ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ

27 қарашада Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын мақаласына арналған «Жас өлкетанушылар» ғылыми үйірмесінің студенттері арасында дөңгелек үстел өтті. Бұл мақалада біздің еліміздің аумағында өте маңызды тарихи оқиғалар болғаны туралы айтылады. Біздің даламызда көптеген қызмет түрлері мен кәсіп қалыптасты. Мысалы, ежелгі түріктердің алтын өңдеу технологиясын иеленуін дәлелдейтін, жылқылардың қолға үйретілгендігі, алтын қару-жарақпен соғыстар. Айта кету керек, бүгінде 3000 астам қызғалдақтар түрі бар, олардың көпшілігі біздің жарқын Отанымыздың территориясында өседі.

Н.Ә. Назарбаев «Архив-2025», «Ұлы даладағы ұлы атаулар», «Түркі әлемінің туындысы», «Ұлы дала өркениеті мен технологиялары мұражайы» және т.б. атты бірден бірнеше ірі жобаны іске асыруға шақырады. Мемлекет басшысы бұл бастама осы жобалар бойынша «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының жалғасы екендігін айтады. Бұл кездесу студенттерді жаңа идеялармен шабыттандырып, бүкіл Қазақстан тарихын тану бойынша қадамдар жасап әлемге танытуға деген құштарлықтарын оятты.