«Болашаққа қадам» атты ашық тәлімгерлік сағат

18.10.2017 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ, «Педагогика және мәдениет», «Мәдени және әлеуметтік қызмет» кафедрасы, 5В090600 «Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығының 3 курс, ПИК-15-15р тобының студенттерімен «Қазақстан жастарының рухани – әлеуметтік дамуының өзекті мәселелері Н.Ә. Назарбаевтың жолдауының 2050 жылы даму бағдарламасы контекстінде» «Болашаққа қадам» атты ашық тәлімгерлік сағат өткізілді.  Ашық тәлімгерлік сағатқа кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты.

Магистр, аға оқытушы Губайдуллин А.У. оқытушылар мен студенттерді Тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарының қоғамдық-рухани даму стратегиясының бағдарламасымен таныстырды, Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық мәдениетінің қайта жаңғыруының маңызды міндетін айтып өтті және жаппай мәдениеттілікке бет бұру, студент жастардың зияткерлік деңгейін жоғарылату және мемлекетімізде ұлттық рухани жаңғыртуға барлық жағдайларды жасау  қажет екендігін  айтты.  «Болашаққа қадам» атты видеоролик көрсетілді.