Театралдық және эстрадалық шығармашылық

Кафедра меңгерушісі

Турдалиева Шолпан Жайдакбаевна

Аға оқытушы

Мекен-жайы: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Тәжібаев көшесі 2, №8 ғимарат bkru

Телефон: 8 (7252) 36-71-93

 E-mail: Turdalieva-2050 @mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мәлімет

    «Театралдық және эстрадалық шығармашылық» кафедрасы  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті «Педагогика және мәдениет» факультетінің  құрылымдық  бөлімі  болып табылады. Кафедра 2017 жылдың 28 тамыз айында университет ғылыми кеңесінің шешімі бойынша құрылған. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к. Турдалиева Ш.Ж. тағайындалды. 5В090600- «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы «Театр ұжымының жетекшісі», «Вокальды аспаптар ансамблі жетекшісі және эстрадалық ән салу» маманданулары бойынша бакалавр мамандарын даярлайды. Кафедра құрамында білікті ғалым-ұстаздар - педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Камалова Н.К, педагогика ғылымдарының кандидаттары, доценттер Багов И.Т., Мухамедин М.М., Турдалиева Ш.Ж., өнер шеберлігі  халықаралық  және Республикалық  байқаулардың  лауреаттары.    Жандарбеков А.А., Емкулова А.И., Жұмабай Л.Ж., Төреханов Қ.Е., Бексейтов Н.Б., ҚР мәдениетінің  үздігі Әлжанова Б.Т. магистр-оқытушылары Мусакулова Д.А., Қоныспаева А.А., Мекенбаева Э.А., сонымен қатар тәжірибелі аға оқытушылар Төлеуов Е.С., Отарбаева Б.Қ.  қызмет етеді. Кафедра мамандар даярлаумен қатар шығармашылық және ғылыми жұмыстармен айналысады. Кафедра профессор- оқытушылар  құрамы қыркүйек айы 2017 жылдан бастап, 2- оқу құралын, 8- әдістемелік  нұсқау, алыс және жақын шетелдерден (Польша, Ресей, Чехия т.б) 6- мақала дайындап шығарды. Кафедра маманданулары студенттері Республикалық  байқаулардан (КВН, жастар театры, ақындар мүшәйрасы, ғылыми жобалар) арнайы орындар, жүлделерге  ие болды.                                 

 

 

      Кафедра 5В090600- «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы  бойынша Республикалық оқу-әдістемелік орталық болып табылады. Кафедраның негізгі ұстанымы қазіргі  заман талаптарына сай бәсекеге қабілетті, шығармашыл, білікті мәдениет және өнер саласына мамандар даярлау.
 
Кафедраның оқытушылар құрамы
   
     Кафедрада, 5 ғылым кандидаты, 1 профессор, 3 Доцент,1 ҚР Еңбек сіңірген әртісі, 1 ҚР Мәдениет қайраткері, 2 Халықаралық байқаулардың лауреаттары, 1 ҚР білім беру ісінің  құрметті  қызметкері  қызмет атқарады. 
     Сабақ өткізуге белгілі Мәдениет және өнер қайраткерлерін тарту оқу процесіне оңтайлы ықпал жасайды.
Кафедра оқытушылары университет, қала, облыс және республика көлемінде өткізілетін барлық мәдени көпшілік іс- шараларға белсенді қатысады.
     «Театр және эстрадалық шығармашылық» кафедрасының оқытушылары мен студенттері өздеріне бекітілген Шымкент қаласы № 69 мектеп пен Сайрам жетім балалар үйіне,Төлеби ауданы «Көксәйек» балалар үйіне шефтік көмекті жыл бойы ұдайы жүргізіп отырады.
      2017 жылдың 18 қарашасында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Театр және эстрадалық шығармашылық» кафедрасының оқытушылары Шымкент қаласы «Достық» мөлтек ауданындағы №69-шы орта мектепте кәсіби –бағдар беру жұмыстарын өткізді. Мектеп бітірушілермен кездесу ұйымдастырылып, университет жөнінде ақпараттық материалдар жаратылды.
                                       
Студенттік өмір
     Оқуды практикамен ұштастыру үшін кафедрада 5 студенттік үйірме құрылған. Бұл ғылыми –зерттеу үйірмесі «Ізденіс», «Қисық айна», Шымшыма» сатиралық театры, студенттік 2 КТК, бұлардан бөлек жастар халық театры «Думан».
«Театр және эстрадалық шығармашылық» кафедрасының студенттері жыл сайын студенттік Республикалық пәндік олимпиадасына қатысып, ұдайы 1 орынды (2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015,2017 жылдар.   
 
Мамандық студенттері Халықаралық және республикалық конкурстармен фестивалдерге қатысып жүлделі орындарға ие болған:
-ПИК-16-15к3 тобының студенті Алпамысова Ж. Алматы қаласында өткізілген ҚР Тұңғыш президенті күніне арналған «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН» атты студент жастардың 5 ші республикалық патриоттық форумында Сертификат.
-ПИК-17-15 3к2,3 тобы студенттері «Үшінші мегаполис» КТК командасы Жайдарман Достық кубогі,Бас жүлде.
-ПИК-15-15к3 Мақұлбек Беглан «Жыл студенті-2017» байқауында «Жыл студенті» номинация иегері.

-ПИК-15-15к3 тобының студенттері «Оңтүстік-достық мекені» жобасы аясындаөткізілген театрландырылған қойылымында «Әділет» тобы 1-ші орын.Диплом.
   -ПИК-16-15к3 тобының студенті Сүйінов Қ. Ф.Онгарсынованың лирикалық өлеңдер жинағын көркем оқу бойынша республикалық конкурсы, ІІ дәрежелі диплом;
   -«Думан» студенттік жастар театры. Студенттік театрлардың республикалық
фестивалі(Павлодар қ.) І дәрежелідиплом;
ПИК -10-15к3  тобының студенті Исламбеков А. «Химия технологиялық және кәсіби білім беру, өнер және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша дипломдық, бітіру шығармашылық жұмыстардың ҚР БҒМ республикалық конкурсы, І дәрежелі диплом;
   -ПИК -09-15к2  тобының студенті Тажибаева М.  «Химия технологиялық және кәсіби білім беру, өнер және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша дипломдық, бітіру шығармашылық жұмыстардың ҚР БҒМ республикалық конкурсы, ІІ дәрежелі диплом;
  -ПИК -10-15к3  тобының студенті Исламбеков А. «Химия технологиялық және кәсіби білім беру, өнер және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша дипломдық, бітіру шығармашылық жұмыстардың ҚР БҒМ республикалық конкурсы, І дәрежелі диплом;
-ПИК-13-15к3 тобының студенті Алтайұлы Б.Жас ақындардың республикалық«Шырайлым Шұбайқызылым» конкурсы, ІІ дәрежелі диплом;
    «Шуылдақтар»  КТК командасы  2005 жылы ҚР чемпионы атанды.
2005 жылы «Қисық айна» сатиралық театры құрылды. Боранбаев Айдархан  2008 жылы «Тазша  бала» конкурсында Гран-при жүлдесін жеңіп алды.
 -ПИК-12-15к3 тобының студенті Бақбер Алтайұлы Оңтүстік өңіріндегі жас таланттардың арасында «Сен жанбасаң лапылдап» аймақтық жыр мүшайрасында II орынды иеленді, 2014ж.
     -Қоғамдық кәсіптер факультетінің ұйымдастырумен өткен Факультетаралық «ЖАС ТАЛАНТ-2014» байқауында «Дәстүрлі ән өнері» жанры бойынша көрсеткен ең үздік өнері үшін ПИК -14-15к3 тобының студенті Ескермес Нұрбек II орынды иеленді және «Байқау жеңімпазы» атанды.
    -Қоғамдық кәсіптер факультетінің ұйымдастырумен өткен Факультетаралық «ЖАС ТАЛАНТ-2014» байқауында «Би өнері» жанры бойынша көрсеткен ең үздік өнері үшін ВПИК -14-15к3 тобының студенті Мұсақұл Жадыра III орынды иеленді және «Байқау жеңімпазы» атанды. «Бал өнер» балалар мен жасөспірімдер театр ұжымдарының қалалық байқауында лауреаты және ІІ-ші орын иегері, 2015 ж. Қазақ хандығының 550 жылдығына мерекесіне арналған  «Қазақстаннның  қилы тарихы» атты   студенттер арасындағы сахналық  көріністен ұйымдастырылған байқауда ІІ орын иегері  атанды.  
- ПИК-12-15к3 тобының студенті Әшірбай Н., ПИК-13-15к3  т обының студенті Нұралиева А. «Боз бала мен бойжеткен» облыстық байқауы. 14.04.2015ж Шымкент қ.Шәмші Қалдаяқов атындағы Облыстық филармония. Бас жүлде, сертификат диплом, қаржылай сыйлық.
- ПИК-12-15к3 тобының студенті Мусакулов А., Баянкулов Ы. Мәдениет пен өнердің дамуына қосқан үлесі үшін облыстық мәдениет басқармасының  алғыс хатымен марапатталды, 2015ж.
- ПИК-12-15к3 тобының студенті Әшірбай Н., ПИК-13-15к3  т обының студенті Нұралиева А.. Облыстық «Қозы Көрпеш Баян сұлу»  фестивалінде жүлделі І – орын және дипломға ие болды,2015ж.
- ПИК-15-15к3 тобының студенті Мақұлбек Б.А. Облыстық білім, Жастар саясаты тілдерді дамыту басқармасы, Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Студенттік шақ» деп аталатын іс- шараға қатысып, алғыс хат алды.
Академиялық ұтқырлық    
     Білім беру қызметін көрсету саласында өзара қызметтестік келісімдері бар: М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал қ. (ПИК-15-15к3  тобының студенті Базарбай Ақерке. 
 «Думан» халық театры «Театр және эстрадалық шығармашылық» кафедрасында  2002 жылы ұйымдастырылған. Театрға оқытушылар мен студенттер қатысады. 2008 жылы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің аттестациялық комиссиясы шешімі бойынша «халықтық» атағы берілді.      
     2010 жылдың мамыр айында театр өз «Халықтық» атағын қайта қорғады.Ұлы Отан соғысының 65-жылдығына орай қойылған «Біз соғысты көрген жоқпыз» әдеби композициясы үшін үздік қойылым номинациясын алды. Режиссері аға оқытушы Емкулова А.И.
     2014 жылы 5- 12 сәуір аралығында Павлодар мемлекеттік университетінде республикалық әуесқой жастар театры арасында фестиваль ұйымдастырылып өткізілді. Онда Ж.Амашұлының «Тірі жан» спектаклі қойылып, 2 орын және үздік қойылым номинациясын алды.
     Студенттік «Думан» халық театры жастар мен студенттер арасындағы әуесқойлық театральдық ұжымдардың республикалық фестивалінде «Үздік режиссура» номинациясы бойынша диплом алды (қ.Павлодар 2014ж.)
       Кафедра оқытушысы Шымалиев А.Б. («Думан» театрының көркемдік жетекшісі) жастар мен студенттер арасындағы әуесқойлық театральдық ұжымдардың республикалық фестивалінде мадақтау хатын алды  (қ.Павлодар 2014ж.)
      2015 жылдың мамыр айында «Ұлы Отан соғысына- 70жыл», «Қазақ хандығына- 550жыл», «Қазақстан халық ассамблеясына» арналған облыстық халық театрлар фестиваліне «Думан» студенттік халық театры қатысып Д.Исабековтың «Тыныштық күзетшісі» спектаклін  қойылды, қоюшы режиссер аға оқытушы Емкулова А.Е., Бас жүлде және сыйлық ақы алды.
      Бүгінгі күндері студенттік театр репертуарында «Айман-Шолпан» (автор - М. О Ауезов); «Еңлік-Кебек» (М.О Ауезов), «Қаракөз» (М.Ауезов), «Гамлет» (У.Шекспир), «Козы Көрпеш и Баян Сұлу» (Ғабит Мүсірепов); «Ғасырдан да ұзақ күн» (Ч. Айтматов) т.б. бар.
Біздің жетістіктеріміз
       Оқу процесінде оқытудың инновациялық әдістері қолданылады: виртуалды лабораториялық жұмыстар, электронды оқулықтар, бейнелекциялар, іскерлік ойындар. Бұлардың барлығы студенттер мен магистранттарға білім сапасы және материалды игеру дәрежесін маңызды арттырады.
        Бұлардан бөлек конференциялар, дөңгелек столдар, студенттердің жеке жобаларын презентациялау түрінде лекциялық және практикалық сабақтар өткізіледі.
          Импакт-факторлы және экспериментті білім беру халықаралық журналдарында, Гранттар  ұтып   алу,  түрлі  бағдарламалар  мен   жобалар  сайыстарына   қатысу1 жоба қонкурсқа ұсынылды-«Отбасының рухани құндылықтарын жаңғырту мақсатында қазақ салт-дәстүрлік мәдениетін трансформациялау» ғылыми жетекші п.ғ.к.ғ профессор Камалова Н.К.
 Маңызды  ғылыми  және  шығармашылық  жетістіктер.
- аға оқытушы  Н.Бексейтов Облыстық кәсіподақ комитетінің алғыс хатымен марапатталды 18-қыркүйек 2017ж.
- Аға оқытушы  Емкулова А.И. Оңтүстік – достық мекені аясында  «Бірлігі бекем ел» және  «Мәңгілік елмен-жарқын болашаққа» атты театрландырылған қойылымында 1- орынды иеленген «Әділет» тобына   жетекшілік жасағаны үшін  І-дәрежелі диплом, желтоқсан 2017ж.
- аға оқытушы  Отарбаева Б.Қ. «ОҚМУ ойыншылары» КТК командасының  ең үздік жетекші  дипломымен марапатталды. Қараша -2017ж.
 
Кафедра мен оқытушылардың жетістіктері
 
Кафедра  бойынша  15 ғылыми  мақалалар  жарық көрді:
Олардың  ішінде  2-і  жоғары    шетелдік  рейтингті  басылымдарда:
  •  Багов И.Т.,    Жумабай Л.Ж.,   Туреханов Қ.       Бексейтов Н.Б.      Мусакулова Д.А. Педагогика и психология в современном мире: теоретические и практические исследования: сб. ст. по материалам V Международной научно-практической конференции «Педагогика и психология в современном мире: теоретические и практические исследования». – № 5(5). – М., Изд. «Интернаука», 2017. РИНЦ.
-Мухамедин М.М., Турдалиева Ш.Ж. Жандарбеков А.,   Еммкулова А.И.      Отарбаева Б.К. Публикация в XIX выпуске международного научного журнала «Гуманитарный трактат»11.12.2017г.РИНЦ.
 
9 мақалағылыми - практикалық конференцияда алыс-жақын шетелде жарық көрді.
 
  • Мусакулова Д.А.    Бексейтов Н.Б. «Бастауыш сынып оқушыларының қазақ салт дәстүр негізінде ұлттық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық теориялық негіздері», Materialy XIII mezinarodni vedecko – prakticka conference  «Nastoleni moderni vedy» 22-30 zari 2017г. Praha. 3-8
  • Мусакулова Д.А.    «Қазақтың әдеп пен салт дәстүр жүйесінің баланың ұлттық мәдениетін қалыптастыруда алатын орны»  Materialy XIII mezinarodni vedecko – prakticka conference  «Nastoleni moderni vedy» 22-30 zari 2017г. Praha. 3-8
  • Бексейтов Н.Б.          «Бастауыш сынып оқушыларының қазақ салт дәстүр негізінде ұлттық мәдениетін қалыптастырудың әдістемені пайдалану жолдары» Materials of the XIII international scientific and practical conference ” CONDUCT OF MODERN SCIENCE” 2017. November 30-Desember 2, 2017. Volume 8, Pedagogical sciences. SHEFFIELD SCIENCE AND EDUCATION LTD 2017
  • Қоныспаева А.А. «Педагогические вопросы формирования эстетического облика личностей учащегося в процессе приобщения его к изоброзительному искусству» Materials of the XIII international scientific and practical conference ” CONDUCT OF MODERN SCIENCE” 2017. November 30-Desember 2, 2017. Volume 8, Pedagogical sciences. SHEFFIELD SCIENCE AND EDUCATION LTD 2017
  • Мусакулова Д.А. «Бастауыш сынып оқушыларының салт – дәстүр туралы білімдерін халық тағылымы материалдар негізінде дамытудың педагогикалық шартары» Materials of  the XIII international scientific and practical conference. Conduct of  modern science-2017. November 30-December 7 -2017 Volume 8 Pedagogical  sciences. Sheffield 2017.
  •  Отарбаева Б.Қ. «Педагогическая активность проблемы формирования этнических качеств учащихся начальных классов на основе общечеловеческих духовных ценностей»  Materials of  the XIII international scientific and practical conference. Conduct of  modern science-2017. November 30-December 7 -2017 Volume 8 Pedagogical  sciences. Sheffield 2017.
  • Туреханов К.Е. ,  Отарбаева Б.Қ. «Актуальность развития эстетических качеств детей дошкольного периода в процессе приобщения их к художественным образцам казахского народного промысля» Materials of  the XIII international scientific and practical conference. Conduct of  modern science-2017. November 30-December 7 -2017 Volume 8 Pedagogical  sciences. Sheffield 2017.
  • Қоныспаева А.А.  «Актуальность проблемы приобщения учащихся начальных классов  к общечеловеческим духовным ценностям»Materials of  the XIII international scientific and practical conference. Conduct of  modern science-2017. November 30-December 7 -2017 Volume 8 Pedagogical  sciences. Sheffield 2017.
  • Мухамедин М.М. «Асновные аспекты применения педагогических технологий в процессе эстетического воспитания учащихся начальных классов» Materials of  the XIII international scientific and practical conference. Conduct of  modern science-2017. November 30-December 7 -2017 Volume 8 Pedagogical  sciences. Sheffield 2017.
1 мақала ҚР халықаралық ғылыми конференциясында жарияланды
  • Альжанова Б.Т. «Заманауи сахнаның ерекшеліктері  мен техникалық  жетілдіруінің мәселелері» Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 80жылдығына арналған «Рухани жаңғыру: білім берудің ұлттық жүйесі және әлемдік тәжірибе» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы. 24-25 қараша 2017ж.
3 мақала Республикалық конференцияға басылып шығарылды
  • Турдалиева Ш.Ж., Емкулова А.И.,   Отарбаева Б.Қ.,  Мусакулова Д.А.,  Мекенбаева Э.А.,    „Қазақ дәстүрлі тәрбиесіндегі  «ҚҰПИЯЛАР» сыры»  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  университеті «Заманауи Қазақстан мәдениетінің ұлттық құндылықтарын сақтау және дамыту» атты педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Е. Ержановтың 70 жылдық мерейлі тойына және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 85 жылдық мерекесіне арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция Орал қ. 2 қазан 2017 ж.              
  • Камалова Н.К.,     Турдалиева Ш.Ж.  «Ел рухын қалыптастырудағы дәстүрлі  институттардың  бүгінгі мәдени  дамудағы өнегесі» М.Өтемісов атындағы Батыс    Қазақстан мемлекеттік  университеті «Заманауи Қазақстан мәдениетінің ұлттық   құндылықтарын сақтау және дамыту» атты педагогика ғылымдарының докторы, профессор  М.Е. Ержановтың 70 жылдық мерейлі тойына және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 85 жылдық мерекесіне арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция Орал қ. 2 қазан 2017 ж.             
  • Мухамедин М.М..,    Жұмабай Л.,             Бексейтов Н.Б.,     Қоныспаева А.А.,    Туреханов Қ. «Қазақтың көне дәстүрлі дүниетанымындағы мифологиялық негіздер» М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  университеті «Заманауи Қазақстан мәдениетінің ұлттық құндылықтарын сақтау және дамыту» атты педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Е. Ержановтың 70 жылдық мерейлі тойына және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 85 жылдық мерекесіне арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік
-к.п.н., доцент Камалова Н.К. – «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері (2013 г.).
Аға оқытушы  Жумабай Л.Ж. сіңірген еңбегі үшін ОҚО әкімі А.Мырзахметовтың құрмет грамотасымен марапатталды.. П.ғ.к.профессор.Камалова Н.К. Театрлардың халықаралық фестивалінде Гран-при иегерлері атанды.
5В090600-Мәдени-тынығу  жұмысы  мамандығы  2011, 2012, 2013, 2014, 2015 жылдардың  қорытынды-сымен мамандықтардың Ұлттық Рейтинг  бойынша  І  орынды,
      М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің  әрбір оқу жылындағы  қорытындысы  бойынша    оқытушылар түрлі  номинациялардың  жеңімпаздары атанған:
аға оқытушы Турдалиева Ш.Ж.-  2007-2008  оқу жылында  ОҚМУ үздік оқытушысы;
п.ғ.к., профессор Камалова К.К.  - 2011-2012 оқу жылында  ОҚМУ үздік профессоры;
аға оқытушысы Альжанова Б.Т. -2013-2014 оқу  жылында ОҚМУ үздік оқытушысы.
 - п.ғ.к.,доцент Камалова Н.К облыстық салт – дәстүрлер орталығында өткен іс  шараға балсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. (25.03. 2015ж.).
     Турдалиева Ш.Ж.-РФ, Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер  университеті педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне кандидаттық диссертация қорғады, 2014ж.
    2014ж. пғ.д.,  профессор Камалова Н.К., п.ғ.к.,  аға оқытушы Ажибекова З.Б., «Оңтүстік Қазақстанға  сіңірген еңбегі  үшін» төсбелгісімен марапатталды.
    2012 жылдан кафедра оқытушылары «Оңтүстік Қазақстан мәдени тынығу жұмысының  қалыптасуы мен даму динамикасы» мемлекеттік  бюджеттік тақырыбы бойынша жұмыс істейді. Тақырып жетекшісі п.ғ.д., профессор Омар Е.О. Кафедра оқытушылары 15 аса оқулықтар мен оқу құралдарын, 15 аса электронды оқулықтар, 3 электрондық оқу құралы, 4-дәрістер жинағы 3 видеолекция және шығарған.       
Халықаралық байланыстар
       Шет елдік ғалымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Москва Мемлекеттік мәдениет және өнер университеті, А.Кадыри атындағы Ташкент Мемлекеттік мәдениет институты, г.Лейпциг қаласының
      Музыка және театр университеті, Германия Федеративтік республикасы. Келісім-шарттар бар.
Бұл жұмыс бағыттары бойынша алыс философия PhD докторы Юрген Вернер Вольфганг Асмус) және
жақын шет елдерден (п.ғ.д.,профессор Садовская В.С., к.ғ.д.,профессор Ремизов В.А., п.ғ.к.,профессор Тихоновская Г.С., ф.ғ.к.,профессор Скляр И.Г.)  (Москва қ.Ресей Федерациясы) ғалымдар тартылған.
Біз олармен мақтанамыз   
      Біздің кафедраның бітірушілерінің рейтингісі жоғары және оларға жұмыс берушілерден сұраныс мол.   Біздің бітірушілер жұмыс орындары бойынша жан -жаққа таралған.  Олардың ішінде қаншама атақтылары бар десеңші!.
      Бұлар мәдениет және өнер мекемелерінде басшылық қызмет атқаратын, мәдениет қайраткерлері, отандық эстраданың жұлдыздары болып табылатындар: Нагима Ескалиева, Макпал Жунусова, Марат Омаров, Ринат Гайсин, Эдуард Мальбеков, Манап Кокенов, Лукпан Есенов, Замира Кастеева, Райхан Каланова, Феруза Жолынбетова және тағы басқалар.
 
Болашаққа жоспарлар
      Ғылыми –зерттеу жұмыстарының дамуына басты көңіл бөлу. Ғылыми зерттеулерге бюджеттен және гранттар бойынша қаржы тарту. Ғылыми , оқу және оқу әдістемелік әдебиеттер көлемін арттыру, ғылыми кадрлар күш қуатын көтеру жоспарлануда. Мамандық бойынша РҺd докторантура ашуға құжаттар дайындалуда.
    Ал тұңғыш рет Азияда – 2011жылы 7 қысқы ойындары біздің Тәуелсіз еліміз Қазақстанда болып, 14 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша эстафета өтті. Қала бойынша қатысқан 60 алау ұстаушылардың арасында кафедра оқытушылары мен студенттері болды. «Театр және эстрадалық шығармашылық» кафедрасы Қазақстан спортшыларына биік спорттық жеңістер тілейді.