Алғыс хат.

«Өнер» кафедрасының  меңгерушісі Тлеубаева Б.С мен «Қаракөз» би ұжымы «Түркістан-түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы мен түркі әлемінің «Наурызнама» мерекесін ұйымдастыруға белсене қатысқаны үшін «TURKSOY» бас хатшысы Дүйсен Қасеинов пен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Түймебаев. Ж атынан арнайы алғыс хат табыс етілді. Алғыс хатта алдағы уақытта да еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына сүбелі үлес қоса беретіндеріне сенім білдіріп, шығармашылық табыс тілейміз делінген.