Ғылыми – зерттеу және шығармашылық байқау

2019 жылы 28 наурыз күні М.Әуезов атыендағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жалпы орта білім 9-11, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы I – II курс оқушылары арасындағы Ғылыми – зерттеу және шығармашылық байқауы өтті. М. Әуезов атындағы ОҚМУ – нің ҒЗБ жаныңдағы «МҰРА» жас зерттеушілер және шығармашылардың КІШІ АКАДЕМИЯСЫ гуманитарлық, педагогикалық, филологиялық және шығармашылық салаларда жұмысын жасады. «Қазақстан тарихы» қафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент С.Ө. Карибаевтың модераторлығымен өткен байқаудың барысында 30 жоба талқыланып, нәтижиесінде 10 жоба келесі турға өтті.