16 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінде «Нұрлы жол – біздің таңдауымыз» атты дөңгелек үстел болып өтті. Жиынға ЖОО ұстаздары, ғылыми институттың ғалымдары, ОҚО этномәдени орталықтарының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел отырысын ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жетекшісі Құрманбаева Тұрсынгүл Лесбекқызы жүргізіп отырды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент С.Ө.Карибаев «Қазақ мемлекеттілігі мен мемлекетінің өзекті мәселелері» атты баяндама жасады...