ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ – РУХАНИ САНАНЫ ДАМЫТУ

Тарихшылар, АББОқызметкерлері және ЮМ-18-1к-5; ЮМ-1к9; ЮМ-1к-10; ЮМ-1к-12; ЮМ-1т1 тобының студенттері АББО-ның «Елбасытану» ғылыми әдістемелік орталығында ҚР Президенті Н.Назарбаевың жариялаған «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласын талдады. Іс-шараның негізгі мақсаты  жастардын сана сезімін тереңдету және ұлттық көзғарасты кеңейту боп табылады. Шақырылған қонақтар, қатысушылар және студенттер дайындалған мәселелерін белсенділікпен ортаға салды.
Кафедра доценті т.ғ.к. М.К. Кукееваның айтуынша «Қазақстан тарихы терең және мерзімдік кезеңнен тұрады. Жеке орын алатын сақтар, ғүндар және ежелгі түркілердің дәуірі. Олардың қалдырған мәдениеті, өнері әлемдік деңгейде өзінің орнын алады. Жастар тарихқа дұрыс ұстаным қалыптастыру қажет. Зерттеу арқылы түп тамырымызды білуге, ұлттық мәдениетке терең үңіліп оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туды»  деп ой тастады. Дөңгелек үстел барысында айтылған мәселелердің бәрі жастардың сана сезімін дамытуға мүмкіншілік береді. Студенттер тәуелсіз Қазақстанның дамуына  үлес қосып теориялық түрде білім алуда. Рухани сананы дамыту ең алдымен оқып білім алу  және ғылыми, қоғамдық салаға белсенді қатысу боп табылады.
ОҚМУ-дың кітапханалары жаңа технологиялармен жабдықталған,  замануи ізденіс жасауға мүмкіншіліктер бар. Студенттерге түркі әлемін, Ұлы даланың жеті қырын тануға толық ақпарат алуға жағдайлар жасалынған. Кіріктірілген сабаққа студенттер ат салысып жан-жақты мәселелерді көтеріп өздерінің көз қарастарын «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаланың негізінде талдады. Н.Ә. Назарбаевтың тың бастамаларын болашақ жастар әркез жадында ұстап ұлт тарихын одан әрмен жарқын етеді деген сенімдеміз.