"Театр және эстрадалық шығармашылық" кафедрасы

"Театр және эстрадалық шығармашылық" кафедрасының студенттері Жастар жылын жақсы жаңалықпен бастады. Ж.Шанин атындағы  қалалық академиялық қазақ драма  театрында  оқу,  өндірістік,  дипломалды практикадан өтіп жатқан кафедраның 1,3, 4 курс студенттерінен құралған жастар театры Б.Әлімжановтың "Алтын ноқта" қойылымын сахналады. Жастар театрының  көрермендердің ыстық ықыласына бөленген қойылымы туралы "Оңтүстік Қазақстан",  "Оңтүстік Рабат" газеттерінде мақалалар жарияланды.