Құттықтау! 5В011400 – Тарих мамандығы студенттерінің Х Республикалық пәндік олимпиададағы жүлделі орны

2018ж. 27-31 сәуір аралығында "Жалпы тарих және мұражай ісі" кафедрасының доценті, тарих ғылымдары кандидаты Жанысбекова Гүлнар Әмирбайқызының жетекшілік етуімен 5В011400 - Тарих мамандығының 1-3 курс студенттері Әшім Жантөре Қайратұлы, команда капитаны(Пик-15-3к тобы), Антаров Закир Зукурович (ПИК16-3к), Минкан Нұрсәуле Ақылбекқызы (ПИК-16-3к), Ершора Мадина Нұралықызы (ПИК-16-3к тобы), Әбдікәрім Тоты Нұранқызы  (ПИК-17-3к тобы)"Ұлы Дала қырандары" командасын құрып Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 5В020800- Археология - Этнология мамандықтары үшін өткізілген студенттердің Х Республикалық пәндік олимпиадасына қатысып, ол жерде жүлделі III - ші орынды иеленіп қайтты. Табыстарыңыз құтты болсын!