Өнер

 
Кафедра меңгерушісі:
Тлеубаева Балжан Сейдрамановна,
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаты, «Қаракөз» би ансамблінің жетекшісі және балетмейстері.
 
 
 
 
Мекен жайы:  Шымкент қ., М.Ауезов атындағы ОҚМУ,  №8 ғимарат, 500 каб.
Телефон:  (8 7252) 36-71-21
Кафедраның тарихы
Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы» Заңының 43  бабы  1  тармағы, 44  бабы  2 тармағы, Қазақстан  Республикасының  «Мемлекеттік  мүлік  туралы» Заңының  138  бабы  2  тармағы  және  оқу  орыны  Жарғысының  4  бөлімі  25  тармағы  талабын  басшылыққа  ала  отырып:
«Педагогика  және  мәдениет»  факультеті  құрамындағы  «Хореография», «Өнер»  және «Режиссура  және  актерлік  өнер»  кафедралары  негізінде  жаңа  атаумен  «Өнер»  кафедрасы  болып  қайта  құрылсын. 
 
5В040900 – «Хореография» мамандығы.
1985 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының «Мәдени ағарту жұмыстарының теориясы мен тарихы» кафедрасының құрамында Қазақстан бойынша алғаш рет «Хореография» мамандығына талапкерлер қабылданды. 
1989 жылдың қараша айында мамандық өз алдына кафедра болып шығып институт бөлімінің біріне айналды. Алғашқы меңгерушісі қызметіне кафедраның негізін қалаушы философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР мәдениет қайраткері және білім үздігі, Сералы Шабаевич Тлеубаев тағайындалды.
2003 жылдан қазіргі уақытта кафедраның меңгерушісі қызметін п.ғ.к., доцент, Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Б.С. Тлеубаева атқаруда.
Кафедра – 050409, 5В040900 - «Хореография» мамандығы бойынша, хореография педагогы біліктілігіне ие болатын бакалавр мамандарды дайындайды.
Біздің түлектер Қазақстанның әр облысында, жақын және алыс шет елдерінде мамандығы бойынша қызмет атқаруда. Кафедра ұжымының басты міндеті мен бағыты оқу-әдістемелік жұмыстарының сапалығын арттыру.
Хореография мамандығын бітірген түлектер арнайы мектептерде, колледждерде педагог-хореограф ретінде, хореографиялық ұжымның жетекшісі, балетмейстер ретінде, би театрларында, Мемлекеттік би ансамбльдерінде әртіс ретінде қызмет атқарады.
 
Шығармашылық байланыстары
Кафедрадағы ПОҚ құрамының балетмейстерлік шеберлігін және студенттердің орындаушылық шеберлігінің біліктілікті жоғарылату үшін, кафедраға Өзбекстан Республикасының халық әртісі, мемлекеттік «Узбекистан» би ансамбілінің басты балетмейстері Муминов К.Т. шақырылды. Хореография кафедрасына Т. Жургенов атындағы Қазақстан Мемлекеттік өнер академиясы әдістемелік көмек көрсетті .Хореография факультетінің деканы, доцент Андосов К.Н.,  ҚР еңбек сіңірген әртітері Гончарова Н.Л. Асылгазинов Е.А.  мастер-класс өткізсе, Модерн-биінен мастер-класты біздің түлегіміз Эрика Цимбровская (Израйл) өткізді.
Кафедрада хореография педагогтары мен хореография ұжымына арналған облыстық, қалалық, жеке біліктілікті жоғарылату  курстары жиі өткізіліп тұрады. 2010 жылы «Қазақ биі және шығыс халқының билері» бойынша Республиканың біліктілікті жоғарылату курсы өтті. Қазақстан Республикасна еңбек сіңірген әртіс, өнертану кандидаты, Қаз.Мем.қыз.П.У. хореография кафедрасының меңгерушісі Тойған Ізім және Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, Өзбекстанның Жоғарғы хореография мектептерін жетекші оқытушысы Ектибор Норова. Осы семинарға Алматыдан, Павлодардан, Түркістаннан, Қызыл-Ордадан және Шымкенттен келген 20-дан астам хореографтар қатысты.
                       
Білімнің тұжырымдамасы
Хореографиялық өнерді оқытуда, оқытушылардан өнер түрлерінің - кескіндеме, музыка, мүсін, архитектура, сахналық костюмдер және т.б. әртүрлі өнер саласы мен жанрларынан кең көлемде білім алуын талап етеді. Күнделікті жаңартылып отыратын бидің формасы және стилі классикалық би дәстүрінің басты талаптарымен сәйкес келеді. Сондықтан өнердің барлық түрін меңгеру үшін, біркелкі жаңашылдық және дәстүрді  кең көлемде хореографиялық білім үйретудегі диапазондық түрде қалыптастыру. Сол пікір бойынша ақпараттық білімді айырбастау, педагогикалық және психологиялық шығармаларды, арнайы пәндердің тіркесінің  пән аралығына байланысты үлкен мағына берді.
Болашақ хореография оқытушылары шетел тілін мүмкіндігінше білу қажет (бидің тілін түсіну қажет). Шетел тілінен басқа мәдениетке байланысты жеке психология және жеке ара қарым-қатынас коммуникативті  дамытуға кіреді, «жүргізіп сынау» бұл білімді практикалық сабақта жаттығуларды синтативті тәрбиелік мәдениетіне байланысты болады.
 
Тұжырымдай келе біздің білімде керекті пікірлер бар:
Жекешелендірілген және жеке білімге ұмтылу, өзара толықтап барынша жеке дара құрылымдау
Көрнекілік пікір және оқуды біліктендіру,
Оқуды  ауызша және жазбаша тіркеу пікірі
Білімнің шектеусіз пікірі
Білімнің жүйесімен пікірі
Кафедра меңгерушісі Тлеубаева Б.С. барлық осы пікірлерді практикалық оқытуға, әдістемелік қорытындылау және  ілгері монографиялық теорияға  негізделген  іске асырылды.
2012 жылдың 24 желтоқсанындағы шет елдерде мамандар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімі бойынша п.ғ.к., доцент Б.С.Тлеубаева халықаралық «Болашақ» стипендиясын иеленіп, Москва қаласында 2013 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында іс-тәжірибеден өтті.
2014ж. п.ғ.к., доцент Тлеубаева Б.С. Алматы қ. «Хореография» мамандығы бойынша Республикалық пән олимпиадасына студенттерді кәсіби деңгейде дайындағаны үшін марапатталды.
 
Шығармашылық өмір
Облыстық опера және балет театрының ашылуы – қала тарихындағы үлкен оқиға.
Театры өзінің алғашқы маусымын Д.Вердидің «Травиата» операсының алғашқы қойылымымен ашты және бұл Ұлы италияндық  композиторды еске алу ғана емес, сонымен қатар, оның шығармасына және жалпы операға деген жаңа көзқарастың өзіндік әрекеті.
 Верди көптеген көрермендерге операның кейіптеушісі болып табылады. Композитор өзінің шығармасымен XIX ғасырдың италия операсының биік шыңына жетті. Атақты балетмейстер  Б.С.Тлеубаеваның қойған билері операда ерекше орынға ие болды. Оған «Хореография» кафедрасының перспективті оқытушылары мен студенттері де ат салысты. Актерлік шеберлік жинаған, талантты бишілер С.Мырзаев және Қ.Бимурзаева орындаған «Сыған» және «Испан» матадорлары операның негізгі би сахнасы болып табылады. Олардың орындауында осы халықтың биіне деген құштарлық пен жігерлік, адал сезім көрініп тұрды. Балетмейстер психологиялық музыкалы драманың дамуын, қаһармандардың күйзелісін және сезімін  қимылмен ашық көрсетуге тырысты. Опералық спектакльдегі таза би сахнасында балетмейстер тек қана балет артистерімен шектелмейді, сонымен қатар, опера солитеріне және хор артистеріне аса назар аударуға міндетті. Балетмейстер режиссер-қоюшының опера спектаклінің иілгіштік жағынан кейіптендіруіне  көмектесу керек.
Сондай-ақ «Қазақстанда француз мәдениеті апталығы» күніне орай хореография кафедрасы әлемдік деңгейдегі биші хореограф Жан-Клодом Памбэ Вуайаком және биші Бернаром Вуайаком Памбэмен жаңа үлгідегі «хип-хоп» стилінде мастер-класс өткізді. Олармен біздің студенттер ағылшын және француз тілдерінде сөйлесіп, қарым-қатынас жасасты.
 
«Қаракөз» ансамблінің жетістіктері
Хореография кафедрасында 1989 жылдан бастап студенттер мен жас оқытушылар құрамынан тұратын «Қаракөз» би ансамблі құралған. Ансамбльдің  репертуарында әр ұлттың халық билері, еркін классикалық, қазіргі заман биі және спорттық-бал билері көркемделген. Бүгінде аталмыш ансамбль университет пен кафедраның шығармашылық өмірінен алар орны ерекше.
«Қаракөз» би ансамблінің лауреаттары мен жүлделі жеңімпаздары Халықаралық және республикалық жастар шығармашылық фестиальдар, барлық конкурстар мен мерекелік іс-шаралар мен Түркістан қаласында өткен Дүниежүзілік Құрылтайда өз өнерлерімен университетті жақсы қырынан көрсетті, алдағы уақытта да жақсы жағынан таныла беретіні сөзсіз.
«Қаракөз» би ансамблі М. Әуезов атындағы ОҚМУ – дің концерттік бірлестік құрамында 2009 жылы Ресейдегі Қазақстан Республикасының елшілігінің шақыруымен Мәскеу қаласында Қазақстанның «Тәуелсіздік күніне» арналған концерттік бағдарламаға қатысты.
2010 жылы тағы да осы елшіліктің шақыруымен «Наурыз» мерекесін тойлауға, қазақ халқының дәстүрімен таныстыруға  Мәскеу қаласында өткен концерттік бағдарламаға қатысты. Концерттер Москва облысы Зеленоград қаласының мәдениет сарайы мен Москва қаласындағы музықалық бөлме үйінде өтті.
I -Республикалық Шара Жиенқұлова атындағы қазақ би байқауының дипломанты,
1994 жылы Республикалық телеарнада арнайы «Қаракөз ансамблі билейді» атты жарты сағаттық коцерттік бағдарлдама берілді.
I-Турцияда Ялова Қаласында өткен Түркітілдес елдерінің Халықаралық би фестивалінің лауреаты
I-Республикалық «Жас толқын» студент жастар фестивалінің лауреаты
I I-Республикалық Шара Жиенқұлова атындағы қазақ би байқауының лауреаты
I және IV Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты
2012 жылы Шара Жиенқұлованың 100 жылдық мерей тойына арналған IV Республикалық қазақ биі конкурсында 1 және 2 дәрежелі лауреат атағын иеленді.
 
2012 жылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында би өнерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Таңшолпан» хореографиялық би байқауына қатысып І-орынды иеленді.
2013 жылы Республикалық «Бұраң бел» би байқауына жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін 14 би ұжымының ішінен 2-ші орынмен марапатталды.
 М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2014 жылы 25-сәуір күні Халықаралық Би күніне және Қазақстан Республикасының спорттық-бал биінен 2 дүркін чемпионы Шағырбаев Қайратты еске алуға арналған қалалық мектептер арасында «Хореография» кафедрасының ұжымы мен студенттері ұйымдастырған байқау өткізілді. Байқауға 12 қалалық мектептер мен 3 би студиялары қатысты.
Ансамблдік орындауда 10-11-сынып оқушылары белсенділік танытты, жеңімпаздар орындармен, бағалы сыйлықтармен және дипломдармен  марапатталды.
Марапаттаулардан кейін көрермендерге байқау жеңімпаздарының, «Хореография» мамандығы 1-4-курс студенттерінің, «Қаракөз» би ансамблінің және Қайрат Шағырбаев би үйренген «Седьмой континент» спорттық-бал биі ансамблінің  қатысуымен Гала-концерт өткізілді.
 
Ансамблдік орындауда 10-11-сынып оқушылары белсенділік танытты, жеңімпаздар орындармен, бағалы сыйлықтармен және дипломдармен  марапатталды.
Марапаттаулардан кейін көрермендерге байқау жеңімпаздарының, «Хореография» мамандығы 1-4-курс студенттерінің, «Қаракөз» би ансамблінің және Қайрат Шағырбаев би үйренген «Седьмой континент» спорттық-бал биі ансамблінің  қатысуымен Гала-концерт өткізілді.
2014 ж. Алматы қаласында 12- 17 мамыр аралығында өткен Fiestalonia-Almaty атты халықаралық конкурсында «Каракөз» би ансамблі  І орынға ие болды. Жетекшілері: к.п.н., доцент Тлеубаева Б.С., репетиторы Мырзаев С.А., Турдиева А.А. (диплом)  2015 жылдың 27 мамыр күні «Каракөз»  би ансамблі «Дельфий ойындары» республикалық байқауында І орынға ие болды. Жетекшісі к.п.н., доцент Тлеубаева Б.С., репетиторы Мырзаев С.А., Турдиева А.А.
 
 
«XII Ұлттық Дельфий ойындары» атты республикалық байқауда «Қаракөз» би ансамблі бас жүлдені ұтып алған болатын. Жетекшісі п.ғ.к., доцент Тлеубаева Б.С., дайындық жүргізуші Турдиева А.А. (Степногорск  2016ж.)
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Жыл студенті -2016» атты байқауында «Қаракөз» би ансамблінің солисті ПиК-14-9р тобының 3 курс студенті Сарсенбек М. «Үздік биші» номинациясына ие болды. Сонымен қатар Ақтөбе қаласында өткен Нұрсұлу Топаловаға арналған «Бидің-нұры Нұрсулу» атты республикалық байқауда ІІ орынға ие болды. 
2016 жылдың 25 қараша 10 қантар аралығында шейх Зайд және Султан Аль-Нахаян атындағы «Мәдени мұра» атты біріккен Араб Эмираты, Абу-Даби қаласында өткен фестивальге «Қаракөз» би ансамблі қатысқан болатын. Сонымен қатар ҚР елшілігімен ұйымдастырылған, біріккен Араб Эмиратында өткен Қазақстанның тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және 2016ж 2 желтоқсан күні біріккен Араб Эмираты мемлекетінің «Білім күніне» арналған концерттік бағдарламаға қатысып, алғыс хатпен марапатталған.
«Қаракөз» би ансамблі  Шымкент қаласында өткен Қазақстанның тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Дәстүрлі өнер» атты  фестивальге қатысып, ІІІ орынға ие болды.  
 

2017 жылы «Қаракөз» және «Жастар» би ансамблі Түркістан қаласында өткен халықаралық «Бұраң бел» фестивалінде ІІ орынға ие болды.

 
Студенттің өмірі
2010 жылдың наурыз айында ССР халық әртісі,  Қазақ мемелекетінің  лауреаты, өнертану профессоры, мемлекеттік академиялық би театрының жетекшісі Болат Аюхановпен кафедра студенттерімен  кездесу ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі және «Наз» мемлекеттік би театры әртістерімен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылды.
2013 жылы университетіміздің 70 жылдығына «Хореография» кафедрасының негізін салушы философия ғылымдарының докторы, доцент Тлеубаев Сералы Шабаевич студенттермен репитиция жүргізіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті және кафедра мен университеттің тарихы жайлы айтып өтті. «Хореография» кафедрасының студенттері осы кафедраның негізін салушы тұлғамен кездесуде көптеген сұрақтар қойып, онымен әңгімелескендеріне өте қуанышты болды.
Кафедра студенттері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің 70 жылдық мерейтойының концерттік бағдарламасына белсенді қатысты.  «Қазақ далам» және ретро стиліндегі «Шаттық отаным» атты жаңадан қойылған би композицияларын орындады.
Бас балетмейстері -  Тлеубаева Балжан Сейдрамановна.
2014ж. Алматы қ. «Хореография» мамандығы бойынша Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында өткен Республикалық пән олимпиадасында 3 студент қатысып 2-3 және жоғары деңгейде кәсиби билимі үшин  диплом және грамотамен марапатталды.
2017 жылдың  31 - 3 қараша аралығында Сочи  мемлекеттік университетінде    «Ресей жастар және балалар қоғамының ұлттық кеңесі» атты  қоғамдық бірлестік ассоциациясы, жастар ісі жөніндегі Федералды агенттік ІІ Ресей –Қазақстандық жастар форумы өткен болатын.
Іс-шарада 4 курса студенттері: Султанхан А, Серказиева А, Ережеп М,  Молдабекова Г, Базарбай А. қатысқан болатын. Дискуссиялық тақырыптары:
1. «Интеграции России и Казахстана в единое экономическое пространство в рамках ЕВРАЗЭС: проблемы правового, социально-экономического и финансового взаимодействия»;
2. «Молодежное международное сотрудничество: культура, образование, гражданское общество».
Хореография мамандығының студенттері форумда доклад оқумен қоса, сондай-ақ студент жастар арасында концерттік бағдарламада өнер көрсеткен болатын.
   

2017 жылы Астана қаласында 100 мемлекетті және әлемдік корпорацияларды біріктіретін, түрлі бағыттағы өндіріс, технология, өнер, білім, ғылым әлемдік жетістіктерді көрсететін бүкіл әлемдік -  ЭКСПО  көлемді көрмесі өткен болатын. «Экспо 2017» көрмесіне біздің студенттер де қатысып қайтты. Хореография мамандығының студенттері көрмені көріп қана қоймай, мерекелік іс-шараға қатысқан болатын.

 

2017 жылдың 9 қараша күні оқытушылар мен студенттік жастардың ұйымдастыруымен хореография мамандығының 1 курс студенттерін мамандыққа баулу кеші өтті. Іс-шара ретро стилінде ұйымдастырылып, өткен болатын. Сондай-ақ мерекелік іс-шарада түрлі жанрдағы билер орындалып, флэшмобпен жалғасын тапты.

5В040900-Хореография мамандығы студенттерінің іс-тәжірибесі
«Хореография» кафедрасы ОҒӨК құру бойынша көптеген мекемелермен келісімшартқа отырған. Бұл жерде ОҒӨК – оқу, ғылыми-өндірістік кешені.  Университеттің және базалық мекеменің (ұйым, мекеме, өндіріс саласы) ОҒӨК  болашақ мамандар дярлауда бірлесіп атқарар жұмыстарды  үйлестіру үшін құрылады.  Білім, ғылым және өндіріс орнының интеграиялануы формасы болып табылатын бұл одақ оқытушылар мен мекеме қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыруға, ғылыми зерттеулерді апробациялау және пайдалануға, оқу және оқу-ғылыми жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында өте тиімді.
Оқытушылар құрамының біліктілігін жоғарылату мақсатында ОҒӨК базаларында сабақ жүргізу бойынша оқу бағдарламалары кафедрада жасалған, кәсіптік пәндерден сабақ жүргізу бойынша ОҒӨК-мен байланыс орнатылған. Кафедра студенттері ОҒӨК базаларында оқу, педагогикалық және дипломалды іс-тәжірибелерін өтеді.
ОҒӨК бойынша оқытушылар құрамының біліктлігін жоғарылату мақсатында кафедрада оқу бағдарламалары жасалынған. Салалық пәндер бойынша өзара қарым-қатынас жүзеге асырылған. ОҒӨК базаларында кафедра студенттері оқу, педагогикалық және диплом алдындағы  іс-тәжірибелерден өтеді.
 Кәсіби тәжірибе жоғары білімнің оқу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Іс-тәжірибелер оқу, педагогикалық және диплом алдындағы болып үшке бөлінеді.
Студенттер үшін оқу іс-тәжірибесі алынған теориялық және тәжірибелік білімдерді жүзеге асырудың тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады және хореограиялық ұжымның тынысымен, ондағы ұйымдастырушылық, басқарушылық жұмыстармен танысуға мүмкіндік береді.
Педгогикалық іс-тәжірибе хореогрфиялық пәндерді оқытудың тәжірибелік дағдыларын үйренуіне негіз болады және студенттердің педагогикалық қызметке жауаптылығын арттырады, кәсібилігін шыңдайды, өз жұмысына шығармашылық көзқарасы мен  қызығушылығын қалыптастырады.
 Диплом алдындағы тәжірибеден өту кезінде студенттердің «Классикалық, халықтық-сахналық, спорттық, балдық, тарихи-тұрмыстық, заманауи билерді оқыту әдістемесі», «Хореография ұжымымен педагогикалық жұмыс», «Хореография ұжымымен ұйымдастыру- шығармашылық жұмыстар» және т.б. курсын оқу бойынша шеберліктері мен дағдылары, білімдері бекітіліп, тексеріледі.
Бағдарламаның студенттері облыс пен қаланың 10 мекемесінде, сонымен қатар ОҒӨК іс-тәжірибеден өту орындары:
№ 47 мектеп-лицейі
№64 орта мектебі
«Би таңы» би мектебі
Балет мектебі
Балалар өнер мектебі 
Қызылорда қаласындағы М.Маметова ат. гуманитарлық колледж
Облыстық опера және балет театры
КЭиП ансамбль «Мейрам»
№9 көркем гиманстика бойынша ЖмБСМ    
Қалалық балалар мен жас өспірімдер  орталығы
Тәжірибе базалары білім беру бағдарламасының саласына сәйкес келеді, іс-тәжірибе жетекшілері болып ұйымдардың өкілдері мен кафедраның тәжірибелі оқытушылары тағайындалады. Кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру есеп құжаттарын құру, тәжірибе базасының жұмысына қатысу, іс-тәжірибе жетекшілерін анықтау, іс-тәжірибе базасымен танысу, алдын-ала кеңес берулерді қарастырады. Кәсіби іс-тәжірибеден өту қорытындылары кафедра меңгерушісі құрған арнайы комиссияның отырысымен қаралып, ол хттамамен рәсімделеді және іс-тәжірибе күнделігінде, іс-тәжірибе жетекшілерінің пікірлерінде, ведомостар мен студенттің сынақ кітапшасында көрініс табады. Студенттердің ұйымның өміріне тікелей араласуы педагогикалық саладағы маманның біліктілік талаптарына сай тәжірибелік дағды алуын нығайтады. Кәсіби ортада болған студенттер ең алдымен қойылым жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесін игереді.  Кафедраның жетекші оқытушылары кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік құралдар мен іс-тәжірибе бағдарламасын даярлаған.
2013-2014 оқу жылындағы «Хореография» кафедрасының іс-тәжірибелерден өту кезі: ПИК 12–9р тобы оқу тәжірибесінде, ПИК 11-9р тобы педагогикалық тәжірибеде, ПИК 10-9р тобы диплом алдындағы тәжірибеде.
 
Біздің түлектеріміз
Біздің бітірушілеріміздің көбі өз мамандығының шебері болып табылып жүр, біразы Қазақстан Республикасының бірегейлі атақтарына ие болып, ғылыми тұрғыда және көркемдік іс-шараларда биіктен көрініп жүр.
Біздің мамандар осы күнге дейін ҚР-ның түпкір-түпкірінде мәдени ағарту жұмыстарын жүргізіп отырғаны, бізге келген пікірлерден байқалады. Сонымен қатар, мамандардың биік кәсіби деңгейі белгіленіп жүр.
Біздің көп бітірушілеріміз би ұжымдарының жетекшісі, би өнерінің оқытушысы ретінде Қазақстан Респубикасында және шет елдерінде қызмет етуде.     
АҚШ- Наталья Ужвак
Греция- Р. Чалукиди, О. Ткаченко
Германия- Ф. Гофф, Т. Акст, Н. Вольф
Араб елінде  - М. Бижанова, Ж. Абуова.
Ресейде - Р. Медетова, В. Нарежная, Д. Пак, И. Байда, М. Цыбулько, Е.
Колотченкова, А. Кныш, Н. Ким, Е. Носкова.
Біздің бітірушілеріміздің ішіндегі мақтаныштарымыз Қазақстан елінде лауазымды қызметтерін атқаруда: 
Қарлығаш Айтқалиева – Өтемісов атындағы БҚМУ-нің кафедра меңгерушісі, өнертану ғылымының  кандидаты.
Гульнар Мамбетова – Актобе облыстық  филармониясының «Аққу» би ансамблінің көркемдік жетекшісі
Абдрасул Есекеев – Астана облыстық  филармониясының «Шалқыма» би ансамблінің көркемдік жетекшісі
Зауре Ажибекова – Оңтүстік Қазақстан облыстық  филармониясының «Қазына» би ансамблінің көркемдік жетекшісі, педогогика ғылымының кандитаты
Урляим Анаркулова – Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің хореография кафедрасының меңгерушісі
Турдиева Азиза – Х.А. Ясауй атындағы ХҚТУ «Хореография» кафедрасы меңгерушісі
 
5В040600 «Режиссура»  мамандығы.
2004 жылдан бастап «Режиссура» және «Актерлік өнер» мамандығына студенттер қабылдана бастады.
2008 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректорының бұйрығымен «Режиссура және актерлік өнер» жеке кафедра болып өз алдына бөлініп шықты. Кафедра меңгерушісі болып аға оқытушы Сапаров Иманәлі Сапарұлы  тағайындалды.
2009–2012жж. аралығында кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мухамедин Марат Мұхамедияұлы басқарды.   
2012-2015 жж. аралығында кафедраны Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі, педагогика ғылымдарының кандидаты  Қашағанова Тұрсынхан Үсенқызы басқарды.
         2015 жылы «Педагогика  және  мәдениет» факультеті  құрамындағы  «Хореография» және «Режиссура және актерлік өнер» кафедралары негізінде жаңа атаумен «Өнер» кафедрасы  болып қайта құрылды.
Қазіргі таңда кафедрада: 5В040900 - «Хореография» мамандығы бойынша өнер бакалавры біліктілігіне ие болатын мамандарды дайындайды. Сонымен қатар ғылыми және педагогикалық бағыт 6М040900 «Хореография» мамандығы бойынша магистратураға құжаттар қабылдануда. Оқу мерзімі 1, 1,5, 2 жыл. Оқу тамамдаған соң өнер ғылымының магистрі деген диплом  беріледі. 5В040600 - «Режиссура» мамандануы: «Көпшілік қойылым мен шоу бағдарлама режиссурасы» және «Драма театрының режиссері».  Оқу мерзімі – 5 жыл.
Болашақ мамандардың жұмыс орындары:
  • Театр, шығармашылық орталықтар, радио және телестудия, киностудия, мәдениет мекемелері және жоғары өнер оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдары.
  • Мемлекеттік және жекеменшік мәдени мекемелердегі режиссер;
  • Мәдени мекемелерде басшылық және әдіскерлік қызмет;
Мамандықтың оқытушы-профессорлық құрамы халықаралық, аудандық, республикалық, ғылыми-методикалық, ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады.
Кафедраның оқытушы- режиссерлары облыстық, қалалық, университеттік көлемдегі іс-шараларды ұйымдастырып өткізеді. Сонымен қатар театрландырылған көпшілік қойылымдар мен шоу-бағдарламаларда практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді.  
                                              
Шығармашылық байланыстары
Профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттердің педагогикалық режиссерлік және актерлық шеберлігін шыңдау мақсатында, кафедраға Қазақстан Республикасына  еңбегі сіңген қайраткер, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының академигі Туранқұлова Д.Т, А.Қадыри атындағы Ташкент мемлекеттік мәдениет институтының филология ғылымдарының кандидаты, профессор  Галиев Ш.Г., Өзбекстан Республикасына еңбегі сіңген әртіс, Өзбекстан мемлекеттік мәдениет және өнер институтының доценті Каххаров Е.О., А.Қадыри атындағы Ташкент мемлекеттік мәдениет институтының философия ғылымдарының кандидаты, доцент  Ахмедов Ф.Е, шақырылды.
 
Білімнің тұжырымдамасы
Режиссерлік өнерді үйретуде, педагогтан. әртүрлі өнер саласы мен жанрларынан кең көлемде білім алуын талап етеді. Замануи кезеңде мамандықты толықтай игеру үшін,  білім бағдарламасы  теориялық және тәжірибелік негіз бойынша  жасалған. Алдын-ала бекітілген сабақ кестесі, лекциялар, курстар, практикалық сабақтар, және міндетті түрде режиссура процессі.  Бірінші күннен бастап студенттер түрлі практикалық жұмыстарға - сценарий жазудан бастап, драмалық шығарманы және көпшілік шоу-бағдарламаны сахналастыруға дейін меңгереді. Педагогтардың құрамында режиссер, сценарист, продюссер, оператор, дыбыс режиссеры, қойылым –суретші болғандықтан студенттерге осындай стратегия қолдана аламыз.
Үлкен көңіл арнайы пәндердің педагогика және психология шығармашылығы, оқу ақпараттарымен алмасу, пәнаралық байланыстар мен принциптеріне бөлінеді.
Болашақ режиссер-педагог шетел тілін меңгермей, өзге елде біздің елді насихаттай алмайтыны анық. Студент мәдени қарым-қатынас жасау үшін, тілден бөлек коммуникативтік қабілет те қалыптасуы тиіс, сондай ақ тұлғалық және тұлғааралық психологияны меңгеру нәтижесінде  ғана жетістікке жете алады.
 
 
Шығармашылық өмір
Болашақ профессионалды маман болуда ең басты фактор өзіндік қалыптасу қабілеті болып табылады. Студенттерді жобалық – шығармашылық қызметке үйрету,  маманды үнемі туындап отыратын заманауи білім тұжырымдамасына, шығармашылық теориялық және практикалық мәселелерді шешуге бағыттау. 
Жеке тұлғаның өзіндік қалыптасу теориясы адамның ішкі жан-дүниесіне көңіл бөлуді талап етеді. Сондай-ақ осы мамандықтағы оқытушылар мен студенттер оқу процесімен қатар  облыс, қала және университет көлемінде мәдени көпшілік іс-шаралар мен  қойылымдардың сценарийін  жазып, автор - режиссері болып табылады.
 
  1. «Борьба против коррупции» - обладатель гран-при
  2. Команда КВН «Барс» участие в финальной игре супер лиги КВН-награждены  дипломом
  3. «День театра» - награждена ст. 4 курса Данилова Лилия Благодарственным письмом департамента культуры ЮКО.
  4. Международный конкурс КВН «Жайдарман – 2009» - 2 место команда КВН «Барс».
  5. «Өнер алды -бірлік» - награждена ст.3 курса Омирбек М. Благодарственным письмом акимата ЮКО  
  6. Мероприятие посвященное к 100-летию великого полководца Бауыржана Момышулы - организовано и проведено в Республиканском масштабе в Тюлькубасском районе.
  7. К 65 летию Великой Победы театрализованное представление «Слава- народу победителю!» 
  8. «Желтоқсан жаңғырығы» - театрализованное представление посвященное ко дню независимости Республики Казахстан.
  9. «Ел - ерімен даңқты» -  ко дню открытии аллеи олимпийских чемпионов и.т.д. .
     
 
Студенттердің бос уақытында шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуы тәрбие жұмысының басты факторы болып табылады.
2010ж М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Педагогика және мәдениет» факультетінің жанынан аға-оқытушы Е.А. Жолдасовтың жетекшілігімен талантты жастарға арналған «Өркен»  театр-студиясы құрылды.  «Өркен»  театр-студиясы өз шымылдығын «Біздің жатақхананың қыздары» атты спектаклімен салтанатты түрде ашты.
2010ж. театр ұжымдары арасында өткен «Балөнер» байқауында «Өркен» театры өнер көрсетіп,  дипломант атағына ие болған болатын.
Ал 2011ж. «Өркен» театры «Балөнер» байқауында «Үздік режиссура» номинациясының жүлдегері атанды.
«Өркен» театры Актобе қаласында өткен Республикалық «Балауса-2016» жастар театрының фестивалінде «Ең үздік классикалық үлгідегі ер образы» және «Екінші пландағы актер» номинациясын жеңіп алды. 
Бүгінде  «Өркен»  театр-студиясы   «Халық театры» лауазымына лайық. Олар спектакльде ойнап қана қоймай, суретші-безендіруші, сценарист, жарық қоюшы т.б. ұйымдастырушылық жұмыстарымен айналысады.                                                                                   
                                                                       Е.Жолдасов спектакль «Дезертир»                              Драматург Д.Исабековтың спектаклі                                                                                         
                                                                                                                                                                  «Құстар фестивалі»
 

Репертуар театра-студии «Өркен»  

  1. «Біздің жатақхананың қыздары» (комедия) – 2010 ж. автор и режиссер – Е.А.Жолдасов;
  2.  «Күйеуім болыңызшы» (комедия) – 2010 ж., автор и режиссер – Е.А.Жолдасов;
  3. «Әпке» (драма). Д.Исабеков – 2010 г., режиссер – Е.А.Жолдасов;
  4. «Келін келеді немесе Біздің келін тамаша (комедия) – 2011 ж., автор и режиссер – Е.А.Жолдасов;
  5. «Біздің жатақхананың жігіттері немесе Коменданттан сәлем хат (комедия) – 2011 ж., автор и режиссер – Е.А.Жолдасов;
  6. «Шатыр астындағы екеу» (комедиялық драма) – 2011 ж., автор и режиссер – Е.А.Жолдасов;
  7.  «Микроскоп»  В.Шукшин (комедия) – 2010 ж., режиссер – Е.А.Жолдасов;
  8. «Қыздарлар VS балдарлар» (театрландырылған шоу концерт) – 2011 ж., режиссер – Д.Тұрдыматов
  9. «СПИД – замана қасіреті!» (театрландырылған қойылым) – 2010 ж., режиссерлер – Б.Садықбеков, Е.Жолдасов;
  10.   «Ғашықтар мекені» (театрландырылған қойылым)  – 2010 ж., режиссерлер: Ұ.Бижанов, Е.Жолдасов
  11.  «Өмір орманында адасқандар» (театрландырылған қойылым) – 2011 ж., режиссерлер: І.Бөлеханова, Е.Жолдасов;
  12.  «Жұмақтың кілті жаныңда. Ата-ана қадірі» (театрландырылған қойылым) – 2011 ж., режиссерлер: М.Алибжанова, Е.Жолдасов;
  13.   «Махаббатым мәңгілік!» (театрландырылған қойылым)  – 2011 ж., режиссер – Р.Алтынбеков, Е.Жолдасов;
  14.  «Ақталмай қалған бір үміт» (театрландырылған қойылым)  – 2011 ж., режиссерлер: А.Айтмұхаммед, Е.Жолдасов;
  15.  «Жұбайлар шаттығы» (театрландырылған қойылым) – 2012 ж., режиссерлер: Б.Нұрымов, Е.Жолдасов;
  16. «Елес» (қиял-ғажайып драма) С.Дюбэ. – 2013 ж.
  17. Күнәһар» (психологиялық триллер) Н.Шьямалан – 2013 ж.
  18. «Матриархат» (комедия). Е.Жолдасов – 2013 ж.
  19.  «Бақташы» (драма). Е.Жолдасов – 2014 ж.
  20. «Кім » (психологиялық триллер). А.Кашьяп. -  2014 ж.
  21. «Бажа тату болса» (комедия). Е.Жолдасов. – 2014 ж.
  22. «Жұлдыздар сөніп барады».(тарихи драма) Е.Жолдасов – 2012 ж.
  23. «Махаббат туралы аңыз» (драма), Н.Хикмет. – 2013 ж.
  24. «Руханият көктемі» (театрландырылған қойылым) – 2011 ж.
  25. «Тор ішіндегі адамдар» (драма). Е.Жолдасов – 2013 ж.
  26. «Адасқандар» (триллер) А.Кашьяп. – 2015 ж.
  27. «Тыныштық күзетшісі» (драма). Д.Исабеков – 2015 ж.
  28. «Жұмақтың кілті жаныңда» (драма) Е.Жолдасов – 2016 ж.
  29. «Дезертир» (психологиялық драма) Е.Жолдасов – 2017ж.

 

2012ж. «Бал өнер» қалалық балалар және жасөспірімдер театр ұжымдарының байқауында – аға оқытушы Сапаров И.С. және Жолдасов Е.А. «Үздік режиссура» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды,  сонымен қатар кафедраның «Өркен» студенттер театрына  лауреат атағы берілді.
2015ж. мамандықтың студенттері Ақтөбе қаласында өткен Республикалық жастар театры «Балауса-2016» фестиваліне қатысып, «Ең үздік классикалық ер образы» және «Екінші пландағы үздік актер» номинациясына ие болды.
2017ж. 9 қараша күні 1 курс студенттеріне арнайы мамандыққа баулуға арналған кеш ұйымдастырып, өткізілген болатын. 
   
Көпшілік іс-шараға «Режиссура» мамандығының бүкіл курстары атсалысып, қатысқан болатын. 1 курс студенттері үшін тосын сый, яғни арнайы Режиссура деген жазуы бар жейде сыйға тартылды.
Студенттік өмір 
10 ға жуық студент ғылыми-зерттеу жұмысындағы жетістіктері үшін диплом, мақтау қағаздарымен марапатталған. Сондай-ақ «Режиссура» мамандығының студенттері жыл сайынғы Республикалық байқауларға қатысып, мамандықтың оқытушы-професорлар құрамы 52-ге жуық әдістемелік нұсқауларды басылымдарға шығарды.
2016ж. Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында өткен пәндік олипиадаға М.Твеннің «Том Сойердің басынан кешкен оқиғалары» және С.Адамбековтың «Біздің үйдің жұлдыздары» қойылымын сахналастырып, ІІІ орынға ие болды.
     

2014ж. аға оқытушы Е.А.Жолдасовтың ұсынысы бойынша кафедра жанынан Республика деңгейіндегі «Кино Арт» жобасы құрылды. «Кино Арт» әуесқой кинорежиссерлар арасындағы фестиваль 2014 жылдан бері тұрақты өтіп келеді. Фестиваль сценарийді сауатты жазу, арнайы талаптарды орындау және қысқаметражды фильмнің сапасын анықтау секілді 3 сұрыптау турдан тұрады. 

 

Фестивальге республикамыздың барлық қалаларының оқытушылар мен студенттер қатысады. «Кино-Арт» фестиваліндегі гран-при иегерлері :                                

-2014ж  ПИК-09-8к тобының студенті Д.Турдиматов,                                                                                                                                      

-2015ж. ПИК-10-8к  тобының студенті Н.Адилханов,

-2016ж  Пик-12-8к тобының студенті А.Әбдікариев, 

-2017 ж ПИК-13-8к  тобының студенті  Убайдин Қазыбек

 

Режиссура мамандығы студенттерінің іс-тәжірибесі
«Режиссура» кафедрасы ОҒӨК құру бойынша көптеген мекемелермен келісімшартқа отырған. Бұл жерде ОҒӨК – оқу, ғылыми-өндірістік кешені. Университеттің және базалық мекеменің (ұйым, мекеме, өндіріс саласы) ОҒӨК  болашақ мамандар даярлауда бірлесіп атқарар жұмыстарды  үйлестіру үшін құрылады.  Білім, ғылым және өндіріс орнының интеграциялану формасы болып табылатын бұл одақ оқытушылар мен мекеме қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыруға, ғылыми зерттеулерді апробациялау және пайдалануға, оқу және оқу-ғылыми жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында өте тиімді.
Оқытушылар құрамының біліктілігін жоғарылату мақсатында ОҒӨК базаларында сабақ жүргізу бойынша оқу бағдарламалары кафедрада жасалған, кәсіптік пәндерден сабақ жүргізу бойынша ОҒӨК-мен байланыс орнатылған. Кафедра студенттері ОҒӨК базаларында оқу, педагогикалық және дипломалды іс-тәжірибелерін өтеді.
Студенттер тәжірибе бағдарламасын облыс, қала, сондай-ақ ОҒӨК базаларында өткізеді. Олар:
  1. Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры.
  2. Облыстық мектеп олимпиада өткізу орталығы
  3. «Оңтүстік цирк» мекемесі
  4. Қалалық балалар және жасөспірімдер орталығы
  5. «Жастар ресурс орталығы» Астана қаласы 
  6. «Түркістан» концерт залы  
Іс-тәжірибе базалары білім беру бағдарламасына сәйкес. Іс-тәжірибе жетекшілері болып тәжірибелі оқытушылар мен мекеме өкілдері тағайындалады. Кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру, есеп құжаттарын құру, тәжірибе базасының жұмысына қатысу, іс-тәжірибе жетекшілерін анықтау, іс-тәжірибе базасымен танысу, алдын-ала кеңес беру жұмыстары қарастырылған. Кәсіби іс-тәжірибеден өту қорытындылары кафедра меңгерушісі құрған арнайы комиссияның отырысымен қаралып, хаттамамен рәсімделеді Студенттің іс-тәжірибеге қатысу бағасы күнделігінде, іс-тәжірибе жетекшілерінің пікірлерінде, ведомостар мен студенттің сынақ кітапшасында көрініс табады. Студенттердің ұйымның өміріне тікелей араласуы педагогикалық саладағы маманның біліктілік талаптарына сай тәжірибелік дағды алуын нығайтады. Кәсіби ортада болған студенттер ең алдымен қойылым жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесін игереді.  Кафедраның жетекші оқытушылары кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік құралдар мен іс-тәжірибе бағдарламасын даярлаған.
 
Біздің түлектер
Қазіргі таңда кафедра түлектері республикамыздың  жоғарғы оқу орындарда, өнер мен мәдениет мекемелерінде жемісті еңбек етуде.
          «Режиссура» кафедрасындағы оқытушы түлектеріміз:
Жолдасов Е. – педагог-режиссер.
Аманбаев Е.- педагог-режиссер.
Райымбек Ш. – педагог-режиссер.
Джукеева Б.А. – магистр – оқытушы
Омирбек М.Н. – магистр-оқытушы
Шикиртаев Б.Б.- педагог-режиссер
         кафедрада «Мәдени-тынығу жұмысы» факультета педагогика және мәдениет:
Альжанова Б. – аға оқытушы
Ормолдаева М. – аға оқытушы
         Ж.Шанин атындағы облыстық драма театры:
Есенов Ж. – дыбыс - режиссері
Шымыркулова Б. – труппа меңгерушісі
Жумагулов К. – бас суретші
Альжанова Б. – грим жасаушы.
         Облыстық  орыс драма театры:
Шевченко Н. – облыстық орыс  драма театрының директоры.
Комаров А. – театр актеры.
Пушкарев С. – театр актеры
          Сондай-ақ:
Базарбаева У. –К.Джандарбеков атындағы Жетысай драма театрының әртісі
Муытова А. – Актөбе драма театрының әртісі.
Абдеш А. -       «Жайдарман» клубының режиссері (Шымкент қ).
Серикбаев Д. – Облыстық мәдениет басқармасының бас маманы.
Тажмаков Е. – әдіскер ОЦКНТ (Шымкент қ).
Есенов Г. -   Ш.Калдаяков атындағы облыстық филармонияның әншісі (Шымкент қ).
Таңатов Е. – әдіскер ОЦКНТ (Шымкент қ).
Динахов К. - Облыстық мектеп оқушыларына олимпиада өткізу орталығының  режиссері Мейрбекова М. - «Казахстан – Шымкент» телеканалының фонотекасының меңгерушісі.
Сейталиева А. – Жетысай мәдениет басқармасының әдіскері.
Баймаханова Л. - Ордабасы РДК режиссері.
Данилова Л. - орыс  драма театрының әртісі
Корняков С. ТК «Отырар» «7-канал» журналисті
Тулепбергенова Д. ТК «КТК» журналисті
Амиртаев А. Республикалық «Жас Ұлан» ББЖҰ ҚБ ОҚОФ төрағасы