«Интерактивті – тарихи ғылыми Қазақстан халқы картасы. Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру жолдарының бірі»

          2018 жылы 14 – ші қараша күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 8 – ші оқу ғимаратының оқу залында Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бас қызметкері тарих ғылымдарының докторы, доцент А.И. Құдайбегенованың және Қазақстан тарихы кафедрасының ұжымының қатысуымен «Интерактивті – тарихи ғылыми Қазақстан халқы картасы. Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру жолдарының бірі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс – шара барысында Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бас қызметкері тарих ғылымдарының докторы, доцент А.И. Құдайбегенова Қазақстандағы көші-қон үрдістерінің тарихи демографиялық қырын айта отырып, этнодемографиялық талдау жасады. Талдау кезінде А.И. Құдайбергенова  заманауи ақпараттық технологияларының көмегімен жасалған Қазақстан халықтарының этнодемографиялық картасына жан – жақты сипаттама берді.