Үлкен сахна!

«Өнер» факультеті жанынан ашылған аға оқытушы Е.А. Жолдасовтың жетекшілігіндегі «Өркен» жастар театры 17.02.2018 күні Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының сахнасына Редьярд Джозеф Киплингтің «Маугли» қойылымын қойды. Мақсат «Режиссура» мамандығында білім алып жүрген студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өнерлерін қала, облыс көлеміндегі көрерменге паш ету, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану. Екі сеанс қойылған спектакьді мектеп оқушылары тамашалады.