колледждер, гимназиялар, орта және орта арнаулы оқу орындарында географ оқытушысы; өндірістiк-басқарушылық - мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мекемелерде әкiмшiлiк қызметте; экскурсовод қызметі; жер комитетiнде, гидро-метеорологиялық орталықта, ғылыми зерттеу институты, туристік бюро мен фирмаларда, экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасында қызметкерлер.

Оқу мерзімі–күндізгі бөлімде оқудың ұзақтығы-4 жыл.

Сырттай оқу бөлімінде орта арнайы білімі жоқ-5 жыл,

орта арнайы білімі базасы бар – 3 жыл,

жоғары білім базасы бар –2 жыл.

 

Жалпы мәлімет

«Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы қазіргі таңда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің Педагогика және мәдениет факультеті құрамындағы көп салалы мамандар даярлайтын кафедралардың бірі.   Кафедра 2001 жылыжұмыс атқарып келеді.   Кафедрада  студенттерінің 85% ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді атсалысады. «Жас тарихшы» және «Жас археолог» үйірмелері ұйымдастырылған. Республикалық олимпиадаларға 5В011400, 5В020300-Тарих, 5В020800-Археология және этнология мамандықтары қатысып, жүлделі орындарды  иеленген. Ал,  5В091000-Кітапханатану және библиография  мамандығы бойынша студенттерді  даярлау қызметі 1967 ж. бастау алады.   1996 ж.  М.Әуезов атындағы   ОҚМУ  050418 - «Кітапханатану және библиография» мамандығы «Библиография»  кафедрасында жүзеге асырылды, 1998 ж. «Кітаптану» кафедрасында, ал, 1999-2001жж. филология факультетінің  «Әдебиет» кафедрасында жүзеге асырылды.  2001-2002 оқу жылында. «Кітапханатану және библиография» мамандығы «Жалпы тарих» кафедрасының құрамында болды,2002 жылдан бүгінгі күнге дейін  мамандық «Мәдениеттану, әлеуметтік жұмыс және музей ісі» кафедрасының құрамында. 2015 оқу жылынан бастап «Жалпы тарих, археология және география» мамандығы мен «Мәдениеттану, әлеуметтік жұмыс және музей ісі»  кафедрасы бірігіп «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы болды. Кафедра меңгерушісі Отарбаева Гүлжан Көбейқызы.

 

Кафедра жетістіктері

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары «Қазақстан аймақтық ерекшелiктерiн есепке ала отырып келешек мұғалiмнiң этномәдениет құзырларының қалыптастырудың теориясы мен технологиясы» тақырыбымен сәйкес iске асырылады. Оның нәтижелерi педагогика бойынша дәрiс, семинарлық және практикалық сабақтарының мазмұнға қосындының түрiндегi оқу барысында енедi, осы мәселе бойынша студенттердiң педагогикалық іс-тәжiрибе кезінде әдiстемелiк нұсқауларды шығаруға әзiрлеудiң тапсырмадағы қосындысы. «Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасында келесi бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргiзiледi: оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын әзірлеп оларды үздiксiз бiлiмнiң жүйесiне  енгiзу; бағдарламалар әзірлеу, орта бiлiм беретін мектептерiнiң мұғалiмдерiне әдiстемелiк нұсқаулар, ЖОО-ның оқу-тәрбие процесiне зерттеу нәтижелерiн енгiзу.Кафедра оқытушылары әр түрлi деңгейдегі ғылыми конференцияларының жұмыстарына белсендi қатысады.

«Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы Түлкібас ауданындағы дарынды балаларға арналған мектеп – интернатпен бірге  24.04.2014ж.« ІҮ Хакім Абай» атты аймақтық ғылыми конференция өткізді . Кафедра оқытушылары Отарбаева Г.К., Мирзамсеитова Г.Е.,Тулкиева Б.А., Таштанов Ж.,Тажмуханова Н.Е., Нарымбет Г.Б.  Республикалық ғылыми-әдістемелік форумға қатнасты-28 05.2014.

«Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы «Қазақстан тарихы» кафедрасы мен бірге 01.10.2014ж.  «Улытау- етегінде ой  толғау- Мәңгілік ел» идеясының түпқазығы» атты конференция өткізді. Қараша айында «Қазақстан тарихы» кафедрасымен бірге алғашқы тарихшы- қазақ қыз қатарынан шыққан Шәмші Абубакированың 100 жылдығына арналған дөнгелек стол өтті. Қыркүйек-желтоқсан аралығында кафедра студенттері, магистранттары, оқытушылары Мәскеу, Қазан қаласынан келген профессорлардың археология, этнология, антропология бағытында  дәрістерің тыңдады және «Дала этнографиялық зерттеу әдістері» пәнінен видиофилімдерін көрді.  Жеке айтатын болсақ, Сатаев Роберт Мидхотович, Миклухо-Маклай атындағы этнология және антропология институтының аға  ғылыми қызметкері, Филлипов Василий Рудольфович РҒА Азия және Африка институтының профессоры, Функ Дмитрий Анатольевич т.ғ.к., ММУ профессоры, Саватаев Анатолий Дмитревич РҒА Африка институтының т.ғ.д., профессоры.Кафедрада 4 оқытушы Авизова А.К., Мирзамсеитова Г.Е.,Таштанов Ж.,Ибраимова А. Алматы қаласында республикалық «Өрлеу» бағдарламасы бойынша кәсіби дәрежесін дамыты. Аға оқытушы Кенжебаева Р.Н. Алматы қ. «Оқутышылардың  атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастырудың ғылыми- әдістемелік негізінде» атты монография шығарды. Ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша кафедра оқытушыларының   мемлекеттік,орыс және ағылшын тілдерінде 500 астам ғылыми еңбектері жарияланды.

 

Археологиялық іс-тәжірибе 

М.Әуезоватындағы ОҚМУ-дің Археология орталығы және 5В020800-«Археология және этнология» мамандығының студенттері мен бірге  Ә.Марғулан атындағы Археология және этнология институтты  Шымкент қаласының , Қайтпас мөлтек ауданында «Қайтпас» қорымында археологиялық қазба жұмыстарын  т.ғ.д., Б.А. Байтанаевтың жетекшілігімен  жүргізілуде.

Республикалықпәндік олимпиада жылсайынөткізіліптұрады, кезекті олимпиада 5В020300-Тарих мамандығы Қарағанды  қаласындағыЕ.Букетов атындағы мемлекеттік университеті 2015жылдыңсәуір айының8-10 аралығындаөтті. Олимпиадаға Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Түркістан, Ақтау, Ақтөбе, Өскемен, Орал, Қостанай, Павлодар, АрқалықжәнеКөкшетауқалаларынан21 команда қатысып, 2-жүлделі орынмен оралды. Ал, 5В011400-Тарих мамандығы Алматы қаласындағы  Абай атындағы ҰПУ-де 1-жүлделі кубокпен оралды.

«Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының 5В011400-Тарих, 5В020300-Тарих мамандықтарының ІІ, ІІІ, ІV курс студенттері ОҚО облыстық Білім, жастар ісі және тіл басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның өткені мен бүгіні» атты жас тарихшылардың форумы аясында өткізілген «Оңтүстік тарихынан сыр» атты ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына кафедра доценті, т.ғ.к. Г.Ә. Жанысбекованың жетекшілігімен қатысты. Студенттер конференцияның жарыссөзіне, пікір алмасуына белсене араласып, өздерінің Оңтүстік өлкесінің тарихы туралы ғылыми жетістіктерін көрсете білді және жаңа көзқарастармен де танысты. Мысалы, ПИК 12-3к тобының студенті Отар Әлфараби деректер қоры өте аз болып табылатын «Хақназар хан» туралы жасаған ғылыми баяндамасы жиналған студенттердің де, профессор-оқытушылар қауымының да назарын өзіне баурап алды. Конференцияға белсенді қатысқан студенттердің барлығы қатысушы сертификатына ие болды. Бұл конференция «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасында маманданушы студенттердің сапасының жоғарылығын тағы да дәлелдеп берді және олардың өздерінің санасында да жарқын із қалдырды.