Құттықтаймыз!

«Өнер» кафедрасының меңгерушісі Тлеубаева Балжан Сейдраманқызы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.АЛТЫНСАРИН» белгісімен марапатталды. Тлеубаева Балжан Сейдраманқызы «2010 жылдың үздік оқытушысы» грантын иеленген, «Болашақ»  халықаралық бағдарламасының стипендиаты, білім беру ісінің құрметті қызметкері, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ҚР хореография одағының мүшесі.