Факультет туралы

Факультет деканы 
Әжібеков Қанат Жұбандықұлы
Педагогика ғылымдарының докторы,
«Қазақстан Республикасының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған (2006ж.), ҚР «ЖОО–ның үздік оқытушысы» (2014ж).
 
 
Мекен жайы: Шымкент қ., 160018, Тауке-хан даңғылы 5, ОҚМУ. «8» ғимараты,   Т. Тәжібаев көшесі №2,. «Мәдениет және спорт» факультеті, деканаты 222, 
Тел: 8(7252) 36-71-20
E-mail: ukgu_ap@mail.ru
Декан орынбасары: аға оқытушы Уалиханова Айнұр
Оқу ісі және тәрбие жұмыстары бойынша декан орынбасары: аға оқытушы Бексейтов Нұржан
Ғылыми жұмыстар бойынша декан орынбасары: аға оқытушы Төреханов Қанат Ендібайұлы
 
 
Жалпы мәліметтер
«Мәдениет және спорт»  факультеті  бұрынғы  Педагогикалық мәдениет Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-і Шымкент бөлімшесінің кейбір педагогикалық  мамандықтары  негізінде  құрылған.
1967 жылы 11 сәуір күні Қазақстан КП Орталық  комитеті мен Қазақстан Министрлер Кеңесінің №230 қаулысына сәйкес, республикалық мәдени-ағарту мекемелеріне    жоғары  білікті  мамандар  және жалпы білім беретін мектептерде музыка пәнінің мұғалімдерін даярлау мақсатында Шымкент қаласында Педагогикалық мәдениет институты ашылды. Жаңадан ашылған институтқа Москва, Ленинград, Алматы, Ташкент, Киев, Одесса, Барнаул сияқты қалаларда мәдениет институттарын, консерваторияларды бітірген жас мамандар шақырылды. Ө. Ғұбайдуллин, Ж. Кенешова, Г. Есполова, С. Гевич, Т. Шапоренко, Қ. Ахметова, Л. Шулунова, А.Жақыпбеков,  А.Айтқалиев,  Қ.Жақыпбекова, А.Байтасов, С.Байжұманов, Т.Сницарова, О.Мұхамеджанов, У.Сүлейменов, Б.Кутунов, С.Нигметова, Н.Щаденко, Ж. Қойшыбаев, Г.Точилова, К.Раскалиев, Ж.Ажибеков және басқа ұстаздар институттың өркендеуіне өз үлестерін қосты.
1975 жылы Кеңес Одағына кеңінен танымал болған институтқа Шығыстың ұлы ойшыл ғалымы Әл-Фарабидің есімі берілді.
Институттың өркендеп дамуына 1967 жылдан 1978 жылға дейін институт ректоры қызметін атқарған,  белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, ғалым Сәдуахас Темірбековтың еңбегі орасан зор. Институттың материалдық-техникалық базасын жасады, оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырумен қатар институтқа оқытушылық жұмысқа келген жас мамандарды тәрбиелеуге аса көп көңіл бөлді. Ректор болған он бір жылдық мерзімде Кеңестер Одағындағы мәдениет пен өнер мамандарын даярлайтын барлық жоғары оқу орындарымен тығыз шығармашылық байланыс орнатты. Жаңадан ашылған оқу орнына ғылыми-әдістемелік жәрдем көрсету мақсатында одақтың белгілі өнер қайраткерлері көптеп келіп жатты. Жиырмадан астам ұстаздарға кандидаттық және докторлық диссертация қорғауына жағдай жасалды. Сонымен қатар адамгершілік пен бірін-бірі сыйлаушылық принциптерін берік ұстанған ұйымшыл ұжым қалыптастырды.
Институтты 1978-1996 жылдар аралығында ф.ғ.к., профессор Мүтан Жүнісбаев басқарды. Ректорлық қызмет атқарған кезінде ол басты назарын институттың материалдық базасын нығайтуға бөлді. Қазіргі Қонаев даңғылы бойындағы № 8 оқу ғимаратын салу, оны жабдықтау істерін ұйымдастырды. Ол ректорлық жұмыс жасаған мерзімде көптеген жаңа мамандықтар мен маманданулар ашылды. Одақ пен республиканың белгілі жоғары оқу орындарымен орнатылған шығармашылық байланыстар онан әрі дами түсті. Мәдениет проблемаларына байланысты одақтық көлемде бірнеше ғылыми–практикалық конференциялар ұйымдастырылды. Он бестен астам институт ұстаздары докторлық және кандидаттық диссертация қорғап, институттың ғылыми потенциалын арттырды. Институт ұстаздары мен түлектері арасынан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген өнер қайраткерлері, еңбегі сіңген әртістер, Халықаралық және Республикалық өнер конкурстарының, фестивальдардың лауреаттары мен дипломанттары  шықты.
1996 жылы Шымкент педагогикалық мәдениет институты Қазақстандағы жоғары оқу орындарын оңтайландыру реформасына орай, қазіргі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлектеттік университеті құрамына кірді.
2001 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры т.ғ.д., профессор У. Бишімбаевтың ұсынысымен бұрынғы факультет «Мәдениет және өнер» институты болып университеттің құрамында қайта құрылды.
2020 жылы қаңтар айында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры т.ғ.д., профессор Д.П. Қожамжарованың ұсынысымен бұрынғы «Мәдениет және спорт» факультеті «Мәдениет және спорт» факультеті болып өзгертілді
Факультетте оқу ісін ұйымдастыру, студент–жастарды тәрбиелеу, кәсіби деңгейі жоғары мамандар таңдау, факультеттің материалдық–техникалық базасын нығайту, ғылыми–ізденіс жұмыстарды жолға қою, жаңа мамандықтар ашу сияқты көптеген шешімі күрделі жұмыстарды атқаруда факультетті әр жылдары қызметіне жетік, білікті ұстаздар басқарды. Олар: Б.Жүсіпәлиев (1967-1968), Ө.Ғұбайдуллин (1968-1981), Е.Балабеков (1981-1996), Е.Омар (1996-1997), Ө.Ғұбайдуллин (1997-1998), Е.Балабеков (1998-1999), К.Дүйсенбаев (1999-2000), А.Саипов (2000-2001) Ө.Ғұбайдуллин (2001-2002), Е.Балабеков (2002-2006), С.Жақипбеков (2006-2008).
2008 жылдан институт директоры, 2010 - 2013 жылдан бастап факультет деканы қызметін п.ғ.д., профессор  А.Б.Нұрлыбекова атқарды,          2013 жылдан бастап факультет деканы қызметін п.ғ.д., доцент Қ.Ж.Әжібеков атқарып келеді.
Факультет кафедраларындағы ғылыми – зерттеу жұмыстары университеттің ҒЗЖ тақырыптық жоспарына сәйкес 13 бағытта жүргізіледі. Факультеттің     ғылыми потенциалы жоғары деңгейде. Кафедраларда 9 профессор, 13 ғылым докторы, 39 ғылым кандидаты,  5-ҚР Мәдениет қайраткері, 3- ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, 10-ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, 1 ҚР халық әртісі, 2 Халықаралық байқаулардың лауреаттары, 3 ҚР білім беру ісінің  құрметті  қызметкері, 48 аға оқытушы, 5-концертмейстер, 30 магистр қызмет оқу– тәрбие жұмысын жүргізеді.
Республика және ТМД елдеріне әйгілі ғалым–педагогтар – педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар А.А.Қалыбекова, Қ.Ж.Әжібеков, И.Б.Сихымбаев, Е.О.Омар, Т.М.Әлсатов, А.Б.Нұрлыбекова тарих ғылымдарының докторы,  Б.К.Сапарбаев, С.Әлібектің ғылыми мектептері қалыптасқан.
Факультет түлектері Қазақстанның барлық аймақтарымен қоса, жақын және алыс шет мемлекеттерде еңбек етуде. Көптеген профессор–оқытушылар Халықаралық және Республикалық байқаулардың жүлдегерлері, ҚР «ЖОО–ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлері, «ҚР мәдениет қайраткері» атағының иегерлері. Оқу үрдісі Мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім беру технологиялары бойынша ұйымдастырылған. Студенттерді кредиттік жүйе бойынша оқыту үшін Жоғары мектепте кітап қорын оқу-әдістемелік әдебиеттермен толтыру, оқыту үрдістеріне жаңа инновациялық технологияларды енгізу, оқу үрдісін ақпараттандыру және компьютерлендіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Барлық кафедраларда корпоративтік торап арқылы интернетке қосылған компьютерлік сыныптар бар.
Мәдениет және спорт  факультетінің тәрбие жұмыстары
Қазіргі таңда Мәдениет және спорт факультетінде  1671 студент білім алуда, соның ішінде мемелекеттік грант бойынша 846 және 825 студент ақылы негізінде. Оқу жылы басында Мәдениет және спорт факультетінің  деканы педагогика ғылымдарының докторы  Қ.Ж.Әжібековтың  өкімімен әр академиялық топқа тәлімгер және топ басшылары тағайындалады.  2019-2020 оқу жылында Мәдениет және спорт факультетінде барлығы 130 академиялық топ бар, сонымен қатар оқу жылы басында Мәдениет және спорт факультетінің деканының өкімімен жоғары мектеп аға тәлімгері және кафедра аға тәлімгерлері тағайындалады. Мәдениет және спорт факультетінің аға тәлімгерлік қызметін «Театр және эстрадалық шығармашылық» кафедрасының аға оқытушысы Бексейтов Нұржан  атқарады.
Факультеттің студенттік өзін-өзі басқару құрылымы, студенттік Кеңес белсенділік танытады. Студенттік декан МС-18-3к3  тобының студенті Қалыбай Асхат.
Мәдениет және спорт факультетінің тәрбие жұмысы мына бағыттар бойынша жүргізілуде:
  • Қоғамдық-саяси және құқықтық іс-шаралар;
  • Интернационалдық және патриоттық тәрбие;
  • Діни экстремизм мен халықаралық терроризмнің алдын алу іс-шаралары;
  • Адамгершілік-мәдени және эстетикалық тәрбие;
  • Ғылыми-зерттеу және шығармашылық іс-шаралар;
  • Жатақханадағы іс-шаралар;
  • Студенттерді спорттың бұқаралық түрлеріне тарту және салауатты өмір салтын насихаттау іс-шаралары;
  • Студенттерге кәсіби тәрбие беру іс-шаралары;
  • Жетім, жартылай жетім, табысы аз және көпбалалы отбасы мүшелері студенттерге қайырымдылық көмегін көрсету іс-шаралары.
 
Түлектерге
Факультетте мына бағыттар бойынша бакалаврлар, магистрлар дайындалады: Музыкалық білім беру, бейнелеу өнері және сызу, Дене шынықтыру және спорт, Бастапқы әскери дайындық, Режиссура, Хореография, Кескіндеме, Сән өнері, Сән дизайн, Орта дизайн,  Әлеуметтік жұмыс, Мәдени тынығу жұмысы, Продюссер және театр қойылымдарының технологиясы, Графика.
 
 
5В040900 – «Хореография»
6В02130 - «Хореография»    
Кафедра –«5В040900», «6В02130»- «Хореография» мамандығы бойынша, хореография педагогы біліктілігіне ие болатын бакалавр мамандарды дайындайды.
Біздің түлектер Қазақстанның әр облысында, жақын және алыс шет елдерінде мамандығы бойынша қызмет атқаруда. Кафедра ұжымының басты міндеті мен бағыты оқу-әдістемелік жұмыстарының сапалығын арттыру.
Хореография мамандығын бітірген түлектер арнайы мектептерде, колледждерде педагог-хореограф ретінде, хореографиялық ұжымның жетекшісі, балетмейстер ретінде, би театрларында, Мемлекеттік би ансамбльдерінде әртіс ретінде қызмет атқарады.
 
5В040600 -  «Режиссура»
02120 - «Режиссура»
5В040600 - «Режиссура», 6В02120 - «Режиссура» мамандығы, «Бұқаралық қойылымдар мен шоу бағдарлама режиссурасы» мамандануы.  оқу мерзімі – 5 жыл
Мамандарға жұмыс орындары: Театр, шығармашылық орталықтар, радио және телестудия, киностудия, мәдениет мекемелері және жоғары өнер оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдары.
Мемлекеттік және жекеменшік мәдени мекемелердегі режиссер; Мәдени мекемелерде басшылық және әдіскерлік қызмет
 
5В010600 - «Музыкалық білім»
6В01420 - «Музыкалық білім»
Академиялық дәрежесі- Музыкалық білім бакалавры
Біліктілігі: «Музыка пәнінің мұғалімі»
Мамандықтың сипаттамасы  Бітіруші мамандар мәдениет және өнер колледждерінде, балалар музыкалық мектебінде, жалпы білім беру лицей мен гимназияларында оқытушылық, мәдениет басқармасының бастығы, Республикалық, облыстық ғылыми-әдістемелік орталықтарының, аудандық мәдениет сарайларының директоры, ауылдық  клубтардың меңгерушісі, мәдени-ағарту мекемелерінің әдіскері, көркемұжымдардың жетекшісі және дирижеры қызметтерін атқара алады.
Оқу мерзімі–күндізгі бөлімде оқудың ұзақтығы-4 жыл.
Сырттай оқу бөлімінде орта арнайы білімі жоқ-5 жыл,
орта арнайы білімі базасы бар – 3 жыл,
жоғары білім базасы бар –2 жыл.
 
6М010300 - Педагогика және психология
Магистратура 6М010300 - Педагогика және психология мамандығының оқу бағдарламасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде іске асырылады. Оқу ғылыми-педагогикалық бағыттар үшін 2 жылға (4 семестрге)  және профильдік) бағыттар үшін 1 жылға (3 семестрге) созылады. 6М010300  – Педагогика және психология мамандығын бітіруші кәсіби іс-әрекеттің мынадай түрлерін орындай алады:
  • ғылыми-зерттеушілік (әртүрлі типті білім беру мекелеріндегі ғылыми қызметкер);
  • білімдік (білім беру, педагог-мамандарды даярлау және қайта даярлау саласындағы педагог-психолог).
Магистранттардың кәсіби іс-әрекетінің объектілері
  • жоғары оқу орындары мен  ғылыми-зерттеу мекемелері;
  • мемлекеттік басқару органдары органы.
6M010300 Педагогика және психологияның мамандығы бойынша бiлiмнiң магистрi академиялық дәрежесi беріледi.
 
5В090600- «Мәдени-тынығу жұмысы»
6В11120 - «Мәдени-тынығу жұмысы»
5В090600 (01) - Мектеп және мектептен тыс мекемелерде мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыру және педагогикасы;
5В090600 (02) - Бұқаралық мерекелер мен қойылым режиссурасы;
5В090600 (03) - Театр ұжымына жетекшілік;
Күндізгі бөлімде  орыс және қазақ тілінде оқу мерзімі -4 жыл.
Кешкі оқыту – 5 жыл.
Сырттай оқу бөлімі: орта арнаулы біліммен -3 жыл, жоғарғы біліммен-2 жыл.
5В090600-Мәдени-тынығу жұмысы  бітірген түлекке мәдени- тынығу жұмысы бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
 
 
5В090500 – «Әлеуметтік жұмыс»
6В10210 – «Әлеуметтік жұмыс»
5В090500 – «Әлеуметтік жұмыс» бітірген түлекке әлеуметтік жұмыс бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Күндізгі бөлімде  орыс және қазақ тілінде оқу мерзімі -4 жыл
Кешкі оқу түрі – 4,5 жыл
Сырттай оқу түрі–орта арнаулы біліммен -3 жыл, жоғарғы біліммен-2 жыл.
 
 
6М09500 «Әлеуметтік жұмыс»
7М10210 – «Әлеуметтік жұмыс»
Магистратура  бакалавриат негізінде  - 2 жыл
Мамандарға жұмыс орындары:
-жалпы білім беру ұйымдары, интернаттар, жетім балаларға арналған жалпы білім беру ұйымдары;
-денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық арнайы мекемелер (отбасылық балалар үйлері, интернат-үйлер, әлеуметтік приюттер, реабилитация орталықтары, арнайы коррекциялық мекемелер);
-мекемелер, жергілікті әлеуметтік қызмет және олардың ұйымдары (әлеуметтік-педагогикалық, жастардың мәдени-бос уақыт орталықтары, еңбек және халыққа әлеуметтік көмек бөлімшелері);
-балалар-жеткіншектер саласы, ойын алаңдары, балалардың шығармашылық үйлері, жастар ұйымдары мен бірлестіктері;
-медициналық және профилактикалық ұйымдары, халықтың әртүрлі категориясына арналған реабилитациялық орталықтар;
-әлеуметтік-кәсіби саладағы әлеуметтік қызметтер, коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйымдар;
Кәсіби қызмет түрлері: диагностикалық; әлеуметтік-реабилитациялық; әлеуметтік-профилактикалық; консультациялық, әлеуметтік-терапевтік; әлеуметтік-тұрмыстық; әлеуметтік-педагогикалық;әлеуметтік-қызмет көрсету; әлеуметтік-медициналық; ұйымдастырушылық-басқару; оқу-зерттеу;
 
 
6М090600 –«Мәдени- тынығу жұмысы»
7М11120 - «Мәдени-тынығу жұмысы»
Магистратура  бакалавриат негізінде  2 жыл
Мамандарға жұмыс орындары:
-мәдениет және өнер саласы бойынша ұжымдарға көркемдік жетекші болу; көпшілік мерекелік қойылымдарды сценарийлік-режиссерлік іске асыру;
-мектеп  және мектептен тысмекемелер тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып-басқару;
-көпшілік шаралар, концерттер мен спектакльдер қою;
-музыкалық ұжымдар жұмысын басқарып, жетекшілік жасау;
-арнайы тәртіптегі тәрбиелеу орындарын ұйымдастырушы-педагог;
-арнайы пәндер бойынша мектеп пен колледждерде оқытушы;
 
Мамандық: 5В042100 – «Дизайн»
02170 –  «Сән дизайн»
6В02171 – «Орта дизайн»
Мамандану: 5В042100.01 - Сәулет дизайны, Ішкі корініс дизайны
5В042100.02 - Графикалық дизайны Мамандану: Жарнама дизайнері
 5В042100.04 - Костюм дизайны Мамандану: Киім дизайнері
Дизайнерлік кабілеті жоғары эстетикалык талғамы калыптастырылған дизайнерлер дайындалады.
Мамандық: 5В041700 - Сәндік өнер мамандығы бойынша «Металды және баска да материалдарды  коркемдеп өңдеу» мамандану бойынша
Бакалаврдың кәсіби кызметінің обьектілеріне мамандар дайындайды.
 
Мамандық 5В010700- «Бейнелеу өнері және сызу мамандығы».
01430 – «Бейнелеу өнері және сызу мамандығы»
Бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімі болып жұмыс атқарады
Мамандық 5В041300- «Кескіндеме» мамандығы
02140 – «Кескіндеме»
Шығармашылық кескіндемеші болып жұмыс атқарады.
 
5В041400 – Графика
6В02150 – Графика
Графикші және аниматор болып жұмыс атқарады.
 
Кафедра келесі мамандықтар бойынша магистрлер дайындайды:
Мамандык: 6М042100 – Дизайн
7М02170 – Дизайн
Дизайнерлік кабілеті жоғары эстетикалык талгамы калыптастырылған дизайнерлер дайындалады және Жоғары оқу  орындарында оқытушылық қызметін атқарады
 
Мамандық 6М010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығы.
7М01430 – «Бейнелеу өнері және сызу мамандығы»
Бейнелеу өнері және сызу пәндері бойынша ЖОО оқытушы болып жұмыс атқарады
 
Мамандық 6М041300-Кескіндеме мамандығы
7М02140 – «Кескіндеме»
Шығармашылық еркін кескіндемеші және мектептерде, ЖОО-да оқытушы болып жұмыс атқарады.
 
Мамандық 6М041400 – Графика
7М02150 – Графика
Графикші және аниматор, ЖОО-да оқытушы болып жұмыс атқарады.