Мәдени – тынығу және әлеуметтік қызмет

Кафедра меңгерушісі

Сапарова Юлдуз Азимхановна

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

 

 

 

Мекен-жайы:М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Тәжібаев көшесі 2, №8 ғимарат bkru

Телефон: 8 (7252) 36-71-93 ,сот.тел.87779991158

E-mail: Ylduz  58@ bk.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мәлімет

Кафедра жоғары білікті мәдени шығармашылық қызметі мамандарын кәсіби даярлау үшін 1967 жылы құрылды.
      Кафедраның гуманитарлық ұстанымы- отандық мәдениет дәстүрлерін және рухани құндылықтарын сақтау.
     Логин-«Зерттей үйрен.Үйрене зертте».
      5В090600- «Мәдени-тынығу жұмысы» бакалавриаты бағдарламасы бойынша мәдениет және өнер мекемелері, білім беру ошақтары бұқаралық ақпарат құралдарына жұмыс істеу үшін мамандар шығарылды. Олардың кәсіби міндеті тұрғындар демалысын ұйымдастырудың ақпараттық , мәдени-тынығу жұмысының жоғары көркемдік формасын жасау.
      Бакалаврлар кәсіби қызметі нысаны болып табылатындар: мәдениет және өнер мекемелері, шығармашылық орталықтар, әуесқой клубтық бірлестіктер, мектеп және мектептен тыс мекемелері мен бұқаралық ақпарат құралдары.
      1998 жылдан бастап «Мәдени -тынығу қызметі» кафедрасының оқытушылары авторлық ұжым ретінде Мемлекеттік білім беру стандарты, типтік жоспарлар мен «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығы бойынша бакалавриат, магистратура және PhD докторантураға типтік бағдарламалар өңдейді, бұларды осы сала бойынша мамандар даярлайтын Қазақстан республикасы бойынша барлық ЖОО –дары пайдаланады.
          Оқытылатын пәндер қатарында: мәдени тынығу жұмысының тарихы мен теориясы, көркем
шығармашылық, имиджеология, ойын–сауық бағдарламаларын ұйымдастыру, сахна–қозғалысы негіздері, дыбыс және жарықпен безендіру әдістемелері, визаж өнері, шешендік өнер, актер шеберлігі, көпшілік мерекелер және қойылымдар драматургиясы және т.б. бар.
   2003 жылдан бастап 6М090600 –«Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығы бойынша магистратура ашылған. Онда жыл сайын гранттық қабылдау бойынша магистранттар білім алады.
       Кафедрада «Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығы бойынша  Республикалық оқу–әдістемелік кеңес жұмыс істейді. Бұдан бөлек мәдениет және өнер қызметкерлері мен Қазақстан ЖОО оқытушылары біліктілігін арттыратын Республикалық біліктілік жетілдіру курсы бар.
       Көркем– шығармашылық, ұлттық дәстүрлер, халық шығармашылығы бойынша әдістемелік кеңес тек қала ғана емес, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Республикаға әдістемелік, ұйымдастыру және практикалық көмек көрсетеді.
      Оқу-ғылыми–педагогикалық кешендер базасы болып табылатындар: Ж.Шанин атындағы Облыстық драма театры, Облыстық мәдениет және халық шығармашылық орталығы, Қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығы, ЖШС «Юг Экшн» продюсерлік орталығы, «Актер мектебі», Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, «Төржан» балалар бақшасы, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, Қоғамдық қор «Интеллект». Және сабақтардың кейбір бөлігі ОҒӨК базаларында өткізіледі.
     «Мәдениеттану» мамандығы бойынша жоғары оқу орнынан кейін мамандар даярлайтын  магистратура құрылған. Лицензиялар: магистратура 6М020400 – Мәдениеттану Серия АА 00000 42, 26.04.2006, 6М090500 - Әлеуметтік жұмыс АБ №0137399 негізінде ҚР БЖМ 03.02.2010 ж. №361 бұйрығымен 1 қыркүйек 2010 ж.  жоғары оқу орнынан кейін мамандар дайындауын бастады.
     2015 жылдың қыркүйек айында «Мәдени -тынығу қызметі» кафедрасына «Әлеуметтік жұмыс» және «Мәдениеттану» мамандықтары қосылды. Кафедра атауы «Мәдени -тынығу және әлеуметтік қызмет» деп өзгертілді.    
 
Кафедраның оқытушылар құрамы
     Кафедрада 2 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты, 4 профессор, 1 ҚР халық әртісі, 4 ҚР Мәдениет қайраткерлері, 2 Халықаралық байқаулардың лауреаттары, 3 ҚР білім беру ісінің  құрметті  қызметкері, 1 Қазақстан Республикасы  Елбасының «Болашақ»  халықаралық  стипендиясының  иегері  қызмет атқарады.  
     Сабақ өткізуге белгілі Мәдениет және өнер қайраткерлерін тарту оқу процесіне оңтайлы ықпал жасайды.
Кафедра оқытушылары университет, қала, облыс және республика көлемінде өткізілетін барлық мәдени көпшілік іс- шараларға белсенді қатысады.
     «Мәдени-тынығу қызметі» кафедрасының оқытушылары мен студенттері өздеріне бекітілген Шымкент қаласы № 69 мектеп пен Сайрам жетім балалар үйіне шефтік көмекті жыл бойы ұдайы жүргізіп отырады.
      2014 жылдың 18 қарашасында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Мәдени –тынығу қызметі» кафедрасының оқытушылары Шымкент қаласы «Достық» мөлтек ауданындағы №69-шы орта мектепте кәсіби –бағдар беру жұмыстарын өткізді. Мектеп бітірушілермен кездесу ұйымдастырылып, университет жөнінде ақпараттық материалдар жаратылды.
                                        
Студенттік өмір
     Оқуды практикамен ұштастыру үшін кафедрада 4 студенттік үйірме құрылған. Бұл ғылыми –зерттеу үйірмесі «Ізденіс», «Қисық айна», Шымшыма» сатиралық театры, студенттік КТК, бұлардан бөлек жастар халық театры «Думан».
«Мәдени–тынығу қызметі» кафедрасының студенттері жыл сайын студенттік Республикалық пәндік олимпиадасына қатысып, ұдайы 1 орынды (2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015), ал «Әлеуметтік  жұмыс»  мамандығының студенттері  ІІ, ІІІ  орындарды  иеленіп келеді.
     2009  жылдың сәуір айында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттері Е.А.Букетов атындағы Қарағанда мемлекеттік университетіндегі I-ші Республикалық Олимпиадаға белсенді қатысып,  «Өте белсенді» номинациясына ие болып, Құрмет грамотасымен марапатталды.
     2011 жылдың наурыз айында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттері III -ші Республика-лық Олимпиадада «Ең маңызды әлеуметтік жоба» жоба үшін III –ші орын және Мадақтау грамотасымен марапатталды.
    Мамандық студенттері Халықаралық және республикалық конкурстармен фестивалдерге қатысып жүлделі орындарға ие болған:
    -ПИК-12-15к2  тобының студенті Орынбасар А. –«Абайдың қара сөздері» Республикалық студенттік конкурсы, І дәрежелі диплом;
    -ПИК-10-15р тобының студенті  Жуашбаева Г. «Арай-2013»  Республикалық ән конкурсы, І дәрежелі диплом;
    -ПИК-10-15р тобының студенті  Жуашбаева Г. «Магнификат» эстрадалық әндер, аспапты музыка, көркем және поэтикалық шығармашылық V Республикалық конкурсы, диплом.
   -ПИК-10-15р тобының студенті  Жуашбаева Г. «Самғау» Республикалық конкурсы, диплом.
   -ПИК-10-15р тобының студенті  Жуашбаева Г.. «Шабыт» Халықаралық жастар шығармашылығы фестивалі, Сертификат.
   -ПИК-12-15к2 тобының студенті Сүйінов М. Ф.Онгарсынованың лирикалық өлеңдер жинағын көркем оқу бойынша республикалық конкурсы, ІІ дәрежелі диплом;
    -«Думан» студенттік жастар театры. Студенттік театрлардың республикалық фестивалі(Павлодар қ.) ІІ дәрежелі диплом;
   -ПИК -10-15к3  тобының студенті Исламбеков А. «Химия технологиялық және кәсіби білім беру, өнер және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша дипломдық, бітіру шығармашылық жұмыстардың ҚР БҒМ республикалық конкурсы, І дәрежелі диплом;
   -ПИК -09-15к2  тобының студенті Тажибаева М.  «Химия технологиялық және кәсіби білім беру, өнер және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша дипломдық, бітіру шығармашылық жұмыстардың ҚР БҒМ республикалық конкурсы, ІІ дәрежелі диплом;
  -ПИК -10-15к3  тобының студенті Исламбеков А. «Химия технологиялық және кәсіби білім беру, өнер және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша дипломдық, бітіру шығармашылық жұмыстардың ҚР БҒМ республикалық конкурсы, І дәрежелі диплом;
  -ПИК-10-15к2  тобының студенті Байсымақова А.  «Химия технологиялық және кәсіби білім беру, өнер және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша дипломдық, бітіру шығармашылық жұмыстардың ҚР БҒМ республикалық конкурсы, ІІІ дәрежелі диплом;
-ПИК-13-15к3 тобының студенті Алтайұлы Б.Жас ақындардың республикалық«Шырайлым Шұбайқызылым» конкурсы, ІІ дәрежелі диплом;
    «Шуылдақтар»  КТК командасы  2005 жылы ҚР чемпионы атанды.
2005 жылы «Қисық айна» сатиралық театры құрылды. Боранбаев Айдархан  2008 жылы «Тазша  бала» конкурсында Гран-при жүлдесін жеңіп алды.
 -ПИК-12-15к3 тобының студенті Бақбер Алтайұлы Оңтүстік өңіріндегі жас таланттардың арасында «Сен жанбасаң лапылдап» аймақтық жыр мүшайрасында II орынды иеленді, 2014ж.
  -Қоғамдық кәсіптер факультетінің ұйымдастырумен өткен Факультетаралық «ЖАС ТАЛАНТ-2014» байқауында «Дәстүрлі ән өнері» жанры бойынша көрсеткен ең үздік өнері үшін ПИК -12-15к2 тобының студенті Қайырбаева Перизат I орынды иеленді және «Байқау жеңімпазы» атанды.
    -Қоғамдық кәсіптер факультетінің ұйымдастырумен өткен Факультетаралық «ЖАС ТАЛАНТ-2014» байқауында «Дәстүрлі ән өнері» жанры бойынша көрсеткен ең үздік өнері үшін ПИК -14-15к3 тобының студенті Ескермес Нұрбек II орынды иеленді және «Байқау жеңімпазы» атанды.
    -Қоғамдық кәсіптер факультетінің ұйымдастырумен өткен Факультетаралық «ЖАС ТАЛАНТ-2014» байқауында «Би өнері» жанры бойынша көрсеткен ең үздік өнері үшін ВПИК -14-15к3 тобының студенті Мұсақұл Жадыра III орынды иеленді және «Байқау жеңімпазы» атанды.
«Бал өнер» балалар мен жасөспірімдер театр ұжымдарының қалалық байқауында лауреаты және ІІ-ші орын иегері, 2015 ж. Қазақ хандығының 550 жылдығына мерекесіне арналған  «Қазақстаннның  қилы тарихы» атты   студенттер арасындағы сахналық  көріністен ұйымдастырылған байқауда ІІ орын иегері  атанды.  
- ПИК-12-15к3 тобының студенті Әшірбай Н., ПИК-13-15к3  т обының студенті Нұралиева А. «Боз бала мен бойжеткен» облыстық байқауы. 14.04.2015ж Шымкент қ.Шәмші Қалдаяқов атындағы Облыстық филармония. Бас жүлде, сертификат диплом, қаржылай сыйлық.
-.ПИК-14-15к2  тобының студенті Рысымов Н. «Педагогика және Мәдениет» факультеті студенттері арасында «Біз екеуміз бір болайық» шоу байқауына қатысып,  бас жүлде, дипломға ие болды.
- ПИК-12-15р  тобының студенті Тулеева Е. Студенттік жұмыстың «Особенности развитие Казахского фольклора» Халықаралық байқауына қатысып,  лауреат атанды және құрмет грамотасына ие болды.Москва мемлекеттік мәдениет институты..Москва қ.. 2014.
- ПИК-12-15к3 тобының студенті Мусакулов А., Баянкулов Ы. Мәдениет пен өнердің дамуына қосқан үлесі үшін облыстық мәдениет басқармасының  алғыс хатымен марапатталды, 2015ж.
 -ПИК-12-15к2 Орынбасар А. Республикалық студент жастардың өнер фестивалінде І – орынға ие болып дипломмен марапатталды,2015ж.
- ПИК-12-15к3 тобының студенті Әшірбай Н., ПИК-13-15к3  т обының студенті Нұралиева А.. Облыстық «Қозы Көрпеш Баян сұлу»  фестивалінде жүлделі І – орын және дипломға ие болды,2015ж.
- ПИК-15-15к3 тобының студенті Мақұлбек Б.А. Облыстық білім, Жастар саясаты тілдерді дамыту басқармасы, Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Студенттік шақ» деп аталатын іс- шараға қатысып, алғыс хат алды.
Академиялық ұтқырлық    
     Білім беру қызметін көрсету саласында өзара қызметтестік келісімдері бар: Москва Мемлекеттік мәдениет және өнер университеті(ПИК-10-15р тобы, Лебедь Э.), М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал қ. (ПИК-11-15к2  тобы, Уласбекова Н., Кизатова А., ПИК-12-15к2 тобы,  
 Айтқалиева Н.,Бақытова А., Қосбаева Г.), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.(ПИК-10-15к2 тобы Зиаутдинова Ж, Кожасейтова А, Байсымакова А, Байсымакова А). Сонымен қатар Москвамен оқытушылар арасында академиялық ұтқырлық байланыстары бар. (Садовская В.С., Ремизов В.А., Скляр И., Тихоновская - МММжӨУ ғалымдары; Е.,Исатаева З., Камалова Н.К., Сапарова Ю.А., Назанова Г-М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымдары).
«Думан» халық театры
    «Мәдени  тынығу қызметі» кафедрасында  2002 жылы ұйымдастырылған. Театрға оқытушылар мен студенттер қатысады. 2008 жылы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің аттестациялық комиссиясы шешімі бойынша «халықтық» атағы берілді.      
     2010 жылдың мамыр айында театр өз «Халықтық» атағын қайта қорғады.Ұлы Отан соғысының 65-жылдығына орай қойылған «Біз соғысты көрген жоқпыз» әдеби композициясы үшін үздік қойылым номинациясын алды. Режиссері ҚР Халық әртісі , профессор Е.Оразымбетов.
     2014 жылы 5- 12 сәуір аралығында Павлодар мемлекеттік университетінде республикалық әуесқой жастар театры арасында фестиваль ұйымдастырылып өткізілді. Онда Ж.Амашұлының «Тірі жан» спектаклі қойылып, 2 орын және үздік қойылым номинациясын алды.
     Студенттік «Думан» халық театры жастар мен студенттер арасындағы әуесқойлық театральдық ұжымдардың республикалық фестивалінде «Үздік режиссура» номинациясы бойынша диплом алды (қ.Павлодар 2014ж.)
       Кафедра оқытушысы Шымалиев А.Б. («Думан» театрының көркемдік жетекшісі) жастар мен студенттер арасындағы әуесқойлық театральдық ұжымдардың республикалық фестивалінде мадақтау хатын алды  (қ.Павлодар 2014ж.)
      2015 жылдың мамыр айында «Ұлы Отан соғысына- 70жыл», «Қазақ хандығына- 550жыл», «Қазақстан халық ассамблеясына» арналған облыстық халық театрлар фестиваліне «Думан» студенттік халық театры қатысып Д.Исабековтың «Тыныштық күзетшісі» спектаклін  қойылды, қоюшы режиссер аға оқытушы Емкулова А.Е., 2 орын және сыйлық ақы алды.
      Бүгінгі күндері студенттік театр репертуарында «Айман-Шолпан» (автор - М. О Ауезов); «Еңлік-Кебек» (М.О Ауезов), «Қаракөз» (М.Ауезов), «Гамлет» (У.Шекспир), «Козы Көрпеш и Баян Сұлу» (Ғабит Мүсірепов); «Ғасырдан да ұзақ күн» (Ч. Айтматов) т.б. бар.
Біздің жетістіктеріміз
       Оқу процесінде оқытудың инновациялық әдістері қолданылады: виртуалды лабораториялық жұмыстар, электронды оқулықтар, бейнелекциялар, іскерлік ойындар. Бұлардың барлығы студенттер мен магистранттарға білім сапасы және материалды игеру дәрежесін маңызды арттырады.
        Бұлардан бөлек конференциялар, дөңгелек столдар, студенттердің жеке жобаларын презентациялау түрінде лекциялық және практикалық сабақтар өткізіледі.
     П.ғ.д.ғ профессор Е.О.Омаровдың «Көркемөнер шығармашылығы» оқулығы республикалық конкурста үздік танылып, 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.
      Импакт-факторлы және экспериментті білім беру халықаралық журналдарында, Вестник-МГУКИ, Современные проблемы науки и образования (ACAD.OF MANAGEMENT LEARNING  EDUCATION, INTERNATIONAL JOURNAL OF SCIENCE EDUCATION, ADAPTIVE BEHAVIOR,SAGE PUBLICATIONS LTD, PATIENT EDUCATION AND   COUNSELING, ELSEVIER IRELAND LTD, ADAPTIVE BEHAVIOR, SAGE PUBLICATIONS LTD, PUBLIC OPINION QUARTERLY OXFORD UNIV PRESS, ТОМСОН РЕЙТЕРА, Международный журнал экспериментального образования, п.ғ.к.профессор  Шулунова Л.И., п.ғ.д.профессор  Омар Е.О., п.ғ.к.профессор Камалова Н.К., профессор Уразымбетов Е.С., п.ғ.к.доцент Сапарова Ю.А., п.ғ.к.доцент Исатаева З.Ж., Джумагулова Г.Ш. п.ғ.к.,аға оқытушы Ажибекова З.Б., п.ғ.к.,аға оқытушы Жолдасбекова К.А.,Сихынбаева Ж. мақалалар жариялады. Сапарова Ю.А., Камалова Н.К., Турдалиева Ш.Ж.,  Мухамедин  М.М., (Pensee Jornal – Impact Factor / Jornal Citation Reports Thomson Reutres – 0.018/ 2014., West Impact Factor «Laif Sciencen Journal, Materialy  X miedzynarodowej naukowi – praktycznej conferencji, wyksztalcenie I nauka bez granic – 2014);  
п.ғ.к.доцент Сапарова Ю.А. –«ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері (2008 ж.)
п.ғ.д.профессор  Омар Е.О. – «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері (2009 г.).
к.п.н., доцент Камалова Н.К. – «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері (2013 г.).
Аға оқытушы  Жумабай Л.Ж. сіңірген еңбегі үшін ОҚО әкімі А.Мырзахметовтың құрмет грамотасымен марапатталды. Аға оқытушы  Уалиханова А. Президенттің «Болашақ»  бағдарламасы бойынша Москва Мемлекеттік мәдениет және өнер университетінде біліктілік жетілдіруден өтті. П.ғ.к.профессор.Камалова Н.К., п.ғ.к.доцент Сапарова Ю.А. Москва және Стамбул қалаларынан  МММжӨУ-де біліктілік жетілдіруден өтті. ҚР Халық әртісі, профессор Е.С.Уразымбетов және аға оқытушы Жұмағұлов Қ. Театрлардың халықаралық фестивалінде Гран-при иегерлері атанды.
5В090600-Мәдени-тынығу  жұмысы  мамандығы  2011, 2012, 2013, 2014, 2015 жылдардың  қорытынды-сымен мамандықтардың Ұлттық Рейтинг  бойынша  І  орынды, 5В090500-Әлеуметтік  жұмыс  мамандығы 2013 ж. қорытындысымен ІІ орынды  иеленді.
      М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің  әрбір оқу жылындағы  қорытындысы  бойынша    оқытушылар түрлі  номинациялардың  жеңімпаздары атанған:
аға оқытушы Турдалиева Ш.Ж.-  2007-2008  оқу жылында  ОҚМУ үздік оқытушысы;
п.ғ.к., профессор Шулунова Л.И.  - 2008-2009  оқу жылында  ОҚМУ үздік профессоры;
аға оқытушы Сабекова А.С.-  2008-2009  оқу жылында  ОҚМУ үздік оқытушысы;
п.ғ.д., профессор Омар Е.О. - 2009-2010 оқу  жылында ОҚМУ үздік профессоры;
аға оқытушы Уалиханова А. – 2009-2010 оқу  жылында ОҚМУ үздік оқытушысы;
п.ғ.к., профессор Камалова К.К.  - 2011-2012 оқу жылында  ОҚМУ үздік профессоры;
аға оқытушы Абсаматова Е.А. - 2011-2012 оқу жылында  ОҚМУ үздік оқытушысы;
аға оқытушысы Альжанова Б.Т. -2013-2014 оқу  жылында ОҚМУ үздік оқытушысы.
п.ғ.к., доцент Р.Д.Дарибаева 2009-2010  оқу жылы «М.Әуезов атындағы ОҚМУ үздік доценті» номинациясына ие болды.2010 жылы университет жаңашыл- педагогтарының бірінші форумына белсенді қатысқаны  және білім беру үрдісіне замануи ақпараттық және инновациялық технологияларды енгізудегі еңбегі үшін  п.ғ.к., доцент Р.Д.Дарибаева алғыс хатпен марапатталды.
       2011 жылы  «Білім сапасы-білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету факторы» атты жаңашыл-педагогтардың екінші форумында «Үздік сабақ»  өткізгені үшін педагогикалық және гуманитарлық бағыттар бойынша 1-ші орын алған филос. ғ. к., доцент А.А.Жиенбекова дипломмен марапатталды.
- п.ғ.к.., доцент Сапарова Ю. А., магистр Жумагулов К. Магистрлік дипломдық жұмыстар арасында ұйымдастырылған байқауда жүлделі  ІІ- орын дипломымен марапатталды. (15.01.2015ж.)
- п.ғ.к., доцент Сапарова Ю. А. КОНКОРД (МАК) Халықаралық академиясында пәнаралық іс – сапар және Халықаралық ФИДЖИП федерациясы «Ғылыми бірлестік және халықаралық ұйымы» ғылыми – танымдық турымен Париж – Анси («Венеция в Альпах») – Швейцария – Милан -Лазурный  жағалауы Италии и Франции  княздығына барумен қатар  Монако – Ницца – Лион – Париж.(Сертификат 10.05.2015ж.)
- п.ғ.к.,доцент Камалова Н.К облыстық салт – дәстүрлер орталығында өткен іс  шараға балсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. (25.03. 2015ж.).
     Турдалиева Ш.Ж.-РФ, Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер  университеті педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне кандидаттық диссертация қорғады, 2014ж.
    2014ж. пғ.д.,  профессор Камалова Н.К., п.ғ.к.,  аға оқытушы Ажибекова З.Б., «Оңтүстік Қазақстанға  сіңірген еңбегі  үшін» төсбелгісімен марапатталды.
  Қоғамдық қормен «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы үшін өндірістік комплекс «Процветание» ашылды. Педагогтар, магистранттар, студенттер кездесіп көкейдегі сұрақтар мен әлеуметтік жобаларды талдауларына болады.
      филос.ғ.к., доцент А.А.Жиенбекова Жоба Еуропа Одағымен  және Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігімен қаржыландырылған «Азаматтық қоғамның қазақ тілінде адам құқықтары  туралы ақпаратты тарату бойынша мүмкіндігін дамыту» семинарына белсенді қатысқаны үшін  марапатталды.
      «Адам құқығы және  қақтығыстар» курсына қатысқаны үшін «Экономикалық және азаматтық білім орталығы» А.А.Жиенбековаға сертификат берілді.
      «Ерекше назарды талап ететін, әлеуметтік педагогтың балалармен жұмыс істеу әдісі» семинар-тренингке қатысқаны үшін А.А.Жиенбековаға сертификат берілді.
Ғылыми өмір
    2012 жылдан кафедра оқытушылары «Оңтүстік Қазақстан мәдени тынығу жұмысының  қалыптасуы мен даму динамикасы» мемлекеттік  бюджеттік тақырыбы бойынша жұмыс істейді. Тақырып жетекшісі п.ғ.д., профессор Омар Е.О. Кафедра оқытушылары 59 аса оқулықтар мен оқу құралдарын, 21 аса электронды оқулықтар, 3 электрондық оқу құралы, 4-дәрістер жинағы 3 видеолекция және 8 монография шығарған. 1 монография Германияда басылып шығарылған, , 10-нан аса патенттер иегерлері  болып табылады. Кафедрада 133-видеокассета және 75-DVD, 19- СD  диск бар.
        Профессор – оқытушылар құрамы «Әлеуметтік жұмыс», мамандығы бойынша оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие жұмыстары бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізді.
   050905-«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының теориялық-тәжірибелік және ғылыми негіздерін қалыптастыруда доценттер Р.Д. Дарибаеваның «Әлеуметтік жұмыс негіздері», «Аймақтық мәдени саясат» А.А.Жиенбекованың «Әлеуметтік геронтология» (2010), «Шиеленістану»(2009), «Патронат және патронатты отбасымен әлеуметтік жұмыс»(2011), Әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикалық негіздері»(2010) аға оқытушы К.К.Толегенованың «Мамандыққа кіріспе», «Әлеуметтік адаптация және реабилитация», «Әлеуметтік жұмыстағы әкімшілік және басқаруды ұйымдастыру» т.б. оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдары және электронды оқулықтар: «Әлеуметтік геронтология», «Шетелдегі әлеуметтік жұмыс» даярланды.
 
Халықаралық байланыстар
       Шет елдік ғалымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Москва Мемлекеттік мәдениет және өнер университеті, А.Кадыри атындағы Ташкент Мемлекеттік мәдениет институты, г.Лейпциг қаласының
      Музыка және театр университеті, Германия Федеративтік республикасы. Келісім-шарттар бар.
Бұл жұмыс бағыттары бойынша алыс философия PhD докторы Юрген Вернер Вольфганг Асмус) және
жақын шет елдерден (п.ғ.д.,профессор Садовская В.С., к.ғ.д.,профессор Ремизов В.А., п.ғ.к.,профессор Тихоновская Г.С., ф.ғ.к.,профессор Скляр И.Г.)  (Москва қ.Ресей Федерациясы) ғалымдар тартылған.
Біз олармен мақтанамыз   
      Біздің кафедраның бітірушілерінің рейтингісі жоғары және оларға жұмыс берушілерден сұраныс мол.   Біздің бітірушілер жұмыс орындары бойынша жан -жаққа таралған.  Олардың ішінде қаншама атақтылары бар десеңші!.
      Бұлар мәдениет және өнер мекемелерінде басшылық қызмет атқаратын, мәдениет қайраткерлері, отандық эстраданың жұлдыздары болып табылатындар: Нагима Ескалиева, Макпал Жунусова, Марат Омаров, Ринат Гайсин, Эдуард Мальбеков, Манап Кокенов, Лукпан Есенов, Замира Кастеева, Райхан Каланова, Феруза Жолынбетова және тағы басқалар.
 
Болашаққа жоспарлар
      Ғылыми –зерттеу жұмыстарының дамуына басты көңіл бөлу. Ғылыми зерттеулерге бюджеттен және гранттар бойынша қаржы тарту. Ғылыми , оқу және оқу әдістемелік әдебиеттер көлемін арттыру, ғылыми кадрлар күш қуатын көтеру жоспарлануда. «Мәдени тынығу қызметі» кафедрасында РҺd докторантура ашуға құжаттар дайындалуда.
    Қазақстан республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында белгілі ҚР Халық әртісі, профессор
Е.Оразымбетовтың жетекшілігімен факультеттің оқытушылары және шығармашылық мамандықтары студенттері бас ғимараттың акт залында «Менің отаным  Қазақстан» театрландырылған тақырыптық қойылымын өткізді.Қойылымда басты ролдерді орындағандар:п.ғ.д.., профессор Е.О. Омар, аға оқытушылар Б.К. Отарбаева, К.Е. Туреханов, Г. Жантилеуов, Б. Ботаев.
   Көпшілік сахнада аталған факультет кафедраларының студенттері ойнады.Мерекелік қойылым үлкен концерт және от шашумен аяқталды.
    Ал тұңғыш рет Азияда – 2011жылы 7 қысқы ойындары біздің Тәуелсіз еліміз Қазақстанда болып, 14 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша эстафета өтті. Қала бойынша қатысқан 60 алау ұстаушылардың арасында кафедра оқытушылары мен студенттері болды. «Мәдени тынығу және әлеуметтік қызмет» кафедрасы Қазақстан спортшыларына биік спорттық жеңістер тілейді.