Тарих тағылымы – мұрағатта

      «Педагогика және мәдениет» факультетінің «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы IV курс студенттерінің өңдірістік іс-тәжірибесі «Шымкенттік өңірлік мемлекеттік архиві» коммуналдық мекемесінде өтті. Іс-тәжірибе жұмыстарының топ жетекшісі магистр, аға оқытушысы Г.Б.Нарымбет болды, ұйымдағы іс-тәжірибеге Г. Шардарбекова жетекшілік етті. Топтың студенттері іс-тәжірибе кезінде мұрағат жұмыстарына белсене араласып, өздерін жақсы қырынан көрсете алды. Іс-тәжірибенің қаңтар айының 22.01-23.02.18 уақыт аралығында өткен.  ПИК-14-5к  тобының жетекшісі Г.Б.Нарымбет, өңірлік архив директоры Шардарбекова Гүлнар ханыммен сұхбаттасты. Сұхбат барысында Г.Шардарбекова ханым мұрағат құрылысы мен оның ішкі тәртіптері жайлы мәлімет берді. Сөз соңында Г. Шардарбекова тарихшы-практиканттарға алдағы іс-тәжірибе жұмыстарына сәттілік тіледі. «Тарихсыз ел, тамырсыз ағаш болмайды», - демекші, өзенде салдырап аққан су секілді өтіп бара жатқан мына жылдар қандайда бір мекеменің тарихын құрайды. Мұрағат дегеніміз – тарихи құжаттарды сақтайтын өткен өмірдің деректі ескерткіші ғана емес, тарихымыздың айнасы, ұлтымыздың баға жетпес байлығы. Сол себепті де,  мұрағат мекемелерінде сақталған құжаттар біздің еліміздің әр кезеңіндегі түрлі оқиғалары туралы жан-жақты ақпараттарға толы. Мысалы, халықтың аңызға айналған ерлігі, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер аталарымыздың қайталанбас қаһармандығы, Қазақстан Республикасының қалыптасуына ат салысқан мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қызметі мен еңбегі, ағартушы-ғалымдар туралы, сондай-ақ белгілі бір мекемелер жайлы мәліметтер тек ресми құжаттарда ғана емес, мұрағат қорларында толығымен сақталған. Тіпті баспасөз беттерінде де жиі осы мұрағат қызметкерлерінің еңбектері жарияланып тұрады. Тарихсыз мемлекет жоқ екенін ескерсек, тарих бетін жазар сәтте мұрағат деректеріне сүйетініміз айқын.