Талапкерге

        1.    Педагогика және мәдениет факультеті. ПЖМФ
        2.    Факультет туралы қысқаша ақпарат.

        «Педагогика және мәдениет» факультеті  бұрынғы  Педагогикалық мәдениет және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і Шымкент бөлімшесінің кейбір педагогикалық  мамандықтары негізінде құрылған. 
        Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген өнер қайраткерлері, еңбегі сіңген әртістер, Халықаралық және Республикалық өнер конкурстарының, фестивальдардың лауреаттары мен дипломанттары шықты. Олардың ішінде Ескендір Хасанғалиев, Марат Омаров, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Нұрмұқасан тобы, Жігіттер квартеті, Нысана сатира театры, Дастан Қалдыбаев, Қаз ТРК-нің тележүргізушісі Руслан Жылқыбай, КТК телеарнасының жүргізушісі Дина Төлепберген, Мамадияр Таукеев осындай Қазақстан респуликасына белгілі қайраткерлер түлектер болып саналады. 
        1996 жылы Шымкент педагогикалық мәдениет институты Қазақстандағы жоғары оқу орындарын оңтайландыру реформасына орай, қазіргі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлектеттік университеті құрамына кірді.
        Факультетте оқу ісін ұйымдастыру, студент-жастарды тәрбиелеу, кәсіби деңгейі жоғары мамандар таңдау, факультеттің материалдық–техникалық базасын нығайту, ғылыми-ізденіс жұмыстарды жолға қою, жаңа мамандықтар ашу сияқты көптеген шешімі күрделі жұмыстарды атқаруда факультетті әр жылдары қызметіне жетік, білікті ұстаздар басқарды.
        Факультеттің ғылыми потенциалы жоғары деңгейде. Кафедраларда 22 ғылым докторы, 65 ғылым кандидаты, 42 магистр оқу– тәрбие жұмысын жүргізеді. Республика және ТМД елдеріне әйгілі ғалым–педагогтар – педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар А.А.Қалыбекова, А.Б.Нұрлыбекова, И.Б.Сихымбаев, Е.О.Омар, Т.М.Әлсатов, тарих ғылымдарының докторы,  профессор А.Исмаилов, Б.К.Сапарбаев, С.Әлібектің ғылыми мектептері қалыптасқан.
        Факультет оқытушылары АҚШ, Испания, Германия, Түркия, Чехия, Болгария, сонымен қатар Рессей Федерациясы, Украина, Қырғызстан, Әзербайжан елдерінде өткен халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып, баяндамалар жасады.
        Факультет түлектері Қазақстанның барлық аймақтарымен қоса, жақын және алыс шет мемлекеттерде еңбек етуде. Көптеген профессор–оқытушылар Халықаралық және Республикалық байқаулардың жүлдегерлері. 
        Қазақстан республикасының «ЖОО–ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлері: т.ғ.д., профессор  А.И.Исмаилов, п.ғ.к., доцент Ж.Ә.Сапарова, п.ғ.д., профессор О.О.Есенәлі, п.ғ.д., доцент С.Қ.Бейсенбаев, т.ғ.д., профессор А.Н.Сейдехан, п.ғ.к., доцент Р.К.Қасенова, п.ғ.к., доцент Б.С.Тілеубаева, п.ғ.д., доцент М.Ж.Тәңірбергенов, п.ғ.д., профессор Е.Ш.Қозыбаев, п.ғ.д., профессор И.Б.Сихымбаев, п.ғ.д., доцент Қ.Ж. Әжібеков, т.ғ.к., доцент Г.К.Отарбаева, философ.ғ.к. Д.С. Болысбаев, п.ғ.к. Қ.А. Жолдасбекова.
        Педагика және мәдениет факультетінің студенттері республикалық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері.
        «ҚР мәдениет қайраткері» атағының иегерлері. Қазіргі таңда «Педагогика және мәдениет» факультетінің 6 кафедрасында 16 мамандық бойынша бакалавр, 12 мамандық бойынша ғылым магистрлері даярлануда.
        3. Факультет мамандықтары

Мамандық атауы

Бейіндік пәндер

Ұлттық рейтінгтегі орны

  1. 1

5В010600 -  Музыкалық білім

шығармашылық

шығармашылық

 

  1. 2

5В010700 -  Бейнелеу өнері және сызу

шығармашылық

шығармашылық

1-орын

  1. 3

5В011400 -  Тарих

тарих

география

1-орын

  1. 4

5В011600 -  География

биология

география

1-орын

  1. 5

5В020300 -  Тарих

тарих

география

1-орын

  1. 6

5В020800 -  Археология және этнология

тарих

география

1-орын

  1. 7

5В040200  - Аспапта орындаушылық

шығармашылық

шығармашылық

1-орын

  1. 8

5В040600 -  Режиссура

шығармашылық

шығармашылық

1-орын

  1. 9

5В040900 – Хореография

шығармашылық

шығармашылық

1-орын

  1.  

5В041300 -  Кескіндеме

шығармашылық

шығармашылық

1-орын

  1.  

5В041700 -  Сәндік өнер

шығармашылық

шығармашылық

1-орын

  1.  

5В041900 - Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау

тарих

география

1-орын

  1.  

5В042100  - Дизайн

шығармашылық

шығармашылық

3-орын

  1.  

5В090500  - Әлеуметтік жұмыс

география

шет тілі

3-орын

  1.  

5В090600  - Мәдени-тынығу жұмысы

шығармашылық

шығармашылық

1-орын

  1.  

5В091000 -  Кітапхан ісі

қазақ әдебиеті

тарих

1-орын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        
        
        
        
               
        

        4. Факультет кафедралары. 
        1.    «Жалпы педагогика және музыкалық білім» кафедрасы

        Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы:
        6-ғылым докторы, 8-ғылым кандидаты, 10-аға оқытушы, 2-оқытушы, 5-концертмейстер қызмет жасайды 50 пайызы ғылыми атағы барлар
         5В010600 – Музыкалық білім 
        Мамандықтың біліктілігі – музыкалық білім мамандығы бойынша білім бакалавры.
        Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Жалпы білім беретін мектептерде және педагогикалық коллеждерде музыка пәнінің оқытушысы, т.б.
        
        2.    «Қазақстан тарихы» кафедрасы
        «Қазақстан тарихы» кафедрасы  тарих емес мамандықтарға «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»  пәнінен  сабақ  өтетін жалпы білім беретін кафедра болып табылады.
        2016-2017 оқу жылында кафедрада 18 штаттық бірлікте 21 оқытушы қызмет атқарды. Оның ішінде:1 тарих ғылымдарының докторы, 10 тарих ғылымдарының кандидаты (оның ішінде 6 доцент, 4 аға оқытушы); 10 магистр  оқытушы, 1 оқытушы. 
        Ғылыми дәрежелері мен атақтары бар профессор-оқытушылар    61 % -ды  құрайды. 
        
        3.    «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы
        Кафедрада бүгінгі күнде 3 ғылыми доктор, 10 ғылыми кандидат және 13 магистр қызмет жасайды 47 пайыз ғылыми атағы барлар. Кафедрада ПОҚ әрекетімен екі гранттық қаржыландыру ғылыми жобасы іске асыралуда.
        5В011400 – Тарих 
        Мамандықтың біліктілігі – тарих мамандығы бойынша білім бакалавры.
        Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Орта мектептер және арнаулы оқу орындарында тарих пәнінің оқытушысы, т.б.
        5В011600 – География 
        Мамандықтың біліктілігі – география мамандығы бойынша білім бакалавры.
        Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Орта және арнаулы оқу орындарында география пәнінің оқытушысы, т.б.
        5В020300 – Тарих 
        Мамандықтың біліктілігі – тарих мамандығы бойынша білім бакалавры.
        Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Ғылыми-зерттеу мекемелері және мемлекеттік басқару секторында  қызметкер, т.б.
        5В020800 – Археология және этнология 
        Мамандықтың біліктілігі – археология және этнология мамандығы бойынша білім бакалавры.
        Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми қызметкер, археолог, т.б.
        5В041900 – Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау   
        Мамандықтың біліктілігі – мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау мамандығы бойынша білім бакалавры.
        Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Мұражай және өлкетану жұмыстарын ұйымдастырушы, т.б.
        
        4.    «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы
        Барлық ПОК кұрамы – 30. Оның ішінде 1-п.ғ.д. академик, 1-Профессор, 7-   п.ғ.к., доценттер, 12- магистр, 15- аға оқытушы, 7- оқытушы қызмет жасайды 36 пайызы ғылыми атағы барлар.
        5В042100 – Дизайн   
        Мамандықтың біліктілігі – дизайн мамандығы бойынша білім бакалавры.
        Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Сәулет дизайны (Интерьер дизайнері), Графикалық дизайн  (Жарнама дизайнері), Костюм дизайны (Киім дизайнері), т.б.
        5В041700 – Сәндік өнер  
        Мамандықтың біліктілігі – сәндік өнер мамандығы бойынша білім бакалавры.
        Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Металдар мен асыл тастарды көркемдеуші зергер, т.б.
        5В041300 – Кескіндеме  
        Мамандықтың біліктілігі – кескіндеме мамандығы бойынша білім бакалавры.
        Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Көркемсурет және өнер, колледждерінде және мектептерінде оқытушы, т.б.
        5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу 
        Мамандықтың біліктілігі –бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім бакалавры.
        Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Орта мектептерде бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі, т.б.
        
        5.    «Өнер» кафедрасы
        Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: 1 – философия ғылым докторы; 4 – педагогика ғылым кандидаттары; 2 – ОҚМУ доценті, 24 -  аға оқытушы,  оның ішінде: 9 - педагогика ғылым магистрі; 11 - оқытушы,  оның ішінде: 2 - педагогика ғылым магистрі.
        1 - халықаралық ақпараттану академиясының корреспондент мүшесі, 1 - халықаралық ақпараттану академиясының академигі; 2 – ҚР Мәдениет қайраткері, 2- ҚР білім  беру ісінің үздігі, 1 - «Мәдениет майталманы», 7 – Халықаралық фольклор фестивальдерінің жүлдегерлері мен  лауреаттары, 23 – Республикалық және облыстық конкурстардың лауреаттары қызмет етеді.
        5В040200-«Аспаптық орындаушылық» мамандығы
        Мамандықтың біліктілігі: Өнер бакалавры
        5В040200-«Аспаптық орындаушылық» мамандығы бойынша кәсіби қызметтің нысаны: мәдениет және өнер ұйымдары, орта білім беру музыкалық оқу орындары, музыкалық редакциялар, шығармашылық ұжымдар (оркестр, ансамбль).
        5В040600 – Режиссура  
        Мамандықтың біліктілігі: Өнер бакалавры 
        Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: театрлар, шығармашылық орталықтары мен бірлестіктер, телестудия, киностудия, мәдениет пен өнер мекемелері, бұқаралық ақпарат құралдары.
        5В040900 – Хореография  
        Мамандықтың біліктілігі: Өнер бакалавры 
        Педагогикалық және хореографиялық өнерді насихаттауға саласындағы шығармашылық қызметі:
        - мәдениет мекемелерінде: шығармашылық орталықтар, сарайлар мен мәдениет үйлері, клубтар, мектептер, орта арнаулы оқу орындарының студиялары, өнер, балалар мекемелері.
        
        6 «Мәдени тынығу және әлеуметтік қызмет» кафедрасы
        Болашақ мамандарға ғылыми дәрежесі бар ғылым докторлары, ғылым кандидаттары  халықаралық  және республикалық байқаулардың лауреаттары  мамандықтың қыр-сырын үйретеді. 
        Мамандық студенттері тек білім ғылымда ғана емес шығармашылық тұрғыдан да үздік жетістіктерге жеткен.
        Кафедрада   оқытушылардың  ғылыми дәрежесі  31,7% құрайды. Ғылым докторы-2, 
        Ғылым кандидаты-9, PhD  доктор-1, Магистр оқытушы-10, Барлығы-44
        5В090500 – Әлеуметтік жұмыс
        Мамандықтың біліктілігі – әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша білім бакалавры.
        Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкері, т.б.
        5В090600 – Мәдени-тынығу жұмысы
        Мамандықтың біліктілігі – мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша білім бакалавры.
        Іс-тәжірибе және болашақ жұмыс орны: Мектептерде және мәдени орталықтарда мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастырушы, т.б.
                        
        5. Факультеттің зертханалары

Педагогика және мәдениет факультетінің оқу ғимараты

«Педагогика  және мәдениет» факультетінің электрондық кітапханасы

«Педагогика және мәдениет» факультетінің электрондық кітапханасы 

Оқытудың озық технологиясын қолданылған оқу сабақтары 

Педагогика және мәдениет факультетінің Акт зал

Педагогика және мәдениет факультетінің Акт зал

Арнайы би залы

 Студенттердің жеке көрме өткізетін  “Жетіасар” галереясы 

Студенттердің жеке көрме өткізетін  “Жетіасар” галереясы 

        6.    Факультет жатақханасы
        №1 жатақхана С. Жандосов көшесі №3 мекен жайында орналасқан

№1 Жатақхана сыртқы көрінісі

№1 жатақхана Акт залы

№1 жатақхананың компютерлік залы

№1 жатақхананың үздік бөлмесі

№1 жатақхананың асханасы

  1. Студенттер өмірінен ақпарат

Халықаралық жазғы мектеп тыңдаушылары Қожа Ахмет Яссауи  кесенесінде

“Климаттық өзгерістер және климаттық өзгерістерге бейімделу контексіндегі қоршаған орта” тақырыбы бойынша ұйымдастырылған сайыста М. Әуезов атындағы ОҚМУ тобы  ІІ орынмен марапатталды

Педагогика және мәдениет факультетінің студенттері ұйымдастыратын облыстық КИНО Арт кино байқауы

Факультет студенттері көрме орталығында

Факультет студенттері «Масленица» мерекесінде

Факультет студенттері облыстық орыс драма театрында

Факультет студенттері пәндік олимпиадан жүлдегерлерін құттықтау рәсімі