Спартакиада – 2019

      Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің оқытушы – профессор құрамы мен қызметкерлерінің арасындағы қаңтар айының 8-15 жұлдыздары аралығында спорттың 7 түрінен ( волейбол, футзал, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, қол күрес, арқан тарту) спартакиада өткізілді. Педагогика және мәдениет факультеті спорттың жеті түрінің бес түрінен жүлделі орындарға ие болды. Футзалдан – 1 орын, үстел теннисінен – 1 орын, арқан тартудан – 1 орын, волейбол – 2 орын, тоғызқұмалақтан – 2 орын. Спорттың 7 түрі бойынша жалпы командалық есепте Педагогика және мәдениет факультеті 1- орынды иеленді.