Факультет жаңалықтары

Тарихшылардың іс тәжірибесі

«Жалпы тарих, археология және география» кафедрасының педагогикалық «Тарих» 5В011400 мамандығының 3 – курс студенттері        М. Жұмабаев атындағы №39 жалпы орта мектебінде өздерінің кәсіби педагогикалық іс-тәжірибесін өтті. Топ жетекшісі – Мырзамсеитова Г.Е...

Масленицаны мерекелеу

Масленицаны мерекелей расында да ортақ және жалпы халықтық болып кетті. Бұл маңызды табынушылық мейрамының бірі болып саналады. Оның мақсаты – ұйқыдағы жерді ояту және жаңа жылда мол өнімді акелу.

Университеттің барлық факультеттері масленицаны шығарып салуына қатысты. Осы дәстүрлі іс-шарасына «Педагогика және мәдениет» факультеті де қатысты. Факультеттердің арасында Масленицаны мерекелеуіне дайындалу байқауы өткізілді. Осы мерекеге...

«БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЕЛ!»

Қазақстан халық Ассамблеясының 20 жылдық мерекесіне арналған «Халықтар достығымызды насихаттау» атты тақырыбында «Мәдениеттану, элеуметтік жұмыс жэне мұражай ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен №1 жатақханада 19.02.2015 ж. күні сағат 19:00 де іс-шара өтілді...

Тарихшы ұстаздармен кездесу

Ақпан айының 2-і күні қаламыздың Балалар және жасөспірімдер орталығындағы Оқушылар сарайында арнайы шақыру бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұстаздарымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай кездесу ұйымдастырылды. Ұйым директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары И.Көпжасаров жүргізіп отырған іс-шараға «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі...

Жолдау маңызы

Ақпанның 4-і күні № 8 оқу ғимаратының оқу залында Ақпараттық білім беру орталығының ұйымдастыруымен оқырман студенттер арасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауына арналған насихаттау жиыны болып өтті. Педагогика және мәдениет факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысқан отырысты АБО-ның бөлім меңгерушісі Ж.Ережепова жүргізіп отырды. «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент С.Карибаев

Нұрлы жол – біздің таңдауымыз

16 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінде «Нұрлы жол – біздің таңдауымыз» атты дөңгелек үстел болып өтті. Жиынға ЖОО ұстаздары, ғылыми институттың ғалымдары, ОҚО этномәдени орталықтарының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел отырысын ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жетекшісі Құрманбаева Тұрсынгүл Лесбекқызы жүргізіп отырды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент С.Ө.Карибаев «Қазақ мемлекеттілігі мен мемлекетінің өзекті мәселелері» атты баяндама жасады...

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Қаңтар айының 14-і күні университеттің бас ғимаратында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ мемлекеттілігінің мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Педагогика және мәдениет факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттар, студенттер қатысқан жиынға Алматы қаласынан ҚР БжҒМ Ғылым комитеті Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, т.ғ.к. Әуезхан Шашаев және жетекші ғылыми қызметкері  Рашид Оразовтар арнайы шақырылды. Іс шараны «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент С.Карибаев жүргізіп отырды.   

Тарихты білу – ұрпаққа парыз

22 қаңтар күні қаламыздағы А.С.Пушкин атындағы облыстық орталық әмбебаб кітапханасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарихты білу – ұрпақ парызы» атты тарихи-танымдық кездесу болып өтті. Іс-шараға белгілі ғалымдар қатысты. Ф.ғ.д., профессор Мекемтас Мырзахметұлы қазақ жұртының арғы-бергі тарихы мен ұлттық жадының сақталу мәселесіне тоқталды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Сәрсебай Карибаев қазақ тарихын зерттеудегі ғылыми бағыттар және кейбір тың мәліметтер туралы баяндады.

Ұлттық тарих мәселелері

10 қараша күні Шымкент қаласындағы Жаңа технологиялар колледжінде «Қазақ халқының ұлттық тарихы: қайнар көзі, даму кезеңдері және  мәселелері» атты облыстық ғылыми-теориялық конференция  болып өтті. Конференцияға облысымыздың жоғары оқу орындарының ғалымдары мен  орта арнаулы оқу орындарының тарихшылары қатысты.

Беттер

Subscribe to RSS - Факультет жаңалықтары