«Соңғы қоңырау» іс-шара

25.05.2018 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Педагогика және мәдениет»   факультеті   «Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының меңгерушісі Тлеубаев С.Ш.  және магистр, аға оқытушы  Губайдуллин А.Ө. Тұтқабаева М.А. Саухамбаева М.Ж. кәсіби бағдар беру жұмыстарын  атқару бағыты бойынша  Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында  өткізілген «Соңғы қоңырау»  іс-шараға қатысты.
    «Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедра меңгерушісі басшылығымен  оқытушылар №65 мектеп-гимназиясының директоры мен оқу ісі және тәрбие жөніндегі директордың орынбасарлары, оқытушылар ұжымы және 11 сынып оқушылармен кездесті. №65 мектеп-гимназия түлектеріне М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының- 5В090600 «Мәдени-тынығу жұмыс», 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары туралы  түсіндірілді және буклеттер таратылды.