Қазақстан тарихы

Кафедра меңгерушісі
Карибаев Сарсебай Өскенұлы
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Мекен-жайы: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Т.Тәжібаев көшесі 2        
Педагогика және мәдениет факультеті, №8 ғимарат, 311 кабинет
Жұмыс телефоны: 8 (7252) 36-71-87

 

 

 

►Профессор-оқытушылар құрамы

Қазақстан тарихы кафедрасының  тарихы мен  жетістіктері

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жалпы университеттік  «Қазақстан  тарихы» кафедрасы өз тарихын 1943 жылы қаланған  Құрылыс материалдары институтынан (кейін ҚазХТИ, қазіргі М.Әуезов атындағы ОҚМУ) бастау алады. Ол кезде кафедра қоғамдық пәндерді оқытатын «Марксизм-ленинизм негіздері» кафедрасы деп аталып, 1980 жылға дейін жұмыс істеді. Сонан соң кафедра қоғамда қалыптасқан жағдайларға байланысты атын бірнеше рет өзгертті. Кафедра «кеңестік қоғамда Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы жетекші роль атқаратындығы» туралы КСРО Конститутциясының 6 - бабына сәйкес 1980-1989 жылдары  «КОКП тарихы» кафедрасы, КОКП-ның дағдарысқа ұшырауымен 1989-1991 жылдары «ХХ ғасырдың саяси тарихы» кафедрасы деп аталды.

 Кеңестер Одағының ыдырауы және Қазақстанның тәуелсіздік алуы тарих ғылымына да түбірлі өзгерістер алып келді. Осыған байланысты 1992  жылдан бастап Қазақтың төл тарихын жастар санасына сіңіру мақсатында  кафедра «Қазақстан тарихы» кафедрасы деп аталып, тарихи санасы қалыптасқан, отаншыл, мемлекетшіл жастарды даярлайтын лабораторияға айналды.

Кафедраның қалыптасып, аяғынан тік тұрып кетуіне Е.М.Гольцман, А.Сүлейменов, П.И. Малышев,  Ш.А. Абубакирова  сынды ғалымдар үлкен еңбек сіңірді.

1983-1995 жылдары кафедраны тарих ғалымдарының докторы, профессор Атауов Сақтап Атауұлы, 1995-2004 жылдары тарих ғылымдарының докторы, профессор Әлібек Сейдехан Нұрмаханұлы,   2004-2007 жылдары тарих ғылымдарының докторы Ауанасова Алима Мүсірқызы, 2008-2014 оқу жылдары тарих ғылымдарының докторы, доцент Сапарбаев Бақыт Қойшыбайұлы басқарды.     

2014 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі болып тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Карибаев Сәрсебай Өскенұлы басқарып келеді.   

Бүгінгі күні кафедрада профессор-оқытушылар құрамы - 20. Оның ішінде 1 тарих ғылымының докторы (оның ішінде 1 профессор),  10 тарих ғылымының кандидаты   (оның ішінде 6-ы доцент),  2 аға оқытушы, 7 оқытушы қызмет атқарады (олардың 8-і магистр). Атап айтсақ, тарих ғылымдарының докторы - С.Н.Әлібек, тарих ғылымдарының кандидаттары - С.Карибаев, С.Садықұлова, Ж.Белгібай, Ж. Жолдыбаев, Ж. Мулдахметова, С. Жүнісбаев, Г. Тілеуқұлов, С. Айкөзов, Л. Рсымбетова, Е.Абдухайымов; аға оқытушылар, тарих магистрлері Орынтаева Э.О., А.Ә. Қабыл және оқытушылар А.Ториева, Б.Сапарбекова, Абдрасилова С., Байжанова А, Жамелов Б, Ниязбекова М., Э. Мырзақұлова.

Кафедра университеттің барлық факультеттерінің 1 курс бакалавриатында «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу үдерісін  қамтамасыз етеді. Кафедра қызметінде басты орынды оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және  тәрбие жұмыстары алады.

Ғылыми бағыттары

Профессор-оқытушылар құрамы  мемлекеттік бюджеттік  ҒЗЖ жоспары  бойынша Б--11-08-04 «Қазақстан: кеше, бүгін және  болашағы» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Осы бағытта  кафедраның профессор-оқытушылар  құрамы  оқу-әдістемелік   құралдар, нұсқаулар, кейстер  дайындап жариялады  және  ғылыми мақалалар мен  импакт-фактор  бойынша   мақалалар  жариялайды. 

Кафедра қызметкерлері «Мәдени мұра» стратегиялық Ұлттық жоба аясында жұмыс жүргізуде, кафедрадағы студенттердің   мүшелігі   мен «Туған өлке» үйрмесі  жұмыс  істеуде.

 

Ғылыми жұмыс

Кафедра «Қазақстанның бүгіні, ертеңі және болашағы» атты мемлекеттік бюджеттік тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді (Ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуындағы өзекті мәселелерін меңгеру).

Қазақстан тарихының өзекті   мәселелеріне қатысты ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіледі: әлеуметтік-экономикалық, өнеркәсіптік даму тарихының мәселелері бойынша т.ғ.к., Жолдыбаев Ж.Т., Қазақстанның ұлт-азаттық қозғалыстары және ұлттық интеллигенция мәселесі бойынша т.ғ.д., Алибек С.Н., т.ғ.к., доцент Садыкулова С.С., т.ғ.к; Ұлт мәселесі, дін және этносаралық қатынас, ағарту саласындағы мәселелері бойынша т.ғ.к., доцент Карибаев С.Ө., т.ғ.к., Мулдахметова Ж. И., т.ғ.к., Жүнісбаев С.М., т.ғ.к., Белгібай Ж.К., ҚР аграрлық реформалар бойынша т.ғ.к., Айкозов С.И., Ұлы Отан соғысы жылдарындағы  демографиялық  жағдай бойынша магистр, аға оқытушы  Э.О.Орынтаева.

Профессор-оқытушылар құрамы  биылғы  «Оңтүстік Қазақстан облысының жастары арасында этникалық бірегейліктің дамуын зерттеу» (жоба жетекшісі т.ғ.к., доцент Карибаев С.) және «Оңтүстік Қазақстан облысының полиэтникалық  ауылдық  аудандарындағы өзара іс-қимыл факторларын зерттеу және тұрғындардың ішкі бірлігін нығайту үлгілерін жасау» (жоба жетекшісі т.ғ.к., доцент Жүнісбаев С.)  тақырыбында екі  гранттық қаржыландыру ғылыми жобасын жеңіп алып, зерттеу жұмыстарын  жүргізу үстінде.

Кафедра профессор-оқытушылар құрамының ғылыми жұмыстары мен мақалалары отандық басылымдарда, шетелдік ғылыми басылымдарда, сонымен қатар халықаралық және республикалық конференциялардың ғылыми еңбектерінің жинақтарында жариялануда.    Кафедраның профессор-оқытушы құрамы зерттеу жұмыстарының нәтижелерін импакт-факторлы журналдарда жариялады. Атап айтқанда, Мулдахметова Ж.И.,Сапарбекова Б. Приложение к журналу Современные проблемы науки и образования .Статья: «О роли ассамблеи народа Казахстана в современной истории страны». Секция  исторические  науки  публикации за 2015 г., С.И.Айкозов, Э.О.Орынтаева Приложение к журналу Современные проблемы науки и образования. Статья: «On the methodology agricultural development of the republic of Kazakhstan».Секция  исторические  науки публикации за 2015 г.,С.И.Айкозов Приложение к журналу Современные проблемы науки и образования.Статья: «Методология  исследования  истории  социально-экономического  развития  РК рыночном отношении».Секция исторические науки.публикации за 2015 г.,Ж.Қ.Белгибай, Ж.И.Мулдахметова  «Technology  of formation histori» Lif Science Journal 2014, Мулдахметова Ж.И.Technoloqy of formation of pedaqoqical hiqh shool students ethnic tolerance by means of teachinq history.Life Science Jornal 2014, Карибаев С.Ө.  «Из истории возникновения  этнокультурных  центров  в ОКО»  Современные проблемы гуманитарных и естественных наук. Москва 24-25 декабрь 2014 ж., Қабыл А.Ә. Проблема взаимодействия музея и школы. «Te Second International conference on development of history of art and cultorology in Eurasia».Proceedings of the Conference ( January 30, 2015). «East West» Association for Advanced Studies and Higher Education GmbH. Vienna. 2015. 50 Р. (Международная конференция по развитию дисциплин искусствоведения и культурологии в Евразии. Австрия, г. Вена. 30 января 2015 г.).

«Қазақстан тарихы» кафедрасының тәрбие беру міндеттері мен қоғамдық-саяси қызметі:

  • Бастапқы студенттік ұжымды қалыптастыру;
  • Идеялы топтасу, қазақстандық патриотизмге, жоғары азаматтылыққа,
  • ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу бойынша жұмыс;
  • Жастарды рухани-адамгершілік, эстетикалық, достық және ұлтаралық келісім рухында тәрбиелеу;
  • Жемқорлыққа қарсы күрес;
  • Студенттік ортада салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • Азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие беру,
  • Діни  төзімділікті  қалыптастыру; 
  • Салауатта өмір салтын қалыптастыру  және дене тәрбиесі;
  • Интелектуальды және  коммуникативті  мәдениеттің қалыптасу;
  • Тұлғаның интеллектуалдық дамуы бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
  • Кафедраның профессор-оқытушы құрамы 1 курс студенттерімен  «рухани тәрбие» тақырыбы барысында  «Облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары»  мұражайында үнемі экскурсия  ұйымдастырып, әртүрлі құнды тарихи мәліметтермен бірге студенттерге «Ашаршылық», «АЛЖИР»  деректі фильмдер көрсетіледі. Студент жастар  еліміздің  қайғылы  кезең  тарихымен  терең  таныстырылады.

Қазақстан тарихы кафедрасының профессор-оқытушы құрамы студенттермен бірге Облыстық саяси қуғын-сүргін мұражайында

Жалпы алғанда, «Қазақстан тарихы» кафедрасы оқу, оқу-әдістемелік, ғылым, тәрбие жұмыстарын жүргізумен қатар, университеттегі қоғамдық-саяси жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру орталығына айналған.

 

Кафедра  оқытушыларының  біліктілігін арттыру

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың концепциясына сәйкес кафедра дамуының ұзақ мерзімге арналған даму жоспары жасалған.

     Т.ғ.к.,доцент Садықулова С.С және т.ғ.к.,аға оқытушы Рсымбетова Л.А оқытудың заманауи технологиялары саласында және еліміздің жоғары білім жүйесіндегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін оқыту мақсатында ЖОО-дағы педагогикалық мамандықтар бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыру Алматы қаласындағы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру  Ұлттық Орталығы» АҚ курстарынан, т.ғ.к., доцент  Карибаев С.Ө. „Үздіксіз білім беру жүйесіндегі заманауи әдістер“тақырыбы бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның базасындағы біліктілікті арттыру курсынан, кафедра оқытушылары А.Б.Ториева, Б.Р.Сапарбекова оқытудың заманауи технологиялары саласында және еліміздің жоғары білім жүйесіндегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру ұшін оқыту мақсатында ЖОО-дағы педагогикалық мамандықтар бойынша оқытушылардың біліктілігін арттырудың Алматы қаласындағы «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру  Ұлттық Орталығы» АҚ курстарынан, оқытушы Мырзақулова Э.А. „Үздіксіз білім беру жүйесіндегі заманауи әдістер“ тақырыбы бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның базасындағы біліктілікті арттыру курстрнан өтіп, сертификаттарға ие болды.  

 

Кафедра  оқытушыларының жетістіктері

Т.ғ.к., доцент С.И.Айкозов  пен магистр,  аға оқытушы Э.О.Орынтаева  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де өткен «Как находить журналы с импакт фактором» ғылыми-зерттеу семинарға қатысып, Thomson Reuters ресурсы  сертификатын алды.Т.ғ.к, доцент С.М.Жунисбаев Прага қаласындағы  8-ші халықаралық «Ресей және Европаның  мәдени экономикалық байланысы» ғылыми-практикалық конференцияға қатысып сертификат алды. Т.ғ.к., доцент  С.И.Айкозов  ОҚО, Шымкент қаласы әкімінің  «Үздік  насихатшы»  номинациясы бойынша  І-дәрежелі  дипломмен  марапатталды. 2015 жылы   т.ғ.к., доцент  С.И.Айкозов  Оңтүстік Қазақстан әкімінің  «Үздік  насихатшы»  номинациясы бойынша  ІІ-дәрежелі  дипломымен  марапатталды.