«Төле би – Төбе би» атты кешенді конкурс нәтижесі

     23 қазанда «Педагогика және мәдениет» факультетінде Төле бидің өміріне арналған « Төле би – Төбе би» атты кешенді конкурсы болып өтті. Көптеген адамдар, соның ішінде оқытушылар мен студенттер, тартылды. Студенттер факультеттерге бөлініп, өзара сайысқа түсіп, әрқайсысы Төле би туралы білетіндерімен бөлісті, ал оқытушылар бұл қабілеттеріне баға берді.
     Менің есімім - Азамат Түзелбай «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы, «Жас өлкетанушылар» ғылыми үйірмесінің белсенді студентімін. Мен осы іс-шараға қатысушының бірімін.
Байқау бірнеше кезеңге бөлінді:
     Біріншіден, әр топтың екі қатысушысы «Жеті Жарғы» заңдарының жиынтығы туралы әңгімеледі. Барлығы осы мәселе бойынша барынша көп ақпаратты айтуға тырысты.
     Екінші кезеңде қатысушылар жоңғарлармен күресте Төле бидің ерлігі мен батылдығы туралы айтты. Командалар ақпараттың даралығы үшін жарысты, яғни айтылған сөздердің бәрі қарсыластардың ақпаратын қайталамауы шарт.
     Үшінші командада әр командадан шығып, TED конференциясын 5 минут өткізді. Басқаша айтқанда, үшінші кезең барлық сайысты қорытындылады.
Кезеңдер аяқталғаннан кейін әділ-қазылар әр топтың жұмысына баға беріп, орындар мен жүлделер тағайындады.
Біздің команда мүшелері «Отаншыл Зурек» сайысында 1-орын алды және TED байқауында 2-ші орынға ие болды.
      Осы іс-шарадан әрбір қатысушы мен әрбір көрермен көптеген қорытынды жасады және көп нәрсені үйренді. Байқау өте қажет және танымдық маңызы өте зор, бірақ бәрімізді де ойландыратыны, Төле би секілді  тұлғаны қарапайым күнделікті өмірде де есімізге алып жүрсек деген бір ой болғандығы...