Бейнелеу өнері және дизайн

 

Болысбаев Даулетхан Сейтмаханович 

Кафедра меңгерушісі,

философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

 

 

 

Байланыс үшін мәлімет: №8 ғимарат 402 кабинет,

Байланыс сымтетігі: 8 (7252) 36-71-90

E-mail: daulet.bolysbaev.74@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Түзету әрекеттерінің жоспары

«Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының қалыптасу және даму тарихы.

1969 жылдан бастап Шымкент педагогикалық институтында жалпы білім беретін орта мектептерге арнап «Бейнелеу өнері және сызу» пәні мұғалімдерін дайындау қолға алына бастады. Физика математика факультеті жанынан құрылған «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасын аға оқытушы Е.М. Кан басқарды. Алғашқы оқытушылар қатарына Л.П. Павловский, Л.Ф. Жиляковалар болды.

Кафедраның қалыптасып дамуы барысында Одақ, Республика көлеміндегі белгілі көркем-өнер оқу орындарынан білікті мамандар шақырыла бастады. Олардың қатарында Скородин Ю.И., Почукаева З.В., Ломакин Ю.И., Халмуратов Ж.И., Тастемиров Қ.Т., Савостина Л.М.  т.б. болды. Сонымен қатар кафедранның алғашқы түлектері Ералин Қ.Е., Загоденко Ю.И., Никонов Г.В., сияқты оқытушылар қызметке қалдырылды.

Студенттер құрамының артуына байланысты үш кафедрадан тұратын «Көркем, сурет және графика» факультеті болып қайта құрылды. Факультетті аға оқытушы Кәдеев И.У. басқарды. Педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар  педагогика ғылымдарының кандидаттары: Павловский А.Л.,  Айдосов Ә.,  т.б. Суретшілерінің Одағының мүшелері көптеген халықаралық  жеке Республикалық көрмелерге қатысып келеді.

Кафедра 1993 жылы «Дене тәрбие және спорт» институтының, кейіннен қайта құру барысында Оңтүстік Қазақстан гуманитарлы институттың құрамында, қазіргі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Педагогикалық мәдениет және өнер институтына құрамына кіреді.

1996 жылы ЖОО-ның құрылымдық өзгерулеріне байланысты М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның жаратылыстану-педагогика факультеті құрамында «Сурет және кескіндеме» кафедрасы болып құрылып, бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімдері осы аталған оқу орнында дайындала бастады. Кафедраны алғашқы жылдары п.ғ.к., доцент Павловский А.Л. басқарды. 1999 жылдан 2004 жылдарға дейін п.ғ.д., профессор Ералин Қ.Е., 2004 жылдан п.ғ.к., доцент Бейсенбаев С.Қ. кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

29.09.05 жылы бекітілген № 880-Л ректордың бұйрығы бойынша «Сурет және кескіндеме» кафедрасы «Кескіндеме және дизайн» және «Бейнелеу өнері және сызу» кафедраларына бөлінген. «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасында  050107 «Бейнелеу өнері және сызу», бакалавриат  мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай оқу түрлері негізінде, 6N0107 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша магистратураға мамандар даярлайды.

2005 жылдан бері «Дизайн және сәндік өнер» кафедрасы үш мамандық бойынша кадрлар дайындайды: 5В042100 – «Дизайн, 5В041700- Сәндік өнер бакалаврларын, сонымен қатар 6M042100 – Дизайн, 6M041400 – Графика  мамандықтары бойынша магистрлерді дайындайды. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.д., доцент С.К.Бейсенбаев, п.ғ.к. М.Ж.Джакипбекова, п.ғ.к. Т.С.Буркитбаев, п.ғ.к. Қ.А.Жолдасбекова қызмет атқарды.

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы мен «Дизайн және сәндік өнер» кафедрасы бірігіп, «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы болып аталды.

Кафедра барлық талаптарға сай жауап беретін жақсы жабдықталған оқу аудиторияларымен, тігін және зергер шеберханалар және заманауи үлгідегі бағдарламалармен жабдықталған компьютерлер қамтамасыз етілген және мол натура қоры бар.

Кафедра оқытушылары мен студенттері тұрақты түрде көрмелерге қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдап отырады. Кафедра жанында «Жетіасар» көркемсурет галереясы жұмыс істейді.

Қазіргі таңда кафедрада 29 оқытушы ғылыми-ағарту, тәрбие жұмыстарымен айналысады. Олардың ішінде, 1-педагогика ғылымдарының докторы, 1-профессор, 5-педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, 1-ҚР Мәдениет қайраткері, 3- ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, 10-ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, 12- магистрі, 17-аға оқытушы және 7оқытушылар қызмет етеді.

Кафедрадағы ғылыми бағыт бойынша профессор – оқытушылар құрамы /ПОҚ/ ғылыми – практикалық және әдістемелік конференцияларға тұрақты қатысып келеді.

Кафедра өз жұмысын жақсарту мақсатында Республикамызбен Ресей, Өзбекстанның алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының көркем графика факультеттерімен байланысын арттырып, тығыз бірлестікте жұмыс істеуде.

Білім беру бағдарламасы «Дизайн» іске асыру университетінің миссиясына сәйкес жүзеге асырылады және іргелі білімі бар жаңа формацияның бәсекеге қабілетті мамандарды, инновациялық тәсілдерді, дизайн, бейнелеу өнері, сәндік өнер және кесіндеме саласында, ғылыми, оқу, кәсіптік және тәжірибелік іс-әрекеті үшін ғылыми-зерттеу дағдыларын дайындау.

  

 

Кафедра келесі мамандықтар бойынша мамандар дайындайды:

Мамандык: 5В042100 - Дизайн

Мамандану: 5В042100.01 - Сәулет дизайны, Ішкі корініс дизайны

5В042100.02 - Графикалық дизайны Мамандану: Жарнама дизайнері

5В042100.04 - Костюм дизайны Мамандану: Киім дизайнері

Дизайнерлік кабілеті жоғары эстетикалык талғамы калыптастырылған дизайнерлер дайындалады.

Мамандық: 5В041700 - Сәндік өнер мамандығы бойынша «Металды және баска да материалдарды  коркемдеп өңдеу» мамандану бойынша

Бакалаврдың кәсіби кызметінің обьектілеріне мамандар дайындайды.

Мамандық 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығы.

Бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімі болып жұмыс атқарады

Мамандық 5В041300-Кескіндеме мамандығы

Шығармашылық кескіндемеші болып жұмыс атқарады.

Кафедра келесі мамандықтар бойынша магистрлер дайындайды:

Мамандык: 6М042100 - Дизайн

Дизайнерлік кабілеті жоғары эстетикалык талгамы калыптастырылған дизайнерлер дайындалады және Жоғары оқу  орындарында оқытушылық қызметін атқарады

Мамандық 6М010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығы.

Бейнелеу өнері және сызу пәндері бойынша ЖОО оқытушы болып жұмыс атқарады

Мамандық 6М041300-Кескіндеме мамандығы

Шығармашылық еркін кескіндемеші және мектептерде, ЖОО-да оқытушы болып жұмыс атқарады.

 

03.02.2016ж.  Қ Р суретшілер  одағының  мүшесі,  Қ Р мәдениет  қайраткері, М.Әуезов  атындағы  ОҚМУ-дың « Бейнелеу  өнері  және  дизайн »  кафедрасының  профессоры  Айдосов Ануарбек  Нұрмаханұлының Қ Р Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  және  мерей  тойға арналған жеке  шығармашылық көрмесі  өтті.