Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша ХI- республикалық пәндік олимпиада

            28-29.03.2019ж.  М Әуезов атындағы ОҚМУ – де 5В090600 – «Мәдени және  әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында ХІ Республикалық пәндік олимпиада өткізілді .  Олимпиадаға 6-команда қатысты: Қорытындысында 1 және 2 тур бойынша алған баллдарына орай командаларға төмендегідей орындар белгіленеді:
            І – орынды М.Х.Дулати атындағы  Тараз Мемлекеттік университеті, Тараз қаласы иемденді. ІІ – дәрежелі диплом  М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті  ие болды. ІІІ – дәрежелі диплом  Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, Тараз қаласы,  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қаласы және  Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы иемденді.