Мәдени және әлеуметтік қызмет

Кафедра меңгерушісі

Тлеубаев Сералы Шабаевич

Философия ғылымдарының докторы, профессор

 

 

 

Мекен-жайы:М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Тәжібаев көшесі 2, №8 ғимарат bkru

Телефон: 8 (7252) 36-71-93

E-mail: Tleubayev 63 @ list.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

 

Жалпы мәлімет

    Кафедра жоғары білікті мәдени-шығармашылық қызметі мамандарын кәсіби даярлау үшін 1967 жылы құрылды.

  

      Кафедраның гуманитарлық ұстанымы- отандық мәдениет дәстүрлерін және рухани құндылықтарын сақтау.
     Логин-«Зерттей үйрен.Үйрене зертте».
      5В090600- «Мәдени-тынығу жұмысы» бакалавриаты бағдарламасы бойынша мәдениет және өнер мекемелері, білім беру ошақтары бұқаралық ақпарат құралдарына жұмыс істеу үшін мамандар шығарылды. Олардың кәсіби міндеті тұрғындар демалысын ұйымдастырудың ақпараттық, мәдени-тынығу жұмысының жоғары көркемдік формасын жасау.
      Бакалаврлар кәсіби қызметі нысаны болып табылатындар: мәдениет және өнер мекемелері, шығармашылық орталықтар, әуесқой клубтық бірлестіктер, мектеп және мектептен тыс мекемелері мен бұқаралық ақпарат құралдары.
      1998 жылдан бастап «Мәдени -тынығу қызметі» кафедрасының оқытушылары авторлық ұжым ретінде Мемлекеттік білім беру стандарты, типтік жоспарлар мен «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша бакалавриат, магистратура және PhD докторантураға типтік бағдарламалар өңдейді, бұларды осы сала бойынша мамандар даярлайтын Қазақстан республикасы бойынша барлық ЖОО –дары пайдаланады.
          Оқытылатын пәндер қатарында: мәдени-тынығу жұмысының тарихы мен теориясы, көркем
шығармашылық, имиджеология, ойын–сауық бағдарламаларын ұйымдастыру, сахна–қозғалысы негіздері, дыбыс және жарықпен безендіру әдістемелері, визаж өнері, шешендік өнер, актер шеберлігі, көпшілік мерекелер және қойылымдар драматургиясы және т.б. бар.
   2003 жылдан бастап 6М090600 –«Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығы бойынша магистратура ашылған. Онда жыл сайын гранттық қабылдау бойынша магистранттар білім алады.
 
Кафедрада «Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығы бойынша  Республикалық оқу–әдістемелік кеңес жұмыс істейді.
       Көркем– шығармашылық, ұлттық дәстүрлер, халық шығармашылығы бойынша әдістемелік кеңес тек қала ғана емес, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Республикаға әдістемелік, ұйымдастыру және практикалық көмек көрсетеді.
      Оқу-ғылыми–педагогикалық кешендер базасы болып табылатындар: Ж.Шанин атындағы Облыстық драма театры, Облыстық мәдениет және халық шығармашылық орталығы, Қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығы, Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы. Cабақтардың кейбір бөлігі ОҒӨК базаларында өткізіледі.
  
«Мәдениеттану» мамандығы бойынша жоғары оқу орнынан кейін мамандар даярлайтын  магистратура құрылған. Лицензиялар: магистратура 6М020400 – Мәдениеттану Серия АА 00000 42, 26.04.2006, 6М090500 - Әлеуметтік жұмыс АБ №0137399  негізінде ҚР БЖМ 03.02.2010 ж. №361 бұйрығымен 1 қыркүйек 2010 ж.  жоғары оқу орнынан кейін мамандар дайындауын бастады.
        2015 жылдың қыркүйек айында «Мәдени -тынығу қызметі» кафедрасына «Әлеуметтік жұмыс» және «Мәдениеттану» мамандықтары қосылды. Кафедра атауы «Мәдени -тынығу және әлеуметтік қызмет» деп өзгертілді.  
        2016 жылы 6D090600 «Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығы бойынша докторантура ашылды, лицензия берді.
        2017-2018 оқу жылында  «Мәдени -тынығу және әлеуметтік қызмет» кафедрасы  М.Әуезов атындағы ОҚМУ- нің 2017 жылдың 28 тамыз айында өткен Ғылыми Кеңесінің шешімі ( №1 хаттама) бойынша   екіге бөлініп «Мәдени және әлеуметтік қызмет», «Театралдық және эстрадалық шығармашылық» кафедрасы деп аталды.
        2017-2018 оқу жылында  5В040200- «Аспаптық орындаушылық» мамандығы  «Мәдени және әлеуметтік» кафедрасына қосылды.
           5В040200- «Аспаптық орындаушылық» мамандығы  тарихы- 1967 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының жалпы музыка кафедрасы негізінде қаланып, 1968 жылы «Халық аспаптары және оркестрді дирижерлау» кафедрасы болып бөлініп шықты. 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің құрамында арнайы мамандар даярлайтын «Өнер» кафедрасы болып аталынды. 2013 жылы қыркүйек айынан  бастап, екі кафедраның бірігуіне байланысты «Музыкалық  өнер» кафедрасы болып  аталынды. 2015 жылдың қыркүйек айында 5В040200- «Аспаптық орындаушылық» мамандығы «Өнер» кафедрасына қосылды.
     Оқу ісін ұйымдастыру, кәсіби біліктілігі жоғары мамандар таңдау, оның техникалық базасын нығайту, ғылыми-ізденіс жұмыстарын жолға қою, жаңа мамандықтар ашу сияқты көптеген күрделі жұмыстарды шешуде кафедраны әр жылдары қызметіне жетік, білікті ұстаздар басқарды. Олар: С.А.Байжұманов (1967-68 жж.),  А.Жақыпбеков  (1968-74 жж.), К.М.Расқалиев (1974-78 жж.), Е.О.Балабеков  (1978-81 жж.), Ө.Ғұбайдуллин (1981-96 жж.), М. Жарқынбеков (1996-2006 жж.). Ә.Б.Нұрмаханбетов (2006-2008 жж.) 2008 - 2010 жж. дейін кафедраны ҚР  композиторлар одағының мүшесі, доцент Т.Ж.Ізтай, (2010-2011 жж.) аға оқытушы Ү.М.Джезмурзин, 2011 жылдан бастап аға оқытушы Д.А.Көреген  басқарды. 2013-2014, 2014-2015 оқу жылдары   п.ғ.к., доцент Е.О.Балабеков басқарды. 
       Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы негізінен Алматы, Ташкент, Одесса консерваториялары мен Шымкент педагогикалық мәдениет институттарын бітіруші мамандарынан құралған. «Өнерлі ұстаз - 2007» облыстық фестивалінің лауреаты болды, Халықаралық әншілер байқауының дипломанаты, аға оқытушы Мазкенова Айжан Башқурстанның Уфа қаласында  өткен  Н.Сабитова атындағы музыкант-орындаушылардың байқауына қатысып, ІІ дәрежедегі дипломды иеленді. Кафедраның аға оқытушысы Жандарбай Ерлан – «Қазақ романсиадасы» ХІІ Халықаралық романс орындаушыларының байқауының дипломанты, Ш. Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным»  Халықаралық байқаудың дипломанты болды.
    
 Халық аспаптар оркестрі, «Қазына» фольклорлық ансамблі (Халықаралық, Республикалық фольклорлық конкурстар мен фестивальдердің жүлдегері), домбырашылар ансамблі, қобызшылар ансамблі, үрлемелі аспаптар ансамблі жұмыс істеді.
  
Кафедраның оқытушылар құрамы
          Кафедрада 2 ғылым докторы, 3 профессор,   1 PhD доктор,   4   педагогика ғылымдарының  кандидаты, 3 ҚР Мәдениет қайраткерлері, 2 ҚР білім беру ісінің  үздігі, 1 «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Халықаралық 1 Қазақ шығармашылық бірлестігінің «Мәдениет майталманы» 2 Қазақстан Республикасы  Елбасының «Болашақ»  халықаралық  стипендиясының  иегері.
          Кафедра оқытушылары университет, қала, облыс және республика көлемінде өткізілетін барлық мәдени көпшілік іс- шараларға белсенді қатысады.
      «Мәдени және әлеуметтік қызмет» кафедрасының оқытушылары мен студенттері өздеріне бекітілген Шымкент қаласы № 69 мектеп пен Сайрам жетім балалар үйінде іс-шара өткізіліп отырады және кәсіби –бағдар беру жұмыстары жүргізіледі.
      Студенттік өмір
     Оқуды практикамен ұштастыру үшін кафедрада    4 студенттік үйірме құрылған. 2002 жылы «Думан» театры, 2004 жылы Шымшыма» сатиралық театры, студенттік КТК, ғылыми –зерттеу үйірмесі «Ізденіс»,  «Шуылдақтар»  КТК командасы  2005 жылы ҚР чемпионы атанды.
        2005 жылы «Қисық айна» сатиралық театры құрылды. Боранбаев Айдархан  2008 жылы «Тазша  бала» конкурсында Гран-при жүлдесін жеңіп алды.
      «Мәдени және әлеуметтік қызмет» кафедрасының студенттері жыл сайын өткізілетін студенттік Республикалық пәндік олимпиадасына қатысып, ұдайы 1 орынды (2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2017), ал «Әлеуметтік  жұмыс»  мамандығының студенттері  ІІ, ІІІ  орындарды  иеленіп келеді. 
      
2009  жылдың сәуір айында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттері Е.А.Букетов атындағы Қарағанда мемлекеттік университетінде, I-ші Республикалық Олимпиадаға белсенді қатысып,  «Өте белсенді» номинациясына ие болып, Құрмет грамотасымен марапатталды.
       2011 жылдың наурыз айында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттері III -ші Республикалық Олимпиадада «Ең маңызды әлеуметтік жоба» жоба үшін III –ші орын және Мадақтау грамотасымен марапатталды.
        Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары студенттерінің ғылыми- зерттеу жұмыстары қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 5В090600 «Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығы бойынша ҚР білім және ғылым министрлігімен марапатталды:  2014ж.-  Ябаева .ПИК-10-15к2 -II дәрежелі диплом;  Қосбаева Г .ПИК-12-15к2  -III дәрежелі диплом;
2015ж. - Алтай Б. ПИК-12-15к3   -II дәрежелі диплом;  Ілебаева К.ПИК-11-15к2   -III дәрежелі диплом;
2016ж.  -.Гофман А.А  ПИК-13-15к2  -I дәрежелі диплом;  Смағұл Х.Ж. ПИК-13-15к1  -II дәрежелі  диплом; Партаева Н.Т.ПИК-14-15к2 -II дәрежелі диплом; Тілеуберген А.Н.ПИК-14-15к3   -III дәрежелі  диплом;  Шерім М. ПИК-13-15к2   -III дәрежелі диплом;
2017ж. Абдуллаева Г. ПИК-13-15к2-1 дәрежелі диплом; Каримова Э ПИК-15-15р-. II дәрежелі диплом; Усенбекова Г.ПИК-15-15к3 III -дәрежелі диплом;
        
Мамандық студенттері Халықаралық және республикалық конкурстармен фестивальдерге қатысып жүлделі орындарға ие болған:
    -ПИК-12-15к2  тобының студенті Орынбасар А. –«Абайдың қара сөздері» Республикалық студенттік конкурсы, І дәрежелі диплом;
    -ПИК-10-15р тобының студенті  Жуашбаева Г. «Арай-2013»  Республикалық ән конкурсы, І дәрежелі диплом;
    -ПИК-10-15р тобының студенті  Жуашбаева Г. «Магнификат» эстрадалық әндер, аспапты музыка, көркем және поэтикалық шығармашылық V Республикалық конкурсы, диплом.
   -ПИК-10-15р тобының студенті  Жуашбаева Г. «Самғау» Республикалық конкурсы, диплом.
   -ПИК-10-15р тобының студенті  Жуашбаева Г.. «Шабыт» Халықаралық жастар шығармашылығы фестивалі, Сертификат.
   -ПИК-12-15к2 тобының студенті Сүйінов М. Ф.Онгарсынованың лирикалық өлеңдер жинағын көркем оқу бойынша республикалық конкурсы, ІІ дәрежелі диплом;
    -«Думан» студенттік жастар театры. Студенттік театрлардың республикалық фестивалі(Павлодар қ.) ІІ дәрежелі диплом;
   -ПИК -10-15к3  тобының студенті Исламбеков А. «Химия технологиялық және кәсіби білім беру, өнер және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша дипломдық, бітіру шығармашылық жұмыстардың ҚР БҒМ республикалық конкурсы, І дәрежелі диплом;
   -ПИК -09-15к2  тобының студенті Тажибаева М.  «Химия технологиялық және кәсіби білім беру, өнер және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша дипломдық, бітіру шығармашылық жұмыстардың ҚР БҒМ республикалық конкурсы, ІІ дәрежелі диплом;
  -ПИК -10-15к3  тобының студенті Исламбеков А. «Химия технологиялық және кәсіби білім беру, өнер және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша дипломдық, бітіру шығармашылық жұмыстардың ҚР БҒМ республикалық конкурсы, І дәрежелі диплом;
  -ПИК-10-15к2  тобының студенті Байсымақова А.  «Химия технологиялық және кәсіби білім беру, өнер және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша дипломдық, бітіру шығармашылық жұмыстардың ҚР БҒМ республикалық конкурсы, ІІІ дәрежелі диплом;
  -ПИК-13-15к3 тобының студенті Алтайұлы Б.Жас ақындардың республикалық  «Шырайлым Шұбайқызылым» конкурсы, ІІ дәрежелі диплом;
-ПИК-12-15к3 тобының студенті Бақбер Алтайұлы Оңтүстік өңіріндегі жас таланттардың арасында «Сен жанбасаң лапылдап» аймақтық жыр мүшайрасында II орынды иеленді, 2014ж.
  -Қоғамдық кәсіптер факультетінің ұйымдастырумен өткен Факультетаралық «ЖАС ТАЛАНТ-2014» байқауында «Дәстүрлі ән өнері» жанры бойынша көрсеткен ең үздік өнері үшін ПИК -12-15к2 тобының студенті Қайырбаева Перизат I орынды иеленді және «Байқау жеңімпазы» атанды.
    -Қоғамдық кәсіптер факультетінің ұйымдастырумен өткен Факультетаралық «ЖАС ТАЛАНТ-2014» байқауында «Дәстүрлі ән өнері» жанры бойынша көрсеткен ең үздік өнері үшін ПИК -14-15к3 тобының студенті Ескермес Нұрбек II орынды иеленді және «Байқау жеңімпазы» атанды.
    -Қоғамдық кәсіптер факультетінің ұйымдастырумен өткен Факультетаралық «ЖАС ТАЛАНТ-2014» байқауында «Би өнері» жанры бойынша көрсеткен ең үздік өнері үшін ВПИК -14-15к3 тобының студенті Мұсақұл Жадыра III орынды иеленді және «Байқау жеңімпазы» атанды. 
      
   
   - ПИК-12-15р  тобының студенті Тулеева Е. Студенттік жұмыстың «Особенности развитие Казахского фольклора» Халықаралық байқауына қатысып,  лауреат атанды және құрмет грамотасына ие болды.Москва мемлекеттік мәдениет институты..Москва қ.. 2014ж.
 «Бал өнер» балалар мен жасөспірімдер театр ұжымдарының қалалық байқауында лауреаты және ІІ-ші орын иегері, 2015 ж. Қазақ хандығының 550 жылдығына мерекесіне арналған  «Қазақстаннның  қилы тарихы» атты   студенттер арасындағы сахналық  көріністен ұйымдастырылған байқауда ІІ орын иегері  атанды
- ПИК-12-15к3 тобының студенті Әшірбай Н., ПИК-13-15к3  т обының студенті Нұралиева А. «Боз бала мен бойжеткен» Облыстық байқауы.. Шымкент қ. Шәмші Қалдаяқов атындағы Облыстық филармония. Бас жүлде, сертификат диплом, қаржылай сыйлық. 2015ж
-.ПИК-14-15к2  тобының студенті Рысымов Н. «Педагогика және Мәдениет» факультеті студенттері арасында «Біз екеуміз бір болайық» шоу байқауына қатысып,  бас жүлде, дипломға ие болды. 2015ж.
  
  
- ПИК-12-15к3 тобының студенті Мусакулов А., Баянкулов Ы. Мәдениет пен өнердің дамуына қосқан үлесі үшін облыстық мәдениет басқармасының  алғыс хатымен марапатталды, 2015ж.
 -ПИК-12-15к2 Орынбасар А. Республикалық студент жастардың өнер фестивалінде І – орынға ие болып дипломмен марапатталды,2015ж.
- ПИК-12-15к3 тобының студенті Әшірбай Н., ПИК-13-15к3  тобының студенті Нұралиева А.. Облыстық «Қозы Көрпеш Баян сұлу»  фестивалінде жүлделі І – орын және дипломға ие болды,2015ж.
- ПИК-15-15к3 тобының студенті Мақұлбек Б.А. Облыстық білім, Жастар саясаты тілдерді дамыту басқармасы, Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Студенттік шақ» деп аталатын іс- шараға қатысып, алғыс хат алды. 2016ж.
-Бейсенғалиева С. ПИК-16-15к3 тобының студенті-«Шымкент аруы-2016» сұлулық байқауы.-«Көрермендер көзайымы» арнайы жүлдесі, диплом
-Бейсенғалиева С. ПИК-16-15к3 тобының студенті «Жыл аруы-2016» байқауы- 1-орын, диплом.
-Тортай Қ.ПИК-13-15к3 тобының студенті-«Ұлттық құндылық- ұлт болмысы» жастар байқауы.- 3 орын, диплом. 2016ж.
-Әбдішәріп М.ПИК-15-15к3 тобының студенті-«Білесіңбе , өлеңнің жүрегінде Қазақ дейтін ғажайып ел жатқанын»   жас ақындар мүшәйрасы (байқау)- мадақтау қағазы. 2016ж.
  
   
-Худоерко В.Радионова Е.ПИК-16-15р тобының студенті- «Тәуелсіздік – тұғырым» атты қалалық көркем сөз оқу байқауы. Ынталандыру сыйлығы, алғыс хат.2016ж.
-Мықтыбек Ұ.ПИК-15-15к3тобының студенті -Жайдарман Республикалық жоғарғы лига ойыны- номинация «Үздік ойыншы», Кубог, медаль. 2016ж.
- «Жыл студенті -2016 байқауына қатысқандар:
-Мураталиева А.ПИК-15-15к2 тобының студенті  -номинация «Жас ақын». диплом
-Музаппарова Ш.ПИК-13-14к тобының студент    -номинация «Үлгерімі жоғары студент».диплом
- Мықтыбек Ұ. ПИК-15-15к3 тобының студенті   -номинация «Үздік КВН ойыншысы»
-Рсымов Н. ПИК-14-15к3 тобының студенті      - номинация «Жас отбасы» диплом.
-Сабыр Б.ПИК-16-15к2 тобының студенті-«Арай-2017» Эстрада әншілері және мәдени іс –шара жүргізушілер байқауы-Бас жүлде, сертификат.
- «Капитан» Жайдарман тобы. «Жайдарман» сайысы.- ректор кубогы, диплом
-Сабыр Б.,ПИК-16-15к2, Алтынбек А.ПИК-15-15к3 тобының  студенттері. «Бозбала мен Бойжеткен» байқауы- Бас жүлде, сертификат. 2016ж.
   
Жұман Ж. ПИК-17-15-2к1 тобының студенті.  «Жас ақындар ұйымына -5 жыл» іс-шараға қатысты. 2017ж.
Жұман Ж. ПИК-17-15-2к1 тобының студенті. 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» іс-шара қатысты. 2017ж.
 МПИ-17-11нк тобының магистранты  Бидос Қ.Н. «Үздік жастар премиясы» және «Үздік жас жазушы» номинациясы. 2017ж.
Ж., Қаныбек Е., Қайым Б.  ПИК-17-15-2к1 тобының студенттері. «Жас талант-2017»  бас жүлде, диплом. 2017ж.
МПИ-17-11нк тобының магистранты  Бидос Қ. Н. «Торайғыров оқулары» атты Халықаралық  ғылыми-тәжірбиелік конференциясы- алғыс хат, сертификат. 2017ж.
    
Академиялық ұтқырлық           
            Білім беру қызметін көрсету саласында өзара қызметтестік  келісімдері бар.
            Ішкі академиялық ұтқырлық   бағдарламасы -5В090600 «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша: Орал қ. М.Өтемісов атындағы   Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне жіберілгендер: Зиаудинова Ж.Н.,Кожасейтова    А.Б.(2011-2012жж.);  Алматы қ. Қыздар мемлекеттік   педагогикалық  университетіне: Байсымакова А., Байсымакова А. ПИК-10-15к2 (2011-2012жж.);  Москва  Мемлекеттік  мәдениет және өнер  университетіне: Лебедь Э ПИК-10-15р (2012-2013жж.);   Орал қ. М.Өтемісов атындағы  Батыс   Қазақстан мемлекеттік  университетіне: Ташим А.О., Ілебаева К.Ж. ПИК-11-15к2  (2013-2014жж.), Қосбаева Г. ПИК-12-15к2 (2014- 2015жж ); Алматы қ. Қыздар  мемлекеттік педагогикалық  университетіне:  Тәжімаханова М.А., Тастанбек Н.А ПИК-13-15к2  (2015-2016жж.);
           5В090500  «Әлеуметтік жұмыс»  мамандығы «Sosial work and counseling» білім беру бағдарламасы бойынша Серкебаева Б.А ПИК-14-14к., Ерболат А.Е. ПИК-15-14к (Констанц Университеті. Германия) 2016-2017жж.
           5В090600 «Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығы бойынша: Алматы қ. Қыздар мемлекеттік   педагогикалық  университетіне жіберілген: Әзімбек Г.Б.ПИК-15-15к2, Орал қ. М.Өтемісов атындағы   Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне жіберілген: Базарбай А.Қ. ПИК-15-15к3 (2017-2018жж.).
            Cыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы 5В090600 «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығы бойынша Орал қ. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-не  келгендер: Бақытова А., Айтқалиев Н. ( 2013-  2014жж); Джанаева А.Д., Қайырбаева  П.Т. (2014-2015жж); Мирамғалиева П.М., Бақтығалиева Ж.А (2015- 2016жж); Алматы қ. Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінен: Кизатова А.Б., Уласбекова Н.Х  (2015- 2016жж.); Алматы қ. Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінен Зиядос Т.Б., Сазахан Б.Б. (2016-2017жж.).
       Сонымен қатар Москвамен оқытушылар арасында академиялық ұтқырлық байланыстары бар. (Садовская В.С., Ремизов В.А., Скляр И., Тихоновская - МММжӨУ ғалымдары; Е.,Исатаева З., Камалова Н.К., Сапарова Ю.А., Назанова Г-М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымдары).
 
    «Думан» халық театры
    «Мәдени -тынығу қызметі» кафедрасында  2002 жылы ұйымдастырылған. Театрға оқытушылар мен студенттер қатысады. 2008 жылы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің аттестациялық комиссиясы шешімі бойынша «халықтық» атағы берілді.     
     2010 жылдың мамыр айында театр өз «Халықтық» атағын қайта қорғады.Ұлы Отан соғысының 65-жылдығына орай қойылған «Біз соғысты көрген жоқпыз» әдеби композициясы үшін үздік қойылым номинациясын алды. Режиссері ҚР Халық әртісі , профессор Е.Оразымбетов.
     2014 жылы 5- 12 сәуір аралығында Павлодар мемлекеттік университетінде республикалық әуесқой жастар театры арасында фестиваль ұйымдастырылып өткізілді. Онда Ж.Амашұлының «Тірі жан» спектаклі қойылып, 2 орын және үздік қойылым номинациясын алды.
     Студенттік «Думан» халық театры жастар мен студенттер арасындағы әуесқойлық театральдық ұжымдардың республикалық фестивалінде «Үздік режиссура» номинациясы бойынша диплом алды (қ.Павлодар cialis 20mg 2014ж.)
         Кафедра оқытушысы Шымалиев А.Б. («Думан» театрының көркемдік жетекшісі) жастар мен студенттер арасындағы әуесқойлық театральдық ұжымдардың республикалық фестивалінде мадақтау хатын алды  (қ.Павлодар 2014ж.)
       2015 жылдың мамыр айында «Ұлы Отан соғысына- 70 жыл», «Қазақ хандығына- 550 жыл», «Қазақстан халық ассамблеясына» арналған облыстық халық театрлар фестиваліне «Думан» студенттік халық театры қатысып Д.Исабековтың «Тыныштық күзетшісі» спектаклін  қойылды, қоюшы режиссер аға оқытушы Емкулова А.Е., 2 орын және сыйлық ақы алды.
      Студенттік театр репертуарында «Айман-Шолпан» (автор - М. О Ауезов); «Еңлік-Кебек» (М.О Ауезов), «Қаракөз» (М.Ауезов), «Гамлет» (У.Шекспир), «Козы Көрпеш и Баян Сұлу» (Ғабит Мүсірепов); «Ғасырдан да ұзақ күн» (Ч. Айтматов) т.б. бар.
       2017-2018 оқу жылы  «Думан» халық театры «Театралдық және эстрадалық шығармашылық» кафедрасында.
 
Біздің жетістіктеріміз
       Оқу процесінде оқытудың инновациялық әдістері қолданылады: виртуалды лабораториялық жұмыстар, электронды оқулықтар, бейнелекциялар, іскерлік ойындар. Бұлардың барлығы студенттер мен магистранттарға білім сапасы және материалды игеру дәрежесін маңызды арттырады.
        Бұлардан бөлек конференциялар, дөңгелек столдар, студенттердің жеке жобаларын презентациялау түрінде лекциялық және практикалық сабақтар өткізіледі.
     П.ғ.д.ғ профессор Е.О.Омаровдың «Көркемөнер шығармашылығы» оқулығы республикалық конкурста үздік танылып, 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.
      Импакт-факторлы және экспериментті білім беру халықаралық журналдарында, Вестник-МГУКИ, Современные проблемы науки и образования (Acad.of Management Learning  Education, International Journal of Science Education, ADAPTIVE BEHAVIOR,Sage publications LTD, PATIENT EDUCATION AND   COUNSELING, ELSEVIER IRELAND LTD, ADAPTIVE BEHAVIOR, SAGE PUBLICATIONS LTD, PUBLIC OPINION QUARTERLY OXFORD UNIV PRESS, Томсон Рейтера, Международный журнал экспериментального образования, п.ғ.к.профессор  Шулунова Л.И., п.ғ.д.профессор  Омар Е.О., п.ғ.к.профессор Камалова Н.К., профессор Уразымбетов Е.С., п.ғ.к.доцент Сапарова Ю.А., п.ғ.к.доцент Исатаева З.Ж., Джумагулова Г.Ш. п.ғ.к.,аға оқытушы Ажибекова З.Б., п.ғ.к.,аға оқытушы Жолдасбекова К.А.,Сихымбаева Ж. мақалалар жариялады. Сапарова Ю.А., Камалова Н.К., Турдалиева Ш.Ж.,  Мухамедин  М.М., (Pensee Jornal – Impact Factor / Jornal Citation Reports Thomson Reutres – 0.018/ 2014., West Impact Factor «Laif Sciencen Journal, Materialy  X miedzynarodowej naukowi – praktycznej conferencji, wyksztalcenie I nauka bez granic – 2014);  Saparova U.A.Original Kazakh  pedagogical roots The pedagogical sciens (Scopus);  Saparova U.A., Omar E.O. Daribaeva R.D. The Methodological Framework of Occupational Training in Culture and Art High School of Kazakhstan International journal of environmental science education (Scopus) 2016. Vol.11.No.12 ; Saparova U.A.,Происхождение, сущность, и формы казахского огона Subject Area:Arts and Humanities,Social Sciences  Subject category: Cultural;    Studies, History Квартиль:Q3 SJR (IF/импакт-фактор) ==0,112 ; N.Kamalova., J.Kosherbaev., V.Remizov Postmodernism Theory and practice of multiculturalism in Europe Calitatea vietii Revista de political sociale.  Anul XXVII-Nr.2-2016. ҚР ЖАК журналы, Чехияда (Прага), Польшада (Przemysl),  Ресейде (Екатеринбург, Северодвинск, Челябинск), Татарстанда (Қазан), Қырғызстанда (Бишкек), Өзбекстанда  (Ташкент)  жарияланды.
 
п.ғ.к.доцент Сапарова Ю.А. –«ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері (2008 ж.)
п.ғ.д.профессор  Омар Е.О. – «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері (2009 ж.).
к.п.н., доцент Камалова Н.К. – «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері (2013 ж.).
п.ғ.д.профессор  Омар Е.О. – «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері (2016 ж.).
 
      Аға оқытушы  Жумабай Л.Ж. сіңірген еңбегі үшін ОҚО әкімі А.Мырзахметовтың құрмет грамотасымен марапатталды. Аға оқытушы  Уалиханова А. Президенттің «Болашақ»  бағдарламасы бойынша Москва Мемлекеттік мәдениет және өнер университетінде біліктілік жетілдіруден өтті. П.ғ.к.профессор.Камалова Н.К., п.ғ.к.доцент Сапарова Ю.А. Москва және Стамбул қалаларынан  МММжӨУ-де біліктілік жетілдіруден өтті. ҚР Халық әртісі, профессор Е.С.Уразымбетов және аға оқытушы Жұмағұлов Қ. Театрлардың халықаралық фестивалінде Гран-при иегерлері атанды.
5В090600-Мәдени-тынығу  жұмысы  мамандығы  2011, 2012, 2013, 2014, 2015 жылдардың  қорытынды-сымен мамандықтардың Ұлттық Рейтинг  бойынша  І  орынды, 5В090500-Әлеуметтік  жұмыс  мамандығы 2013 ж. қорытындысымен ІІ орынды  иеленді.
      М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің  әрбір оқу жылындағы  қорытындысы  бойынша    оқытушылар түрлі  номинациялардың  жеңімпаздары атанған:
аға оқытушы Турдалиева Ш.Ж.-  2007-2008  оқу жылында  ОҚМУ үздік оқытушысы;
п.ғ.к., профессор Шулунова Л.И.  - 2008-2009  оқу жылында  ОҚМУ үздік профессоры;
аға оқытушы Сабекова А.С.-  2008-2009  оқу жылында  ОҚМУ үздік оқытушысы;
п.ғ.д., профессор Омар Е.О. - 2009-2010 оқу  жылында ОҚМУ үздік профессоры;
аға оқытушы Уалиханова А. – 2009-2010 оқу  жылында ОҚМУ үздік оқытушысы;
п.ғ.к., профессор Камалова К.К.  - 2011-2012 оқу жылында  ОҚМУ үздік профессоры;
аға оқытушы Абсаматова Е.А. - 2011-2012 оқу жылында  ОҚМУ үздік оқытушысы;
аға оқытушысы Альжанова Б.Т. -2013-2014 оқу  жылында ОҚМУ үздік оқытушысы.
п.ғ.к., доцент Р.Д.Дарибаева 2009-2010  оқу жылы «М.Әуезов атындағы ОҚМУ үздік доценті» номинациясына ие болды.2010 жылы университет жаңашыл- педагогтарының бірінші форумына белсенді қатысқаны  және білім беру үрдісіне замануи ақпараттық және инновациялық технологияларды енгізудегі еңбегі үшін  п.ғ.к., доцент Р.Д.Дарибаева алғыс хатпен марапатталды.
       2011 жылы  «Білім сапасы-білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету факторы» атты жаңашыл-педагогтардың екінші форумында «Үздік сабақ»  өткізгені үшін педагогикалық және гуманитарлық бағыттар бойынша 1-ші орын алған филос. ғ. к., доцент А.А.Жиенбекова дипломмен марапатталды.
       2012 ж желтоқсан айында аға оқытушы Лес М.К. Біріккен Араб Әмірлігінің Абу Даби қаласында өткен дүние жұзілік фестивальге, жетекші ретінде Қазақстан Республикасының атынан барып қайтты.
       2013 жылдың 14 мамыр күні  «Қазына» фольклорлық ансамбліне 25жыл» атты мерекелік концерт өткізілді.(жетекшісі Д.Көреген).
- п.ғ.к.., доцент Сапарова Ю. А., магистр Жумагулов К. Магистрлік дипломдық жұмыстар арасында ұйымдастырылған байқауда жүлделі  ІІ- орын дипломымен марапатталды. (15.01.2015ж.)
- п.ғ.к., доцент Сапарова Ю. А. КОНКОРД (МАК) Халықаралық академиясында пәнаралық іс – сапар және Халықаралық ФИДЖИП федерациясы «Ғылыми бірлестік және халықаралық ұйымы» ғылыми – танымдық турымен Париж – Анси («Венеция в Альпах») – Швейцария – Милан -Лазурный  жағалауы Италия мен Франции  княздығына барумен қатар  Монако – Ницца – Лион – Париж.(Сертификат 10.05.2015ж.)
- п.ғ.к.,доцент Камалова Н.К облыстық салт – дәстүрлер орталығында өткен іс  шараға балсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. (25.03. 2015ж.).
     Турдалиева Ш.Ж.-РФ, Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер  университеті педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне кандидаттық диссертация қорғады, 2014ж.
    2014ж. пғ.д.,  профессор Камалова Н.К., п.ғ.к.,  аға оқытушы Ажибекова З.Б., «Оңтүстік Қазақстанға  сіңірген еңбегі  үшін» төсбелгісімен марапатталды.
-оқытушы Отарбаева «Жыл тәлімгері-2015» байқауы- III  орын, диплом
-аға оқытушы Төлегенова  К.Қ. «Лидер образования» медалі 2015ж.
-кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Ю.А.Сапарова «Лидер образования» медалі 2016
-магистр, оқытушы Қоныспаева А.  «Жыл тәлімгері-2016» байқауы- I  орын, диплом
    
Қоғамдық қормен «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы үшін өндірістік комплекс «Процветание» ашылды. Педагогтар, магистранттар, студенттер кездесіп көкейдегі сұрақтар мен әлеуметтік жобаларды талдауларына болады. филос.ғ.к., доцент А.А.Жиенбекова Жоба Еуропа Одағымен  және Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігімен қаржыландырылған «Азаматтық қоғамның қазақ тілінде адам құқықтары  туралы ақпаратты тарату бойынша мүмкіндігін дамыту» семинарына белсенді қатысқаны үшін  марапатталды. 
      «Адам құқығы және  қақтығыстар» курсына қатысқаны үшін «Экономикалық және азаматтық білім орталығы» А.А.Жиенбековаға сертификат берілді.
      «Ерекше назарды талап ететін, әлеуметтік педагогтың балалармен жұмыс істеу әдісі» семинар-тренингке қатысқаны үшін А.А.Жиенбековаға сертификат берілді.
-«Риясыз жүрек» қоғамдық бірлестігі қайырымдылық концерт ұйымдастыруға атсалысқаны үшін оқытушы Отарбаева Б. алғыс хатпен марапатталады.
-«Алаштың асыл ұлы-Мыржақып» іс- шараны ұйымдастыруға атсалысқаны үшін оқытушы Отарбаева Б. алғыс хатпен марапатталады.
-«Кітаппен бірге мәңгілік ел» салтантты әдеби кешті өткізуге атсалысқаны үшін аға оқытушы Абсаматова Е. алғыс хатпен мараппаталады.
-«Білім сапасы-білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету факторы» «Жаңашыл –педагогтардың екінші форумы оқытушы Ормолдаева М. мадақтама қағазбен марапатталады.
-Актер өнеріне арналған II Халықаралық театрлар фестивалі. ОҚО орыс драма театры Иран Ғайыптың «Абылай» драмасымен қатысқаны үшін Уразымбетов Е.С. алғыс хат.
      
Профессор – оқытушылар құрамының оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие жұмыстары бойынша
      Ғылыми өмір
     2012 жылдан кафедра оқытушылары «Оңтүстік Қазақстан мәдени тынығу жұмысының  қалыптасуы мен даму динамикасы» мемлекеттік  бюджеттік тақырыбы бойынша жұмыс істейді. Тақырып жетекшісі п.ғ.д., профессор Омар Е.О. Кафедра оқытушылары 72 аса оқулықтар мен оқу құралдарын, 27 аса электронды оқулықтар, 5 электрондық оқу құралы, 4-дәрістер жинағы 3 видеолекция және 11 монография шығарған. 1 монография Германияда басылып шығарылған, , 10-нан аса патенттер иегерлері  болып табылады. Кафедрада 133-видеокассета және  101-DVD, 19- СD  диск бар.
    
  
Профессор – оқытушылар құрамы  «Мәдени тынығу жұмысы», «Әлеуметтік жұмыс», мамандығы бойынша оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие жұмыстары бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізді.
п.ғ.к., професссор Шулунова Л.И.,п.ғ.к.,доцент Исатаева З.Ж., оқытушы Қоныспаева А «Мәдениет теория негіздері» оқулық; Абсаматова Э.А.,Тамбетова Д.Х.  «Сахна тілі » оқулық ; п.ғ.к., професссор Шулунова «Теория культурно-досуговой деятельности» оқу құралы; аға оқытушылар Турдалиева Ш.Ж.,Сабекова А.С.,Мекенбаева Э.А.,Омирбаева Г. «Көркемөнер ұжымдарында оқу-тәрбие жұмысы» оқу құралы; аға оқытушы Жұмабай Л.Ж. «Бос уақытты көркемдік бұқаралық ұйымдастыру» пәні бойынша   оқу әдістемелік құрал;  п.ғ.к.,доцент Сапарова Ю.А., оқытушы Ормолдаева М. «Шоу бағдарламаларды ұйымдастыру» электронды оқулық;  оқытушы Нұртазина А., магистр, аға оқытушы Алтынбекова А.Р. «Сахна тілі» ,  п.ғ.к., професссор Шулунова Л.И., аға оқытушы Турдалиева Ш.Ж. «Мәдени-тынығу қызметі педагогикасы» электронды оқулық шығарды.
       050905-«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының теориялық-тәжірибелік және ғылыми негіздерін қалыптас-тыруда доцент Р.Д. Дарибаеваның «Әлеуметтік жұмыс негіздері», «Аймақтық мәдени саясат»,филос.ғ.к.,доцент А.А.Жиенбекованың «Әлеуметтік геронтология» (2010), «Шиеленістану»(2009), «Патронат және патронатты отбасымен әлеуметтік жұмыс»(2011), Әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикалық негіздері»(2010) аға оқытушы К.К.Толегенованың «Мамандыққа кіріспе», «Әлеуметтік адаптация және реабилитация», «Әлеуметтік жұмыстағы әкімшілік және басқаруды ұйымдастыру» т.б. оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдары және электронды оқулықтар: «Әлеуметтік геронтология», «Шетелдегі әлеуметтік жұмыс» даярланды.
       Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Е.О.Балабековтың 87-ге астам ғылыми-әдістемелік еңбектері бар. Оның ішінде: 3 монография; 9 оқу құралы; 3 электрондық кітап; 6 әдістемелік нұсқаулар мен құралдар.52 Ғылыми мақалалар; 1983 ж - «Фараби сазы» жетекшілігіндегі фольклорлық ансамбльдің орындауында қазақ радиосының «Алтын корына» қабылданған. 8 шығарма, (40 минут);1980 ж- Е.О.Балабековтің жетекшілігіндегі «Достық» фольклорлық ансамблінің грампластинкасы жазылды.    3 шығарма, 11 минут; Құрманғазы атындағы Акедемиялық, мемлекеттік оркестрінің репертуарына қабылданған, оркестрге лайықтап түсірілген 12 шығарманың авторы.
Халықаралық байланыстар
       Шет елдік ғалымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Москва Мемлекеттік мәдениет және өнер университеті, А.Кадыри атындағы Ташкент Мемлекеттік мәдениет институты, г.Лейпциг қаласының
      Музыка және театр университеті, Германия Федеративтік республикасы. Келісім-шарттар бар.
Бұл жұмыс бағыттары бойынша алыс философия PhD докторы Юрген Вернер Вольфганг Асмус) және жақын шет елдерден (п.ғ.д.,профессор Садовская В.С., к.ғ.д.,профессор Ремизов В.А., п.ғ.к.,профессор Тихоновская Г.С., ф.ғ.к.,профессор Скляр И.Г.)  (Москва қ.Ресей Федерациясы) ғалымдар тартылған. 
   
  
13.03.2017-22.03.2017жж. ғылыми тағлымдамадан (научная стажировка) өткен магистранттар:
1.Мәскеу Мемлекеттік мәдениет институтына жіберілгендер:
6М020400- « Культурология» мамандығы бойынша  МПИ-16-4нк тобы. (Мамбетомар Б.Қ., Бошанова Ж., Еримбет Г., Әділханов Н).
6М090600  «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша МПИ-16-11нк. тобы .Тұрғантаева А.Р
2.Ташкент Мемлекеттік мәдениет институтына жіберілгендер:
6М090600 «Мәдени тынығу жұмысы» МПИ-16-11нк. тобының магистранттары Елдекенова Д.,Жамбулова Л.
2. .6М020400- « Культурология» мамандығы бойынша  МПИ-16-4нк тобы. Наурызбаев С.М.
 
       Біз олармен мақтанамыз 
       Біздің кафедраның бітірушілерінің рейтингісі жоғары және оларға жұмыс берушілерден сұраныс мол.   Біздің бітірушілер жұмыс орындары бойынша жан -жаққа таралған.  Олардың ішінде қаншама атақтылары бар десеңші!
 -ҚР халық әртісі Ескендір Хасанғалиев.
 -ҚР Халық әртісі , Тамаша» театрын қалыптастырушы Есенов Л.   
-ҚР Халық әртісі ,композитор Ильясов М.                                                   
-ҚР халық әртісі Нағима Ескалиева.
-ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова.
-ҚР еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров.
-ҚР еңбек сіңірген әртісі, әйгілі композитор Марат Ильясов.
-Көптеген халықаралық музыка фестивалдерінің  лауреаты Гайсин Р.                                                                                                                                                            
-Ш.Қалдаяқов атындағы Халықаралық әншілер байқауының лауреаты Мамадияр Таукеев.
-Ш.Қалдаяқов атындағы Халықаралық әншілер байқауының лауреаты Хадиша Сейтова.
-«Романсиада»  Халықаралық әншілер байқауының дипломанты  Виктория Борисова.
-«Очарование романсом» Халықаралық әншілер байқауының лауреаты Ж.Тажибаева.
-«Романсиада»-Халықаралық әншілер байқауының дипломанты Бахыт Джумабеков.
-«Жігіттер» квартеті;
 
     Болашаққа жоспарлар
      Ғылыми –зерттеу жұмыстарының дамуына басты көңіл бөлу. Ғылыми зерттеулерге бюджеттен және гранттар бойынша қаржы тарту. Ғылыми , оқу және оқу әдістемелік әдебиеттер көлемін арттыру, ғылыми кадрлар күш қуатын көтеру жоспарлануда.
    Қазақстан республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында белгілі ҚР Халық әртісі, профессор
Е.Оразымбетовтың жетекшілігімен факультеттің оқытушылары және шығармашылық мамандықтары студенттері бас ғимараттың акт залында «Менің отаным  Қазақстан» театрландырылған тақырыптық қойылымын өткізді. Қойылымда басты ролдерді орындағандар:п.ғ.д.., профессор Е.О. Омар, аға оқытушылар Б.К. Отарбаева, К.Е. Туреханов, Г. Жантилеуов, Б. Ботаев.2011ж.
       Көпшілік сахнада аталған факультет кафедраларының студенттері ойнады. Мерекелік қойылым үлкен концерт және от шашумен аяқталды.
    Ал тұңғыш рет Азияда – 2011жылы 7 қысқы ойындары біздің Тәуелсіз еліміз Қазақстанда болып, 14 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша эстафета өтті. Қала бойынша қатысқан 60 алау ұстаушылардың арасында кафедра оқытушылары мен студенттері болды.
     «Мәдени және әлеуметтік қызмет» кафедрасы Қазақстан спортшыларына биік спорттық жеңістер тілейді.